Материалдар / Елін сүйген-Елбасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Елін сүйген-Елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай жазылған шығарма. Мақсаты: Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаянымен таныстыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2021
357
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мыңбаева Ұлпан Серікқызы

«41 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Елін сүйген-Елбасы


«Қазіргі заман – өзіне сенетін арманы мен осы арманды іске асыруға ерік - жігері бар дарынды, қажырлы адамдардың уақыты»- деген Елбасымыздың данышпан сөзі ойыма оралып отыр. Елімнің болашағы айқын: өркениеті дамыған елдермен терезесі тең өмір сүру. Ал уақыт талап етіп келе жатқан дарындылық пен қажырлылық тек білім мен еңбек арқылы іске аспақ. Кез келген қазақстандықтың осы орайда өз елінің тарихы мен мемлекет тынысын біліп, зерделеп отыруы шарт деп білемін. Ендеше тамаша зерттеуші ғалым Шоқан Уәлихановтың өз кезінде «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деуі біз үшін аса кемеңгерліктің белгісіндей. Ұлт тарихын меңгере отырып, сан ғасырлар бойғы ел үшін, жер үшін жанын пида еткен ата - бабаларымыздың қанымен келген бүгінгі бейбіт заманымыздың төл перзенті екенімді әр кез мақтан тұтып, аса қадірлеймін. Мемлекетімізде тыныштықтың орнап, еліміздің жаһандану кезеңінде алға бағыт алуын, өркениетке бет түзеу секілді қадамдардың жасалуы – бәрі - бәрі басшы іскерлігі деп танимын. Басшының дүйім бір елді шебер басқаруына оның елге деген махаббаты халқының қолдауы үшін өте қажет . Шеберлігінің кілті – отансүйгіштік рухының мықтылығында болар. Ал туған Қазақстанымыздың басшысы – тұңғыш президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып отыр. Қазақ тарихы әріден басталады. Ал тәуелсіз Қазақстанның тарихи шежіресі, әрине, 1991 жылдан басталмақ.

1991 жыл – еліміздің 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының негізімен орнаған ұлттық - тарихи мәні жоғары тәуелсіздікке қол жеткізген жылы. Осы жылы дүниеге келген «Қазақстан» атты жас мемлекетті басқару ісі Н. Ә. Назарбаевқа жүктелген болатын. Шығыс ойшылы Фирдоусидің: «Алдыңда не күтіп тұр, соны ойла. Игі мақсатқа тура жүрген жетеді»,- деген даналық сөзін ұстанған басшы ел билеу тізгінін қолына алды. Әрбір қазақстандық азамат өз еліне басшы етіп сайлаған көсемінің өмір жолының қарапайымдылығын, я төре, я бай, я үстем тап өкілі емес, халық арасынан шыққан білімді де саналы тұлға екенін білуі керек. Еліміз Тәуелсіздік  алғаннан бері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасында тұңғыш елбасы болды. Елбасымыздың арқасында Қазақстан тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылды.Елбасының бастауымен еліміз  әлемге танылды. Елімнің елдігін көрсетіп, елдігін танытқан да осы елбасымыз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті. Ол-талантты тұлға. Өз елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат.Оның еліне жеріне деген махаббатын естімеу, көрмеу мүмкін емес.Біз оны елбасымызды әрбір ісінен,сөйлеген сөзінен, халыққа жолдаған жолдауынан білеміз.Қазақстанды тәуелсіз елдер қатарына  қосып, қажырлылық пен жұмыс жасау арқылы еліміз  ең үздік елу мемлекеттің қатарына кірді.Қазақ халқының атын әлемге танытқан алаш баласының абыройын асқақтатқан тұлға-Елбасы.

Мемлекет басқару – бұл өте қиын іс, мәртебелі міндет.Біздің Елбасымыз осы істерді атқаруға бар күш- жігерін жұмсайды. Елбасымыз жастарға көп көңіл бөледі, олардың тілектерін тыңдап, жастар  мәселелерін шешеді. Елбасымыздың игі істерінің бірі- мемлекетіміздің Тәуелсіздігі.Тәуелсіздіктің арқасында еліміз көркейіп, Астанамыз гүлденуде. Біздің елде тұратын жүз отыздан астам ұлт өкілдері бір-бірімен тату-тәтті тұрады. Елбасымыз шыдамдылықпен, еңбекқорлықтың арқасында әлемге танылды. Ең үздік саясаткер ретінде бүкіл әлем халықтарына әйгілі тұлға. Біз ең бай мемлекетпіз, халқымыз ең бақытты халық. Даламыз егісті, Ордамыз қеңісті! Елімнің елдігін көрсетіп, ерлігін танытқан да елбасы. Елбасының үздік еңбегі осы нұрлы күнге жеткізді. Табандылықпен жасалған істің, әрқашанда жүзеге асатынын біле отыра, біз де елбасымызбен бірге болашақты құру мақсатында жүргізіліп жатқан барлық шараларға өз үлесімізді қосамыз. Біз өз болашағымызға сенімдіміз, біз өзіміздің Елбасымызға сенім артамыз! Қазақстанның жаңғыруының, дамуының басты бағыты ретінді елбасымыздың  өзінің «Нұрлы Жол- болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдауынан білуге болады.  Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстанның  жаңа экономикалық саясатын дамытып, әлемде ең дамыған отыз елдің қатарына қосу деп білеміз. Біздің елбасымыз Қазақстан халықтарының мүддесі үшін қызмет етеді. Біздің ел басымыз әр сөзінде жастарды экономикалық жағынан дамыған, тәуелсіз және қуатты Қазақстанды салуға белсенді үлес қосуға шақырады. Қазақ халқының осындай биіктерден көрінуі, халықты бірлікке, еңбекқорлыққа, татулыққа шақырып отырған елбасымыздың алға қойған мақсаттарының арқасы. Мен осындай елде туып, өсіп  жатқаныма ризамын. Елбасының еңбектерін ерекше бағалап, құрметтеймін. Елбасы еліне сенеді, елі Елбасына сенеді. Жас ұрпақ, біз ертеңімізді Елбасымыздың басым бағыттарымен елестетеміз. Ауыр да сынағы мол жылдар артта қалды. Ендігі кезең жарқын жылдар болмақ...

Азаттықты ата- бабам армандаған, аңсаған Болдық міне, тәуелсіз ел, туын биік ұстаған Сол арманға жеткізген, тұнғыш патшам, Нұр ағам! Өз еліне тыныштық пен бейбіт өмір сыйлаған Қазақ елін бар әлемге танытқан Көп ұлтты Отаным бар, Қазақстан! Егеменді, тәуелсіз ел, туын көкке жеткізген Ел билеген, елбасымыз, аман болсын әрқашан!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!