400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Елін сүйген-Елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев күніне арналған, яғни 1-желтоқсан "Тұңғыш Президент" күніне арналған ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елін сүйген-Елбасы

«Болашақ»   балабақшасы

 «Ақыл»  мектепалды даярлық тобы.
                       


Мақсаты :  Балаларға Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың Тұңғыш президенті екені  туралы әңгімелеу, түсіндіру.Балалардың  сөздік  қорын  байыту,  есте  сақтау қабілеттерін  дамыту.   Отанын,  елін, жерін  сүюге тәрбиелеу,  патриоттық  сезімдерін  ояту.    

Шаттық  шеңбері :
Арайлап  таң  атты,
 Алтын  арай  таратты.
 Неткен  сұлу неткен көркем
 Осы  менің  туған өлкем.

-Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз ерекше болғалы тұр.1-желтоқсан «Тұңғыш Президент» күні тойлануда.Ал, балалар, тақтаға назар аударайық.

Тәрбиеші  :   -Балалар, еліміздің  президенті кім?
Балалар.     Еліміздің  президенті  Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Суретте не бейнеленген? .... карта

-Қай елдің картасы?.... ҚР-ның картасы

-Біздің еліміз қалай аталады? .... Қазақстан Республикасы

Тапсырма: Балалар,ендеше қазір өткен әріптерімізден мен сіздерге жұмбақ жасырамын.Мұқият тыңдаймыз.

«Оюда» бармын,
«Допта» бармын,
«Түнде» жоқпын.
Мен сонда қандай дыбыспын? (О)

Телеграф бағаны деп қаласың,
Насосқа ұқсастығын табасың. (Т)

Арықта бар

Сезімде жоқ.,

Балықта бар,

Теңізде жоқ.        

Бұл қай әріп ? ( А )

Ас біткеннің анасы,
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталып,
Аяқталған қарашы. ( Н )

-Өте жақсы.Ендеше, балалар қандай сөз шыққанын кім оқып береді?

-Балалар,Отан деп өзіміздің туған жерімізді,елімізді айтамыз

-Балалар ,ендеше, Отан, туған жер туралы кім тақпақ айтады?

  Ақжол:

Отан жерім, Отан-суым,
Отан  қуат нәр береді.
Отан-ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді.

Ақбота:

Цвети, мой край родной!

Цвети,мой Казахстан!

Живи мечтой одной,

Красив твой величавый стан!

Асемай:

О,Казахстан, как ты велик!

Люблю тебя за твой могучий лик:

За степи, горы, реки и моря,

За то, что ты-Родина моя!

Дәулет:

Отан деген-Атамекен,

Отан деген туған жер,

Қазақстан туған ел.

Гүлзада:

Казахстан-это имя страны,

Казахстан-это имя весны,

Казахстан-это имя свободы,

Казахстан-это солнечный свет.

Казахстан-это крылья побед!

Еліміздің  астанасы қай  қала?

-Біздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің көркеюіне ,жастарымыздың білімді болуына үлкен жұмыс жасап жатыр.Сондай-ақ елбасымыз рухани жаңғыру бағдарламасын енгізді.Бұл Президентіміздің 3 жаңғыруы болып табылады.Сонымен қатар балалар халықаралық деңгейде қандай іс-шаралар өткізілді?

-Бұл ненің суреті?

- Біздің рәміздерімізді кім айтады ?
  Балалар :   ту, елтаңба,  гимн.

Бағдат/ Аружан:
Желбірейді шалықтап,

Қазақстан жалауы.

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

Сымбат/Арайлым:
Әнұраны елімнің,

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның,

Болашағы бірлікте.

Батима/Ақбота :
Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат, әдемі.

Қос қанатты арғымақ,

Құт береке шаңырақ

Тәрбиеші  :1-ші  желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып
есептеледі.  Өйткені бұл күн  «Тұңғыш  президент күні».
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  еліміздің тұңғыш президенті.
1991 жылы  1-желтоқсанда халық өз таңдауымен  Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевты  президент етіп сайлады.
Гүлжазира:
Казахстан-большая страна,

И столица у нас Астана

Есть в столице один человек,

Ему люди верят вовек

Называем его Президент

Тәрбиеші :  -  1991 жылы 16-шы желтоқсанда ҚР-сы Тәуелсіз
Мемлекет болып жарияланды.  Содан бері  26 жыл уақыт өтті. Осы  тәуелсіздікке қол жеткізіп, еліміздің егемендік алуы, дамуы , жетістіктерге қол жеткізуі  еліміздің тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен  байланысты.

Тәрбиеші : -Н.Ә.Назарбаев  1940 жылы  6-шы шілдеде,
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы
Үшқоңыр  жайлауында  дүниеге келген. Оның балалақ шағы
таршылықта өтті.  Өйткені бұл кезде еліміз Ұлы отан
соғысының  зардаптарынан қиыншылықты бастан өткерген еді.  Қиыншылықтарға қарамастан  ол зерек, алғыр болды.Мектепте үздік оқыды.. Бала кезінде ұшқыш болуды армандады.

Тапсырма: Балалар , енді мен сіздерге геометриялық пішіндер беремін.Сол пішіндерден сіздер Астана қаласындағы бәйтерек пен Ақордамызды құрастырамыз.

Н.Ә.Назарбаевтың қол қойып, қаулы етуімен :
- 1992 жылы 4-ші маусымда Мемлекеттік Рәміздер қабылданды.
- 1993 жылы 28-қаңтарда  алғашқы  Ата Заң қабылданды.
- 1994 жылы  Ядролық қаруды тоқтату  туралы келісімге қол қойды.  Семей  полигоны  жабылды.
- 1997 жылы  «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасы қабылданып, жарияланды.
-1998 жылы  Астана қаласы  еліміздің бас қаласы астанасы болып  жарияланды.

Ерасыл:

Маған қымбат ұлы елімнің,

Шешек атқан әр гүлі,

Аялайды бәрімізді,

Азаттықтың таң нұры.

Қапуыр :
Тәуелсіздік таңын сүйем.

Таңмен бірге келді ме өлең.

Көк туына басымды ием,

Көгімдегі желбіреген.

Жаннұр:

Әнді алысқа жеткіземіз,

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз,

Тәуелсіздік ұлы күнді.

Қарлығаш:

Пусть на твоей земле,

Мой Казахстан прекрасный,

Смеются дети и цветут сады,

Не будет тесно людям разных наций.

Тапсырма: Балалар, келесі тапсырмамыз сіздерге Қазақстанның желбіреген жалауын әдемі етіп сырлауға беремін.  Суреттерді  көрсету.   Балаларға  сұрақ  қою.  
-  Балалар,  еіліміздің  тұңғыш  президенті  кім ?
-  1-ші  желтоқсан еліміз үшін қандай  күн?
 Балалардың  жауабы  тыңдалады.
Тәрбиеші :  Міне  балалар , еліміздің  тұңғыш президенті
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев елімізді  дамытуда талай
батыл  қадамдарға  барып, халқына арнап  үндеулер, жолдаулар  жолдап,  еліміз үшін  аянбай еңбек етіп келе жатқан азамат.  Ол  еліміздің  тұңғыш  президенті.

Ән. «Нұр-аға ».  Хор. 





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
426
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі