400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Елін сүйген Елбасы" ашық іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне ашық іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Елін сүйген Елбасы»

Мақсаты: 1. Балаларға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мәлімет беру. 2. Сахна мәдениетін үйрету.

3. Елбасын үлгі тұтуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд, суреттер

Кейіпкерлер:

Әже- Назира

Сұлтан-Айболат

Білгішбек-Құнайып

Балалар қолдарына ту ұстап,бір қатармен әуен залына кіреді.

Тәрбиеші:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз

Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан түр егіз.

Тәрбиеші:

Биіктей бер Нұр аға,

Қыран қанат талмасын.

Қадірлемей тұра ма,

Халық сіздей тұлғасын?!

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арналған 1-желтоқсан Президент күніне орай өткізіліп отырған «Елін сүйген Елбасы» атты «Айгөлек» тобының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.

Тәрбиеші: балалардың орындауында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні.

Слайд

Тәрбиеші: Балалар экранға назар салайықшы, мына суретте кім бейнеленген?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білеміз бе?

Тәрбиеші: Ол біздің түңғыш Елбасымыз.

Тәрбиеші: Қазіргі уақытта президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атамыз.

Тәрбиеші: Дұрыс балалар. Сендердің ата аналарың жұмыс істегендей, Елбасының жұмысы ел басқару. Елбасының жұмыс орыны қайда, кім біледі?

Балалар: Нұрсұлтан қаласында.

Тәрбиеші: өте жақсы. Нұр-Сұлтан қаласында тағы не бар?

Балалар: Бәйтерек бар.

Тәрбиеші: Дұрыс! Бәйтерек-еліміздің символы.

Тәрбиеші: Ендеше кезекті балаларымыздың Елбасына арнаған өлең жолдарына берейік

Әли

Қазақ елі Қазақстан

Болашаққа үн қосқан

Жақсы күнге жетелеп

Елбасым менің-Нұрсұлтан

Әдина

Орындалып арманы

Халқымызда ажарлы

Осының бәрі әрине

Елбасының арқасы

Азим

Қазақтың туын ұстаған

Болашақ жолын нұсқаған

Нұр ата аян ғаламға

Беделі биік, күшті адам!

Жанерке

Елбасы елін қорғайды

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды.

Айзере

Гүлдене бер Отаным,

Көтерген туын Нұр атам!

Көбейткен достың қатарын

Нұр ата-біздің ұлы адам

Тәрбиеші: Ендігі кезекте біздің, ұлдарымыздың «Қазақстан» биін қабыл алыңыздар.

Бекжан, Әмірхан,Азим, Бекарыс,А.Айсұлтан,Димаш,Абухаир, Ернар,Т.Алихан,М.Алихан, Нұртай,Жансұлтан

Көрініс «Балалық шағымның аспаны»

Әже: Піссімілда рахмани рахим. Адам ата жаратқан иемнің тілін алмады. Алла тағалам сол үшін де оларды жұмақтан қуып жіберді балам.

Сұлтан: әже сосын не болды?

Әже: сосын, олардың ұрпағы көбейіп, дүниенің төрт бұрышына кеңінен тарап кетті.

Сұлтан: әже, біз қайдан пайда болдық?

Әже: бізде сол адам атадан тарағанбыз. Менің құлыным жігіт болып қалыпты ғой! Әр қазақ өзінің жеті атасын жете білуі керек. Сұлтан мені тыңда да, жадыңда сақта. Жарай ма?
Сұлтан: Жарайды.

Әже: Сенің арғы жетінші атаң, Айдар болған.

Сұлтан: Айдар.

Әже: Айдардан кейін Мырзатай.

Сұлтан: Мырзатай.

Әже: Мырзатайдан кейін Кенбаба

Сұлтан: Кенбаба

Әже: Кенбабадан кейін Еділ

Сұлтан: Еділ

Әже: Еділден кейін Сабақбай

Сұлтан: Сабақбай

Әже: Сабақбайдан кейін Назарбай

Сұлтан: Назарбай

Әже: Назарбайдан кейін Әбіш

Әже: Айналып қане кетейін, ал Әбіштен зарығып күткен, сені берді Жаратқам ием.

Сұлтан орнынан тұрып кетеді. ұшақтың дауысы шығады.

Әже: Әй қайда кеттің. Астапыр Алла.

Сұлтан: Алақай-алақай самолет! Мен де ұшқыш болғым келеді.

Залды бір айналып жүгіріп шығып, аспанға қарап тұрады.

Әже: боласың балам, боласың. екеуі ұшаққа қарап,

Тәрбиеші: балалар осы көріністе кім туралы айтылды?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Тәрбиеші: Балалар, Сұлтан кім болғысы келді?

Балалар: Ұшқыш

Тәрбиеші: өте жақсы. Сұлтан ұшқыш болғысы келіпті.

Күтпеген сәт: Білгішпек

Білгішпек: сәлеметсіңдерме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Білгішбек: мен сендердің мерекелеріңе Нұр-Сұлтан қаласынан келдім. Сендердің білімдеріңді тесергім келіп тұр. Сендер еліміздің рәміздерін білесіңдер ме?

Балалар: Иә білеміз. Мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік гимн.

Слайд қосылады.

Білгішбек: Балалар, біздің мемлекеттік туда не бейнеленген? Туымыздың түсі қандай?

Балалар: Күн, қыран құс, ұлттық ою. Түсі көк.

Білгішпек: балалар мынау ненің суреті?

Балалар: Мемлекеттік Елтаңба.

Білгішбек: Мемлекеттік Елтаңбада не бейнеленген?
балалар: Шаңырақ, қанатты тұлпар, жұлдыз.

Білгішпек: Барлығың білімді, Рәміздерді жақсы білетін балалар екенсіңдер.

Тәрбиеші: Иә,Білгішпек біздің балалар өте ақылды, рәміздер туралы өлең де біледі.

Қаламқас

Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте

А.Айсұлтан

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада-аспан әлемі.

Нұртай

Әнұраным-жан ұраным,

Айтар әнім-сөйлер сөзім.

Мәңгі бақи шарқалады,

Республика әнұраны

Бекарыс

Мемлекеттік әнұран

Дауысы оның жаңғырған

Бойыңа рух береді

Саян

Қасиетті елтаңба

Ортасында шаңырақ

Шаңырақты шайқамай

Көтеріп тұр қос пырақ

Тәрбиеші: Ортаға ұл- қыздарымызды «Әскери Вальс» биімен шақырамыз.

Айболат-Әдина,

Айбын-Айғаным,

Әли-Қаламқас,

Саян-Жанерке,

Жанназар-Айшолпан,

Айым-Е.Айсұлтан,

Зере-Бекжан

Тәрбиеші: келесі кезекті балалардың өлең жолдарына береміз

Айғаным

Ақ ниеті-алтын күн

Асқақ арман-қыраны

Жалауы бұл халқымның

Мәртебесі, мақтаны

Жанназар

Қуат алған өзіңнен

Туған елдің ұлымын

Бақытты етіп өсірген

Отанымның гүлімін

Жансұлтан

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

Айшолпан

Азаттық теңдік әлемі

Шаттыққа елді бөледі

Тағдыры тарих өрелі

Көк тудың желбірегені

Айсұлтан

Елбасы елді қорғайды

Халық қамын ойлайды,

Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды

Білгішбек балалар сендердің өнерлерің қатты ұнады маған. Енді сендермен көңілді ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Асық ату»

Білгішбек Балалар, сендермен ойын ойнаған ұнады. Енді мен басқа балаларға барып, мерекемен құттықтап қайтайын. Сау болыңдар!

Балалар: сау болыңыз!

Тәрбиеші: балаларды өлең жолдарымен ортаға шақырамыз.

Айбын

Отан тарих, Отан тіл

Жасаған елің, ер халқың

Отан-өлең, Отан-жыр

Көтерген көкке ел даңқын

Еркеназ

Тәуелсіздік жолында

Талай талай тер тамған

Билігім өз қолымда

Еркіндігім Елтаңбам

Ернар

Көк байрағы бабамның

Бүгінгі ұрпақ алауы

Тірегі әке-баланың

Қазақстан жалауы

М.Алихан

Алтын дәндә даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен көркем, неткен сұлу

Осы менің туған өлкем!

Әмірхан

Отан менің ата анам

Отан досым бауырым

Отан өлкем,астанам

Отан туған ауылым

Тәрбиеші: Ендігі кезекті балалардың «Отан менің ата-анам» әнін қабыл алыңыздар!

1.Отан менің ата анам

Отан досым бауырым

Отан өлкем,астанам

Отан туған ауылым

Ля-ляя-ля-ля-ля-ля

2. Отан тарих, Отан тіл

Жасаған елің, ер халқың

Отан-өлең, Отан-жыр

Көтерген көкке ел даңқын

Тәрбиеші: балаларды өлең жолдарымен ортаға шақырамыз.

Айсана

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді,бағалап

Өйткені Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.

Айым

Ақ ниеті алтын күн

Асқақ арман-қыраны

Жалауы бұл-халқымның

Мәртебесі мақтаны.

Т.Алихан

Азаттық, теңдік әлемі

Шаттыққа елді бөледә

Тағдыры тарих өрелі

Көк тудың желбірегені!

Бекжан

Елбасы елді қорғайды

Халық қамын ойлайды

Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды

Тәрбиеші: Ортаға қыздарымызды «Қазақстан жалауы» биімен шақырамыз.

Әдина, Айсана, Айым,Дария, Айзере,Еркеназ

Тәрбиеші: Кезекті балаларымыздың өлең жолдарына берейік

Зере

Елбасы елін қорғайды

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды.

Дария

Отан менің ата анам

Отан досым бауырым

Отан өлкем,астанам

Отан туған ауылым

Димаш

Отан тарих, Отан тіл

Жасаған елің, ер халқың

Отан-өлең, Отан-жыр

Көтерген көкке ел даңқын

Абухаир

Гүлдене бер Отаным,

Көтерген туын Нұр атам!

Көбейткен достың қатарын

Нұр ата-біздің ұлы адам

Тәрбиеші:

Орындалып арманы

Халқымызда жарлы

Осының бәрі әрине

Елбасының арқасы -дей отырып, бүгінгі «Елін сүйген Елбасы» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көріп, тамашалағандарыңызға рахмет. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!










БЕКІТЕМІН:________________

Зайсан қала әкімі аппаратының

«Зайсан қаласындағы «Еңлік»

бөбекжай-бақшасының

меңгерушісі А.Досбаева




«Елін сүйген Елбасы»

Ортаңғы «А» тобы

Picture 1


Тәрбиешілер: Асқарова І

Даниярқызы А

Музыка жетекшісі: Бекшойнова А

Тексерген: Боржикова Л




2019-2020 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
346
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі