400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Елін сүйген -Елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық тәрбие сағатының жоспары яғни сценариі. Бұл жерде Елбасымыздың өмірі, жүріп өткен жолдары жайында.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тексерілді ...........................
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М. Ж. Қоқымбаева

Пәні: сынып сағаты

Сыныптар: 4 «Г»

Мерзімі: 27. 11. 2018

Кабинет: 39

Сабақтың атауы

Елін сүйген Елбасы

Сабақтың мақсаты

Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық  сезімдерін арттыру. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Ресурстар

Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, буклет, кітап көрмесі, нақыл сөздер, слайд, видеоролик.

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту

Әдістер

Түсіндіру, сұрақ – жауап, іздену, ойындар.

Сабақтың барысы

Психологиялық ахуал

Қол ұстасып құрайықшы,

Шаттық шеңбер бәріміз.

Күлімдесіп тұрайықшы,

Жарассыншы сәніміз.

Арайлап атқан әр таңымыз қуаныш пен бақытқа толы болсын.

Мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықтарын ояту
Есте сақтау

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақ бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы. 2017 жылғы 12 сәуір
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын маңызды саяси-идеологиялық құжат деп айтуға болады. Себебі бұл мақалада ұлттық құндылықтарымыз, мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары туралы  айтылады. Біздің бүгінгі ең басты мақсатымыз — елімізді дамыған 30 елдің қатарына енгізу. Сондықтан Елбасы мақаласында заманға сәйкес жаңғыру, оның ішінде рухани жаңғыру мәселесі жан-жақты талданып, таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойылып отыр.
Елбасының бағдарламалық мақаласы — халықтың, қазақтың үлкен, ұлы мәселесі. Онда халыққа барлық мәселелер өте нақты түрде айтылған. Бұл бағдарлама біздің халқымызға керек, бұл — рухани дамуымыздың бағдарламасы. Сондықтан Елбасы айтқандай, рухани мәселелер бәрінен ең бірінші орында тұруға тиіс. Халықтың рухының бүтіндігі, халықтың жоғын тауып беру — бұл мәңгілік мәселе. Міне, осы мәселелерге Елбасы нақты тоқталып, өз мақаласында негізгі проблемаларды және оларды қалай өзгерту керектігін айтып берді.




Мағынаны тану

Түсіну
















Қолдану













Ой толғаныс

Талдау




1-жүргізуші.

Ауыр күнді артымызға тастауы,

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз – Нұрағаның бастауы!- деп, бүгінгі тәрбие сағатымызды Елбасымыз туралы видеороликпен бастайық.(видео)

-Гимн орындалады.

2-жүргізуші. Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.

1-жүргізуші.
Н.
Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі - Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті. Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі - Нұр, тағы бірі - Сұлтан. Анасының аты-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.  1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген.

2-жүргізуші.

Келесі кезекте «Таң нұр» биіне кезек берейік.Орындайтындар:Балтабай Айлира, Цой Диана.

1-жүргізуші.

Ал, енді келесі кезекті «Поле чудес» ойынына берейік.

Ойынның ережесімен таныстырайық.

  1. Дөңгелекті айналдыру арқылы, нұсқаушы тоқтаған жердегі суретті таңдау арқылы, сұраққа жауап беру.

2-жүргізуші.

Енді, бүгінгі тақырыбымызға байланысты оқушылардың тақпақтарын тыңдайық.

1-жүргізуші.Хор «Атамекен»









Қорытындылау

2-жүргізуші.

Отаным – қазақ елім, алға ұмтылған,
Өз елімде кезім жоқ сағым сынған.
Шалқыған ел шоқтығын көрсем деймін,
Бәсекелес елу елдің қатарынан.

1-жүргізуші.

Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында.
Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,
Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.
Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,
Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе 
«Елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


























№188 мектеп-гимназия





Тақырыбы:
«Елін сүйген Елбасы»

Picture 1


4 «Г» сынып жетекшісі:
Еркінбайқызы Н.



Алматы, 2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
395
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі