15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Елін сүйген-Елбасы" тәрбие сағаты
Ашық
тәрбие
сағаты
«Елі
сүйген,
елін сүйген-Елбасы»
Мақсаты:
1.қазақ
халқының
тұңғыш
президенті
Нұрсұлтан
Әбішұлы
Назарбаевтың
өмір
жолы,туып-өскен,оқып
білім алған,
қызмет
еткен
жерлері
туралы
мағлұмат
беру;
2.елбасының
өмір
жолынан
үлгі
ала
отырып
Отанын,халқын сүюге,
ержүректілікке,азаматтыққа,
патриоттық
сезімге тәрбиелеу;
3.шәкірт
жүрегінде
елбасына
деген
сүйіспеншілік
сезімін
ояту,құрметтеу.
Көрнекілігі:слайдтар
көрсету,үнтаспа,
шарлар,суреттер,буклет
«
Нұрсұлтан
Назарбаев-тұңғыш
президент»
Біздің
Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев
Барысы:
Әнұран орындалады.
Елбасымызға
арнап Тұманбай Молдағалиев «Есіл ер»
атты өлең жазыпты. ----Кәнекей кім осы
өлеңді жатқа айтып береді?
(4-сынып)
1-оқушы:
Сөйлесіп бір жүрген
қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да, халықпен
бірге тоясың.
Жастықтың жалын
шақтарыменен бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның бақтарыменен бірге
жапырақ жаясың.
2-оқушы:
Халықтың
мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры
жырлар жыр,
Көкірегіңде көнермей
әлі өткен де кеткен жылдар жыр,
Соңына
ердік сол ғана бізді жеткізеді деп
бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді,
бақытсыздықтан құр қалдыр.
3-оқушы:
Нұрсұлтан
бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп
жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл
кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз
сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда
сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп
өкілісің сен жіберген.
4-оқушы:
Жесірге
пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі, баланың тілі сөйлей
білесің не тілде.
Қалам тербесек
жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,
Саған
сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің
бетінде...
Жүргізуші:
Армысыздар,
бармысыздар
құрметті
ұстаздар,
оқушылар
және
қонақтар!
бүгінгі
Тұңғыш
Президент
күніне
арналған
«Елі
сүйген,
елін сүйген-Елбасы»
атты
ашық
тәрбие
сағатымызға
қош
келдіңіздер.
Балалар сендер
қалай
ойлайсындар,
осы
Қазақстан
Республикасы
осындай
дәрежеге
жетіп,
көк
туымыздың
астында
бейбіт,
молшылық,
татулықта
өмір
сүріп
жатқанымыз
кімнің
арқасында?
-Н.Назарбаев
-Әрине
Қазақстанның
атын
сонау
шет
мемлекеттер
танып,
астанамыз
көркейіп
жатқаны
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың
арқасы.
1991 жылы
16 желтоқсанда
Қазақстан
тәуелсіз
республика
болып
жарияланды.
1991
жылы
1 желтоқсанда
Қазақстанның
Елбасшысы-
Президенттің
сайлауы
болды.
Тұңғыш
Президент
болып
Нұрсұлтан
Әбішұлы
Назарбаев
сайланды.
-Қазақстанның мемлекеттік қайраткері, ғалым.
Осы біздің Отанымыз қандай сол жайлы видео көрейік.
-Балалар Қазақстан тәуелсіздігіне міне 26 жыл болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды?
Мөлдір:
-
Мемлекетіміз
тәуелсіз
ел
боп
жарияланғалы
бері
әрине
дамыды,
экономикасы
да,
білім
беру
саласы
да,
медицина
саласы
да,
өндірісі
де,
шет
елдермен
байланысы
да.
Барлығы,
елбасымыздың
саясатының
негізінде
емес
пе?
бірақ
сол
тәуелсіздікке
де оңай
жете
қоймадық
қой.
Қаншама
бабаларымыз,
аталарымыз,
Қайрат
пен
Ерболдай
ағаларамыз,
Ләззаттай
әпкелеріміз
тәуелсіздік
жолында
құрбан
болды.
Балалар
президент болу оңай
жұмыс па? Жоқ әрине. Ол туралы толық кім
айтып береді?
5-оқушы:
Н.Назарбаев-бәрінен
бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын
терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті
жауапты әрі қажырлықпен атқаратын
адам.Ол әр қадамын шын мәнісінде өте
мұқият есептейді: ол үшін саясатшы
болу-бойға біткен дарынмен қатар күн
сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
Жүргізуші:
-Жақсы Елбасымыздың балалық шағына назар аударайық.
6-оқушы: 2 слайд
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді.
6-оқушы:3
слайд
Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл
облысы Қордай ауданы Қасық ауылындағы
молданың отбасында дүниеге келген.
Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге
келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл
арасында ән салу мен суырыпсалмалық
өнерден оның жарқын жүзді Әлжан
ұлынүлкенді құрметтеуге, сыйлауға
юаулыды, оның ұлттық дәстүрлерге,
ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын
оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс
болады.
7-оқушы: 4 слайд
Әкесі Әбіш1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайыс болды.
8-оқушы: 5слайд
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
19-оқушы:7 слайд
Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. (8 слайд) Алғашқы ұстазы Ысмайлова Тәкура Алғадайқызы болатын.
10-оқушы:
Ол
ерте есейді, орта мектепті бітіре
салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі
Қарағанды металлургия комбинатының
көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста
біраз еңбек еткеннен кейін бір топ
қазақстандықтармен Украинаның
Днепродзержинск қаласына барып металлург
–жұмысшы мамандығын меңгерді.
Ал
кейінірек инженер дәрежесіне
көтерілді.
13-оқушы:
Сол жылдары
оның басшылық қасиеттері жарқырап
көрінді.Қалалық, облыстық және
республикалық көлемде басшы органдарда
жауапты қызметтер атқарды.
14-оқушы:Ол
Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста
болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны
басталады.
15-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда
республика жұртшылығы тұңғыш рет
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
Республикамыздың Президенті етіп
сайланды.
1-жүргізуші:
балалар сергіту сәтінде бір ойын ойнап
алайық
«Тапқырлар»
ойын
Отан,
туған жер туралы мақал – мәтелдердің
жалғасын табу. Әр топ 2 мақалдан алады.
•
1. Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.
•
2. Орағың өткір болса, қарың талмайды,
Отаның берік болса, жауың алмайды.
•
3. Елінен безген ер болмас, Көлінен безген
қаз болмас.
• 4. Егілмеген жер жетім,
Елінен айырылған ер жетім.
• 5. Ерінен
айырылған көмгенше жылайды, Елінен
айырылған өлгенше жылайды.
•. 6. Туған
жер — тұғырың,
Туған ел — Қыдырың
11-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
12-оқушы:1992
жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер
Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба
авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман
Уәлиханов.
13-оқушы: Шаңырақ –Отан
отбасынан басталады.Ортақ шаңырақ биік,
босаға берік болсын деген мағынаны, ал
уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын
ниеттерімен қосыла танытқан елшілес
ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді
білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос
пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның
қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің
шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің
жауын жер соқтырар айлакерлігін
білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз
ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін»
деген асыл арманды арқалап
тұр
14-оқушы:Мемлекеттік Ту-1992 жылы
4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне
енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның
астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген,
ішкі бұрышты көгілдір матаның сол
жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың
ұзындығы -2 метр, ені-1метр.Жалаудың
жобасын жасаған –суретші Шәкен
Ниязбеков.
15-оқушы: Әнұран
— салтанатты ән,
мемлекеттік негізгі рәміздердің
бірі.
16-оқушы:1993
жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының
Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға
енді.
17-оқушы:
1995 жылы 28-қаңтарында
тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы»
қабылданды.
Мақпал
Бас
иетін бар адам
Әрбір сөзі салмақты
Қорғар бәле –жаладан
Ата Заң бұл ардақты
Арын
Алтын заңым қорғайды
Бар адамның теңдігін
Әділетті қолдайды
Арқа тұтып, ел бүгін
18-оқушы:
Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және
мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың
жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы
астанамыз Алматыдан Республиканың
басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның
Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің
басқару жұмыстары осы жерден жүзеге
асырылады.
19-оқушы: 1998 жылы
10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау
кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң
жағалауында Сарыарқаның солтүстік
бөлігінде орналасқан.
Көтереді
шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам,
жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық
жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық
ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Жүргізуші: Елбасымыз
туралы бейнетаспаны тамашалайық.
(бейнетаспадағы
видео көрсетіледі).
-
Елбасына
арнаған өлеңдерімізді ортаға салайық
1-2
сыныптар ортаға шығып айтады.
Ән: «Нұр аға»
28-оқушы:
Ауыр
күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте
қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім,
ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз
Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура
жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін
де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап
тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау
кісілік!
29-оқушы:
Елбасымыз
саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші,
ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім»
деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің
піріміз де, әніміз.
30-оқушы:
Халқым
айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім
айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім,
елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас
қазағым, өр халқым!
Жүргізуші:
балалар еліміз болашақта қандай болмақ
(постер қорғау)
жүргізуші:
Төле би сөзімен сынып сағатымызды
аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін
білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле
шабар жерім бар,
Тау көтерген елім
бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан
қалған сара жолым бар.
Барлығы:«Осы
тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын,
бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ
елінің ертеңі, болашағы үшін жауап
беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән:
«Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні:
Б.Тілеуханов)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген