№60 Ж.Түменбаев атындағы орта
мектебі
1 желтоқсан –
Президент күніне арналған ашық тәрбие
сағаты
Сыныбы:
2
Сынып жетекшісі: Нұрхиясова
Назерке
1 желтоқсан – Тұңғыш
Президент күні
Тақырыбы: Елін сүйген
Елбасы.
Мақсаты: 1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
туралы мағлұмат
беру.
2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге
ете отырып,
патриоттық сезімдерін
арттыру.
3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен
елімізге қамқор бол білуге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд,
шарлар, Н.Ә.Назарбаевтың қанатты
сөздері.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу,
сұрақ-жауап
Барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі
Алаулаған
алабынан нұр тамып,
Қазақ елін
бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың
желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Гимні
орындалады)
ІІ. Негізгі
бөлім
Жүргізуші:
Қиялы ұшқыр
ойлы адам,
Әлемге болған
аты аңыз.
Ұрпақтың қамын
ойлаған,
Аман-сау жүрші,
Атамыз.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар,
оқушылар!
Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Елін
сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп
жариялаймыз.
Мұғалім:
Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай
жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ
жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп,
елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге
тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару
оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1
желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған
екен.
-Н.Ә.Назарбаев
кім?
1-оқушы:
Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры,
өте білімді, терең ойлы
тұлға.
2-оқушы:
Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы
облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге
келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы
білім алды.Ата-анасын қатты құрмет
тұтты.
Жасынан зерек, алғыр азамат өскенде металлург
мамандығын алып жұмыс жасаған. Ол халық қалауымен 1991 жылы1
желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып
сайланды.
3-оқушы:
Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз
міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті
жауапты әрі қажырлықпен атқаратын
адам.
4-оқушы: Нұрсұлтан ата-ақ пейілді,
сезімтал жан және біз үшін нағыз үлгі болар
тұлға.
Мұғалім: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы
облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының
есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі
Мырзабала беріпті.
Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы
бірі- Сұлтан. Анасының аты-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда
Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай
орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек
жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. 1967 жылы
Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу
орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда
біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан
Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде
«Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің
табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.
2-сынып
оқушыларының президент күніне арналған тақпақтарына кезек
берейік.
Айдын:
Нұрсұлтан ата
құтты болсын мерей тойың,
Сомданып,
тұлғаланып, өскен бойың.
Жер шары
әлемдегі барлық елдер,
Біледі
Президентіміздің ақыл-ойын.
Ерасыл:
Арманын
орындадың бабалардың,
Көтердің көкшіл
туын даналардың
Қазақтың
асқақтатар өр рухын,
Ақтадың аппақ
сүтін аналардың.
Ахмет:
Ұл едің
қатарынан артық туған,
Еңбекке
жастайынан белін буған.
Танытып әрбір
елге белін буған,
Жастарға жалын
бердің білім қуған.
Жансая
:
Отан деген-әр
адамның жүрегі,
Оған ел де, жер
де, су да кіреді.
Отанымды бар
әлемге паш еткен,
Президентім-мақтанышым,
тірегім.
Қамарсұлу:
Сәулесі күн шатырлы аспан,
Кең дала төсі толқыған егін.
Көлдері күміс шашқан,
Қазақстан –Республикам менің.
Нұрасыл:
Толтырған гүлге даланы,
Жайнатқан ауыл қаланы.
Ардақты атамекенім,
Отаным Қазақстан.
Елнұр:
Барша қауым бейнеттен
арылғанда,
Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.
Елбасы тыным таппай ел кезіп
жүр,
Ел үшін Асанқайғы бабасындай.
Мирас:
Жанарып ай жылдарым,жаңарып
күн,
Жаңғырып есімдері сан алыптың
Күн шуақты Астана бой көтерді,
Белгісіндей бейне бір
даналықтың.
Ботакөз:
Менің тұңғыш
президентім-мақтаным
Ес білгеннен есімін оның
жаттадым.
Елбасының саясаты арқасы-
Оңнан туса бүгін менің ақ
таңым.
Жансая :
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.
Елбасы елді қорғайды.
Халық қамын ойлайды.
Нұрзинат:
Жақсының айтады ел жақсы атын
Тұнық боп тумасынан басталатын
Елінің ертеңіне көз жіберген
Талмасын,Қыран Бүркіт,қос
қанатың!
Айару Сағынай:
Ауыр күнді артымызға тастауы-
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы
Тілім,дінім,ұлтым қайта
көтерген
Елбасымыз Нұрағаның бастауы.
Айару:
Астанам –бағы биік асқарымсың,
Астанам-мәңгі жарық аспанымсың.
Астанам пейіш қалам,ел арманы
Астанам –қайда жүрсаем
мақтаншым.
Жүргізуші: Президент болу кез келген адамның қолынан
келе бермейтін іс ,ол үшін жүректің батырлығы қажет болады.Ал
оқушылар егер де сендер президент болсандар алдыңғы кезекте не
істер едіңдер ? (Оқушылар кезекпен кезек жауап бере
бастайды)
(Президентке
байланысты видеороликті тамашалау)
Н.Ә.Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» деген
жинағынан оқушылардың жаттаған нақыл сөздері.
1-оқушы:
Бұл дүниеде біздің бір ғана
Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.
2-оқушы:
Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші
белгісі.
3-оқушы:
Салтанатты жарасқан қаласы
бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел
екендігімізді мақтан етейік! (Ботакөз)
4-оқушы:
Отаншылдық рухы бізге ауадай
қажет.
5-оқушы:
Отаны бірдің-тілегі бір,
жүрегі бір.(Жансая)
6-оқушы:
Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз,
мақтанышымыз.
7-оқушы:
Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.
Әлемде егемен Қазақстан бар.
Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы
бар.
Ең бастысы-бүгіннен нұрлы,
бүгіннен кемел болашағы барр. Сол күнге берік сенім
бар!
Жүргізуші:
Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың
басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді
жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда
тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана
біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз
деп білемін.
ІІІ. Қорытынды
бөлім.
Жүргізуші:
Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,
Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.
Сіз –басшы, халқың-қосшы бола
бергей,
Жарасып келе жатыр әніміз де,
сәніміз де,-дей келе «Елін сүйген Елбасы» атты
тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз.