400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Елін сүйген Елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық оқу қызметі: <Елін сүйген-Елбасы> Елбасымыз туралы, еңбек жолы, отбасысы туралы. Мемлекеттік рәміздер, валюта туралы мағлұматтар бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№39 «Хиуаз» балабақшасы ЖБҚМКҚК

Бекітемін

№39 «Хиуаз» балабақша әдіскері

Алмағанбетова З.Қ.___________________











Ашық оқу қызметі

Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»











Тәрбиеші: Токабаева У















Ақтау 2021ж

Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»
Мақсаты: Елбасымыздың туып-өскен жері,өмір жолы,қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Гимн орындалуы. Балаларды Отан, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеу,тіл белсенділігін, сөйлеу қабілетін, логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру.  Тәрбиеші: Балалар,орнымыздан тұрып келген қонақтармен амандасайық.
Бүгінгі 1-желтоқсан күніне арналған «Тұңғыш Президент» атты ашық оқу іс-әрекетімізді гимнмен бастайық. Балалар,айтыңдаршы біздің республикамыз қалай аталады?
(слайд-Қазақстан картасы)
Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар, балалар, біздің Республикамыз Қазақстан.
Қазақстан республикамыздың жері дүниежүзінде көлемі бойынша тоғызыншы орында. Осы кең байтық жерімізді,елімізді, республикамызды басқарып отырған адам бар,оны біз елбасымыз, президентіміз дейміз.
Айтыңдаршы,балалар, біздің Қазақстан Республикамыздың президенті кім екен?
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, біздің тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев. (Слайд,Президенттің суреті)
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940жылы,6 шілдеде Алматы облысы, Қасқелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген Балалық шағы таршылық жағдайда өткен.Үлкендерге мал бағуға, бау-бақша өсіруге,отын жаруға көмектескен.
Жасөспірім шағында Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.. Ата-анасын қатты құрметтеген,өсе келе жоғары оқуға түсіп, еңбек етіп, 1991 жылдың 1желтоқсанында Қазақстан республикасының президенті болып сайланған. Енді елбасымыздың отбасылық жағдайына келетін болсақ, әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбайдың шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болған. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін.  Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келген.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара,Әлия. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (17 мамыр 1953 жыл, Алматы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі (1999-2002), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (16.10.2013-20.03.2019).  2019 жылдың 20-шы наурызынан бастап Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Әкесі – Кемел Тоқайұлы Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы. Шешесі – Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен. Әйелі: Надежда Давыдовна Тоқаева (1957)Ұлы: Тимур Қасымжомартұлы Тоқаев (1984)[10] - саясаттану ғылымының кандидаты, бизнеспен айналысады.

Балалар, ал, жақыннан бері 1 желтоқсан Президент күні аталып тойланатын  болды. Осы мерекеге байланысты, біздің тұңғыш президентімізге арналған кімнің дайындап келген тақпақтары бар? Жақып: Ел басымыз жолдайды
Халық оны қолдайды
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды
Мадина:
Тәуелсіздік елге сыйлады
Бейбітшілікті қолдайды
Орындалып арманы
Халқымызда ажарлы
Осының бәрі әрине Елбасының арқасы
Ақнәзік:
Ел басы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды
Осындай жақсы адамның
Жақсылығы тарайды.
Жасмин:
Бағдарлап елдің ертеңін
Тыныштық тауып жатпаған
Болашақ үшін тер төгіп
Үмітін елдің ақтаған
Тәрбиеші: Жарайсындар,балалар! Елбасымыз оқып, білім алған, жұмыс жасаған жылдарына тоқтайық. 1960 жылы Днепродзержинск қаласының № 22 кәсіптік лицейін бітірді. 1965-1969 жылдары Қарағанды металлургия комбинатында (1966 жылдан - зауыт) қайта жұмыс істеді: диспетчер, газ маманы, домна пештің дүкеніндегі аға газетші. 1969-1973 жылдары - Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы партиялық, комсомол жұмысында. 1973-1978 жылдары - Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің хатшысы. 1978-1979 жж. - хатшы, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы. 1979-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болды. 1984-1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы. 1989-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы. 1990 жылғы 14 шілдеден бастап 1991 жылғы 23 тамызға дейін - КОКП Орталық Комитетінің Саяси бюросының мүшесі. КОКП Орталық бақылау комиссиясының мүшесі (1981-1986). (1981-1986). КОКП Орталық комитетінің мүшесі (1986-1991). Балалар, мемлекет республика болған соң оның мемлекеттік рәміздері болу керек. Ал біздің Қазақстан республикамыздың мемлекеттік рәміздері қандай? Балалар: Ту, елтаңба, әнұран. . Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,балалар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні. Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: ЖұмекенНәжімеденов,  Нұрсұлтан Назарбаев. Ал енді, рәміздерімізге байланысты тақпақтарымызды айтайық. Еркежан: Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен - тек
Елдің ашық қабағы.
Ясмина: Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Өсер Әлі: Құт береке – шаңырақ
Орын алған – ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Нұрболат:
Тәуелсіздік жолында
Талай - талай тер тамған
Билігім өз қолымда
Еркіндігім – елтаңбам. Сергіту сәті: «Жұмыр қылыш» Тәрбиеші: Балалар, Қазақстан республикамыздың ұлттық валютасы қандай? 1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев”Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы” жарлық шығарды. Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді. Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәрбиеші: Балалар,елбасымыздың жұмыс жасап, еңбек ететін орны бар.Ол Қазақстанның бас қаласында орналасқан, ал ол қай қала екенін Гүлзада айтып берсін. Гүлзада: Ел ордам менің – Нұр-сұлтан,
Осында жаңа бастама
Сәулетті зәулім үйлер көп,
Көрікті сондай жас қала.
Тәрбиеші: Жарайсындар,балалар! Сендерге менің дайындап қойған тапсырмам бар. Алдарына берілген Бәйтерек суретін бірінші желімдейсіңдер, сосын тұз жапсырып әшекейлейсіңдер.Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалайды.
Д/ойын: «Кім шапшаң?» Шарты: Берілген сұрақтарға шапшаң жауап береді.
Тәрбиеші: Туымыздың түсі қандай? Балалар: Көгілдір
Тәрбиеші:Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Қасым Жомарт Тоқаев Тәрбиеші:Қазақстанның туында не бейнеленген?
Балалар: Күн, қыран құс, ою- өрнек Тәрбиеші:1 желтоқсан күні қандай мереке?
Балалар: Елбасы күні Тәрбиеші:Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін атаң.
Балалар:Ту, Елтаңбаә Әнұран Тәрбиеші: Оң қолымызды жүрек тұсына қойып қандай ән айтамыз?
Балалар:Әнүран Тәрбиеші:Қазақстанның бас қаласы қай қала? Балалар:Нұр-сұлтан Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар өте ақылды, алғыр балалар екенсіздер. Білімдеріңді шыңдап, тәлім мен тәрбие алып жүре беріңіздер. Сау болыңыздар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
365
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі