400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Елін сүйген Елбасы!

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елін сүйген Елбасы!

1-жүргізуші:

Армысыздар, қадірменді қонақтар,құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші

Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші:

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр көгіңде шырқалып.

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)

2-жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз мектеп директоры Ермағанбет Әскербай Балғабекұлына беріледі.

1-жүргізуші: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.

2-жүргізуші: Н.Ә.Назарбаев кім? Ол жайлы келесі Көркемнің баяндамасынан білсек.

1-жүргізуші:

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!-дей отырып,

Алдарыңызда қыздарымыздың биін тамашаласақ


2-жүргізуші:

Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік.(Диас, Томирис, Азат)


1-жүргізуші:Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.

2-жүргізуші

Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.

Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында " Жылдар сөйлейді" атты сахналық қойылымды тамашалаңыздар.

1-жүргізуші: Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр. Алдарыңызда Президентіміздің туған жеріне арнап жазған «Үш қоңыр» әнін қабыл алыңыздар.


2-жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
 
Бұл далада атам қолға ту алған,
 
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-дей келе оқушыларымыздың
өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.(Наргиз)


1-жүргізуші:

Беу, Туған жер! Сен ыстықсың біздерге.

Мыңдаған дастан жатыр Халқым басқан іздерде.

Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай

Даналықтың жырын жастар іздер ме?

2-жүргізуші:

Жыр жазам деп талпынады жас балаң.

Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.

Жүрегінің түкпірінен шығарып

Әннен шашу болды оған міне бір арман – деп

Темірлан мен Бақдәулеттің орындауында «Көк тудың желбірегені» әнін қабыл алыңыздар.

1 -жүргізуші:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
Ортадада қазақша би кетеді (Әке толғауы)

1) 1991 жылдың 1-желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78%) жеңіске жетті.

2) 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер бекітілді.

3) 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – ТЕҢГЕ айналымға енді.

4) 1995 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «АТА ЗАҢЫ» қабылданды.

5) 1997 жылы 10 маусымда жаңа АСТАНАның ресми тұсаукесері болды.

6) 1999жылдың 10қаңтарында өткен сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

7) 2005 жылдың 4- желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 пайыз дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды .

8) 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының Гимні қабылданды.

1- жүргізуші:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
2- жүргізуші:

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

5-сынып оқушыларының орындауында "Жаса Қазақстан" әнін қабыл алыңыздар


1-жүргізуші:

Бүгінгі Астананың нұры қандай!

Көгінде желбіреген Туы қандай!

Еуропаның төрінде билік айттық,

Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.-дей келе өлең шумақтарына кезек берсек. (Жасұлан, Аяулым, Ердос)


2-жүргізуші:

Төле би сөзімен бүгінгі күнгі іс-шарамызды аяқтаймыз.

Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
 
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
 
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
 
Атадан қалған сара жолым бар.

1-жүргізуші
«Осындай тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

2-жүргізуші:

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!

1-жүргізуші _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
449
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі