Материалдар / Елін сүйген -Елбасы ашық тәрбие сабағы

Елін сүйген -Елбасы ашық тәрбие сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2020
405
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы »

мақсаты:

1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш президент»

жүргізуші:Назар Армысыздар құрметті ұстаздар оқушылар!

Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .

Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет.

Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!1 желтоқсан – Президент күніне орай өткізіліп отырған « Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймын!

Алғашқы құттықтау сөзді Родниковка селолық округінің әкімі Кузембаев Алтынбек Бисенбаевичке береміз

мектеп директоры Ашимов Нуржан Токтабаевичке береміз.

Нұржауған: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Алишер: Бүгінгі күн бізге ОҢАЙЛЫҚПЕН КЕЛГЕН ЖОҚ.Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді. (1-слайд)

Қазақстан дейтін менің бар елім .

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман! (Қ.Аманжолов)

Назар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Нұржауған: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

Яна Ән Елбасы

(Слайд көрсетіліп болғаннан кейін ән: «Елбасы») Айнура Крист Ксюша Саша Қазақстан Саша сосын Бекзат Алена

Алишер: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бүгінгі таңда Астана ең әсем, жас, әдемі, көрікті қалаға айналды.( презентация астанага )

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,

Жаңарып қалам, жасарып далам!

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

Ән: “Астана – бас қала” Сейтмухамбет Сунара

Жүргізуші : 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.

Егемен елімнің әнұраны жаңарды,

Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.( Мемлекеттік Рәміздер туралы презентация орысша ) Айнур Алтынбек Полина Данил Руслана

Ән : «Көк тудың желбірегені» орын : Ерасыл

Назар: Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел - Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Ән: « Нуржауған , Аружан»

жүргізуші: Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген:

«Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!


Хор «Атамекен»




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ