Тақырыбы: «Елін сүйген
-Елбасы»
Мақсаты:
1.
Балаларға Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев туралы
мағлұмат беру.
2. Елбасымыз құрметтеуге,
егемен елімізге қамқор бол
білуге тәрбиелеу.
3.Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға,
сақтауға, құрметтеуге
тәрбиелеу
Көрнекіліктер: суреттер,
буклеттер,
слайдттар
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу,
сұрақ-жауап.
Барысы:
І.
Ұйымдастыру
кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме,
балалар!
- Балалар, бізге көптеген қонақ апайлар
келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сәлемдесіп
алайық.
Үлкенге
де,
Кішіге
де.
Барша жанды
құрметтеп,
Бас иеміз
біз.
Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған
күніне арналған мерекелік іс-шарамызды ашық деп
жариялаймын.
- Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
- Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін
білесіңдер ме?
- Қыс мезгілі келеді
екен.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен
мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне
арналады.
- 1 желтоқсан күнін Президент күні деп
атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер
ме?
- Ал, балалар, мына суреттерге назар
аударайық.
- Балалар, бұл
кім?
- Балалар, сендер қандай елде
тұрасыңдар?
- Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де
Елбасымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз.
Елбасымыз Астана қаласында тұрады. Біздің Елбасымыз өте еңбекқор,
ақылды екен ол кісі барлық көрші мемлекеттермен
достық
- Еліміздің рәміздерін мына суреттерге қарап
білейік.
- Балалар бұл біздің мемлекеттік –
Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ
бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі
жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5
жұлдыз мемлекетіміздің жарқын
болашағы.
- «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ
екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс –
адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн
мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің
болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен
қырағылықты
бейнелеген.
Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді
білдіреді.
Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі
екен.
Балалар, бәріміз
бірге «Туды құрастыр»
атты
қызықты ойын
ойнайық.
-Балалар, біз нені
құрастырдық?
Балалар:
Туды.
- Тудың түсі
қандай?
Балалар:
Көк.
- Күннің түсі
қандай?
Балалар:
сары.
- Күннің пішіні
қандай?
Балалар:
дөңгелек.
Сергіту
сәті:
Бала, бала, балақан,
Қане қайсы алақан.
Саусақтарың әйбәт.
Былай – былай ойнат.
Топ- топ басайық,
Жалаудан күн
жасайық.
Жаса жаса алтын күн,
Жаса жаса жарқын
күн.
Қорытынды
бөлім.
Балалар біз бүгін сабақта кім
туралы айттық?
Балалар:
Нұрсұлтан Назарбаев атамыз туралы айттық.
Тәрбиеші:
Ол
кім?
Балалар:
Ол біздің елдің тұңғыш
президенті.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Біздің еліміз қалай
аталады?
Балалар:
Қазақстан!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Маған біздің елдің
рәміздерін атап беріңдерші.
Сіз-әке барша қазақ
бәрімізге,
Жас сәби үлкен-кіші
кәрімізге.
Сіз
–басшы, халқың-қосшы бола бергей,
Жарасып келе жатыр әніміз де,
сәніміз де,-дей келе, «Елін сүйген -Елбасы» атты тәрбие
сағатымызды аяқтаймыз.
Тұңғыш Президент
күні құтты болсын!