Елін сүйген- елбасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Елін сүйген- елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»

Мақсаты: І.1.1.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметін таныстыру,марапаттары жайлы мағлұмат беру.

1.2. Елбасының бойындағы жеке қасиеттерін ашу арқылы балаларға үлгі ету.

1.3. Президенттің еліне деген сүйіспеншілігін

көрсету арқылы оқушылардың бойына Отанын

сүю, оны құрметтеу сезімін ояту,отансүйгіштік

қасиетіне тәрбиелеу.

ІІ. Дамытушылық: Өз ойларын сабақ барысында

жеткізіп айту және танымдық қызығушылықтарын

арттыру.

Көрнекіліктер:ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портреті,слайд арқылы Президенттің өмір кезеңдерінен үзінді суреттер,МузАРТ тобының орындауындағы «Үшқоңыр» атты әнінің бейнеклипі,көріністегі қаланың көрікті жерлерінің макеттері,Тәуелсіздікке 25жыл деп жазылған мата мен әуе шары,буклеттер.

Ұлдар тобы:«Адай»биі

1-оқушы: Елімнің атын айтсам- Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам- Қазақстан,

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығымның атын айтсам Қазақстан.


2-оқушы:Отан дейміз кең байтақ Астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ, өз үйіңнен басталады.

(өлең оқылып тұрғанда Қазақстанның кең байтақ даласының суреті

көрсетіледі) / 1-слайд

3-оқушы: Отан - әр адамның туып өскен жері, атамекені. Сондықтан әрбір адам Отаны үшін аянбай еңбек етеді, суретші суреті арқылы, ақын жыры арқылы сүйіспеншілігін білдіреді. Олай болса, тақтаға назарымызды аударып, Отанға деген сүйіспеншіліктен туған тамаша әнді тыңдайық.


(МузАРТ тобының орындауындағы «Үшқоңыр» атты әнінің бейнеклипі

көрсетіледі) / 2-слайд


Мұғалім: - «Осыдан дәлме-дәл жетпіс алты жыл бұрын, бір мың тоғыз жүз қырқыншы жылдың шілде айының алтыншы жұлдызында құт дарыған Жетісу жерінде, жыр дарыған Жамбыл елінде, қазақтың Қарасай батырының жетінші ұрпағы Назарбайұлының Әбіштің отауында дүниеге шыр етіп, маңдайы торсықтай ұл келген екен.»

Сұрақ: - Мен кім туралы әңгімелеп отырмын?

Жауап: - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев.

Мұғалім:Олай болса,тәрбие сағатымыздың алғашқы бөлімі «Елбасының өмірбаяны» атты кезеңге кезек берейік.

Рисунок 1







Екінші кезең: «Елбасыммен мақтанамын» (бұл кезеңде елбасымыздың марапаттары жайлы айтады)

Үшінші кезең: «Елбасына арнау» (оқушылар өздері шығарған өлеңдерін оқиды)

«Елін сүйген – Елбасы»

Қазақстан көркейіп өсе бергін,

Бақытты күндеріңді кеше бергін.

Өз елін ғашығындай жақсы көрген,

Менде сол баласымын өсер елдің.

Астанам әр қазаққа дара болар,

Бұл жерде білім алған дана болар.

Бас қалам жылдан жылға жайнай берсе,

Астанам әлемде жоқ қала болар.

Әр қазақ ұлты үшін алаң болсын,

Әрқашан бейбітшілік заман болсын!

Еңбегін аямаған ел жұртынан,

Елбасы Нұр атамыз аман болсын!

Хан көтерген қазақтар «Назарбаев»,

Ел сенімін ақтаған, Назарбаев.

Алғашқы да президент, Назарбаев,

Астананы көтерген, Назарбаев.

Атомнан да бас тартқан, Назарбаев,

Ел жағдайын жаңартқан, Назарбаев.

Қазақтарды әлемге танытқанда

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

Авторы: 3 «Б» сынып оқушысы Айтақын Сағи

Елін ойлап, еміренген елбасы

Елін ойлап, еміренген елбасы,

Елім аман болсын деген Елбасы.

Тәуелсіздік елімізге әкелген,

Аман болсын, Нұрсұлтандай Елбасы!

Қазағымның кең даласын қорғаған,

Бірлік пенен татулықты сақтаған.

Өзге елден кем қалдырмай қазақты,

Көк туымызды барлық елге танытқан.

Ел болып еңсемізді көтердік,

Елі бір елден кем қалмауды көздедік .

Елбасы мен болашаққа беттедік!

Авторы: 3 «Б» сынып оқушысы Секен Іңкәр

Төртінші кезең: «Елбасының арманы» атты көрініс

(елбасы жайлы интербелсенді тақтадан слайд жүріп тұрады)

(Елбасының балалық шағы)

Ойнап жүрген бала бұлақ басына келеді.Оның көзі бұлақ бастауына түседі:

Бала:Ой,мына бұлақтың көзі бітеліп қалыпты ғой,тазалайын.

Осы сәтте бұлақ басындағы аққу биін Шырынбек Сабина сомдайды.

Бұлаққа тіл бітіп:Ей,адамзат сен болмасаң күнім не болмақ?Тынысым тарылып,көзім бітіп қалған еді.Сізге алғысым шексіз!Жақсылыққа жақсылық жасасам деймін.Қандай тілеуіңіз бар,айтыңыз?

Бала: Мен есейіп ер жеткен соң,халқыма зәулім-зәулім сарайлар соқсам, жалтыр жолдар салсам,әр бүлдіршіннің арманы орындалатын білім ошақтарын тұрғызсам,еліме бұрын-соңды болмаған жағдай жасасам деймін.

(Осы сәтте елбасы ұзақ ойға кетеді)

(Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды,оқушылар әр сұраққа жауап беріп,бұлақ басындағы кірпіштерді қалау арқылы қаламыздың көрікті жерлерін пирамида етіп құрастырады)

1-сұрақ. – Қазақтың үш жүзінің басын қосқан елбасын ата?

2-сұрақ. –Ел арасында мынадай нақыл сөз бар. Сол сөздердің жалғасын тап:

Қасым ханның қасқа жолы,

Есімханның ескі жолы,

Нұрсұлтанның қандай жолы болуда?

- Нұрсұлтанның нұрлы жолы болуда.

3-сұрақ. -Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті қайда дүниеге келді?

4-сұрақ. – Қазақстанның бұрынғы астаналарын ата?

5-сұрақ. – Бәйтеректің ұзындығы неше метр?

6-сұрақ. – Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?

7-сұрақ. -Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторы кімдер?

8-сұрақ. – Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының сөзін және әнін жазған кімдер?

9-сұрақ. –Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы кім?

10-сұрақ. – Елбасымызға Нұрсұлтан деп есім берген кім?

11-сұрақ. –Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?

12-сұрақ. – Желтоқсан құрбандарын ата?

13-сұрақ. –Әлемде Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?

14-сұрақ. –Жоңғар шапқыншылығын талқандаған қаһарман батырларды ата?

15-сұрақ. –Ұлы Отан соғысының батырларын ата?

(Елбасының есейген шағы)

Ер жігіт: Сендер тәуелсіз еліміздің білімді ұрпақтарысыздар!Еліміздің гүлденуі,көркеюі,өсуі мына өскелең жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда!Міне,мен армандаған қала Есіл өзенінің жағалауында бой көтерді.Мен өз арманыма халқымның арқасында қол жеткіздім.Ата-бабамыз сыйға тартқан тәуелсіздігіміз мәңгі жасасын,қазағым!

Оқушылар:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»




Ортаға 1-сынып оқушыларын шақырайық.

1 -оқушы: Сарыарқа сайран төріміз,

Кең байтақ біздің жеріміз.

Егемендікке қол жетіп,

Тәуелсіз болды еліміз.

2 -оқушы: Ұмытпаймыз біздер әрқашан,

Тағдырдың берген бұл сыйын.

Еліміз болып тойлаймыз

Тәуелсіздіктің 25 жылдығын.

3 -оқушы: Қазақстан! Туды алтын дәуірің

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

4 -оқушы: Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егеменді ел бақыты ертеңі

О, халайық, құтты болсын қуаныш!

5 -оқушы: Тәуелсіздік – сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан – бұл азат ел, танысыңдар.

Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егемен, сан ұлты бар.

6 -оқушы: Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

7-оқушы: 25 жыл Тәуелсіз елміз!

Бұл көп асу.

Өзің үшін болашаққа жол ашу,

Өзге елдермен терезең тең болмаса,

Тар кезеңде бекер болар,

Тәуекел деп таласу

8-оқушы: 25 жыл Тәуелсіз елміз!

Бұл көп асу.

Болашақтың іргетасын қаласу.

Халқымызға хақ тағала жар болса,

Ұлы тарих көшімен,

Қол ұстасып әрі асу.



Исабай Ақжарқын мен ұлдар тобының орындауындағы «Жаса,Қазақстан!» әнін қабыл алыңыздар!

(Тәуелсіздікке 25жыл деп матаға жазылған сөзді әуе шарымен аспанға ұшырдық)









8


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
351
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі