Қарасу орта жалпы білім
беретін мектебі

тәрбие
сағаты

Өткізген:Нұрмуханова
С.Т.
2017-2018 оқу
жылы
Тақырыбы: Елі сүйген, елін сүйген –
Елбасы.
Мақсаты: а) Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев туралы жан-жақты
түсінік қалыптастыру, елбасының
қоғамға және мемлекетке
сіңірген еңбегі туралы білімін кеңейту.
ә) Жеке тұлғаның зияткерлік
дамуын өз біліміне іздену, оқу
арқылы қалыптастыру,
шығармашылық қабілетін дамыту.
б) Ел президентін
құрметтеуге,отан сүйгіштікке, өз елін,
жерін
құрметтеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың
суреттері,
интерактивті тақтамен
слайд.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
бөлімі:
Кіріспе
сөз: Биылғы жыл өздеріңіз
білесіздер еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл. Тәуелсіздік! Ата
бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бөліп, армандаған – Тәуелсіздік.
Тәуелсіздікке қол жеткізу қандай қиын болса, оны сақтап, іргесін
нығайту жолыңда да қиындықтар аз кездеспейді. Осындай қиындықтан,
дағдарыстан алып шығып егеменді еліміздің іргесін нығайту үшін
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және басқа ел ағалары, жалпы
халық болып жан аямай бар күш-жігерін жұмсады. Бүгінгі күн соның
айғағы.
(Слайд арқылы Н.Назарбаевтың
фотосуреттерін көрсету.)
Сұрақ-жауап
-
Балалар қазір біздің
мемлекетіміз қандай?
-
Осындай көшбасшы елдердің
қатарына жетелеген елбасшымыз кім?
-
Ең алғаш Президентіміз қай
уақытта сайланды?
-
Біз Президентіміз жайында не
білеміз?
( Слайд. Өмірбаяны.
)
1-оқушы:1990 жылы 25 қазан Егемендік
туралы декларацияға қол қойылды.
Арманға ақыр жеттік, ел болдық
егемен,
Ойда жоқта түкен жоқ ол
төбеден.
Тарихи сол күрестердің тартуы
ол,
Аруақ қолдап, әділ шындық
жебеген.
2-оқушы:
Барша қауым бейнеттен
арылғанда,
Жаңа ғасыр
ашылғандай.
Елбасы тынып таппай ел кезіп
жүр,
Ел үшін Асанқайғы
бабасындай.
3-оқушы: Біз шын мәнінде Президент
Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси
көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық
мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан
етеміз.
4-оқушы: «Ақылмен іс қылған бек елге
сүйкімді болады» - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, Нұрсұлтан Әбішұлы
саясаткер, ғалым және стратег ретінде қысқа кезең ішінде тәуелсіз
мемлекеттің оң жетістіктерге қол жеткізе алатындығын бүкіл әлем
алдында дәлелдеп берді.
Еліміздің тәуелсіздік алуы,
халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін
ашты,
бүкіл қоғамдық өмірімізде жаңа
леп, серпін ала келуі.
Осындай тәуелсіз елдің басшысы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ұлттық дәстүрде тәрбиеленген,
халқының бар қадір- қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын,
мәдениетін, әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын
жан-тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп келе жатқан халқының
үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды
азамат.
Нұрлыбек - Н.Ә.Назарбаевтың
сөзін оқиды.
І. Жалғыз Отан – тәуелсіз
Қазақстан
1. Бұл дүниеде біздің бір ғана
Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
2. Отанды сүю –
өркениеттіліктің бірінші белгісі.
3. Салтанаты жарасқан қаласы
бар, ұшан-теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел
екендігімізді мақтан етейік!
4.Отаншылдық рухы бізге ауадай
қажет.
5. Отаны бірдің – тілегі бір,
жүрегі бір.
6. Отбасы – Отанның
ошағы.
ІІ. Тәуелсіздік – тәуекелі
тұрғындардың еншісі.
Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі
бар.
Әлемде егемен Қазақстан
бар.
Оның көп ұлтты, тату,
ынтымақшыл халқы бар.
Қуатты экономикасы, сенімді
саяси жүйесі бар.
Ең бастысы – бүгіннен нұрлы,
бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім
бар!
Қорытынды: Мемлекетіміздің жоғарғы
лауазым президенттік қызмет- елдің, халықтың, үміті мен сенімін,
бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті
Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы, мәдениетін
құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана
атқарала алады.