Тәрбие
сағаттың тақырыбы: Елін сүйген елбасы
Мақсаты: 1.Болашақ
ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы
мағлұмат
беру.
2.
Елбасының өмірін,
еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып,
патриоттық
сезімдерін арттыру.
3. Ел
Президентін құрметтеуге, егемен елімізге
қамқор бол білуге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
суреттер, слайд, шарлар, Н.Ә.Назарбаевтың
қанатты сөздері.
Әдіс-тәсілі:
түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі
Алаулаған
алабынан нұр тамып,
Қазақ
елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк
байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің
тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Гимні
орындалады)
ІІ.
Негізгі бөлім
Қайырлы
күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі
1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың тұңғыш Президент болып
сайланған күніне арналған «Елін сүйген
Елбасы» атты ашық тәрбие сағатымызды
ашық деп жариялаймыз.
Мұғалім: Осы
тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз
қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә
тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар
бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша
аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп
балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге
тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай
көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес.
Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару
1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.
-Н.Ә.Назарбаев
кім?
Слайд
арқылы Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянымен
таныстыру.
1-оқушы:
Бағдарлап
елдің ертеңін,
Тыныштық
тауып жатпаған.
Болашақ
үшін тер төгіп,
Үмітін
елдің ақтаған.
2-оқушы:
Қиялы
ұшқыр ойлы адам,
Әлемге
болған аты аңыз.
Ұрпақтың
қамын ойлаған,
Аман-сау
жүрші, Атамыз.
3-оқушы:
Нұрсұлтан
ата құтты болсын мерей тойың,
Сомданып,
тұлғаланып, өскен бойың.
Жер
шары әлемдегі барлық елдер,
Біледі
Президентіміздің ақыл-ойын.
4-оқушы:
Арманын
орындадың бабалардың,
Көтердің
көкшіл туын даналардың
Қазақтың
асқақтатар өр рухын,
Ақтадың
аппақ сүтін аналардың.
5-оқушы:
Ұл
едің қатарынан артық туған,
Еңбекке
жастайынан белін буған.
Танытып
әрбір елге белін буған,
Жастарға
жалын бердің білім қуған.
6-оқушы:
Отан
деген-әр адамның жүрегі,
Оған
ел де, жер де, су да кіреді.
Отанымды
бар әлемге паш еткен,
Президентім-мақтанышым,
тірегім.
7-оқушы:
Сәулесі
күн шатырлы аспан,
Кең
дала төсі толқыған егін.
Көлдері
күміс шашқан,
Қазақстан
–Республикам менің.
8-оқушы:
Толтырған
гүлге даланы,
Жайнатқан
ауыл қаланы.
Ардақты
атамекенім,
Отаным
Қазақстан.
9-оқушы:
Барша
қауым бейнеттен арылғанда,
Жаңа
ғасыр есігі ашылғандай.
Елбасы
тыным таппай ел кезіп жүр,
Ел
үшін Асанқайғы бабасындай.
Топтық
жұмыс
Егер
мен директор болғанымда...
Егер
мен Президент болғанымды...
Егер
мен әкім болғанымда...
«Үш
қоңыр» әнін орындау.
Сіз-әке
барша қазақ бәрімізге,
Жас
сәби үлкен-кіші кәрімізге.
Сіз
–басшы, халқың-қосшы бола бергей,
Жарасып
келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей
келе «Елін сүйген Елбасы» атты ашық
тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Тұңғыш
Президент күні құтты болсын!