Тақырыбы: «Елінсүйген, елі сүйген
Елбасы»
Мақсаты:
1.
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ер
жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімін
тәрбилеу;
2.Жас ұрпақ жүрегінде ел басына деген
сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Фон(күй) жүргізушілер
шығады.
1-жүргізуші:
Бар әлемге шын танылдық міне,
біз,
Елін сүйген Елбасы деп
білеміз.
Теңаталып
Қазақстан–Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр
егіз.
2-жүргізуші:
Күнге беттеп бара жатыр көш
жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға
естіліп.
Елбасын құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақпейілді көпшілік.
1-жүргізуші: Армысыздар, қадірменді
қонақтар, құрметті ұстазтар мен оқушылар!
1 – желтоқсан Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі
сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялауға
рұқсат етіңіздер!
(Қазақстан
Республикасының Әнұраны орындалады. Презентация Елбасының өмір
жолынан үзінді.)
2-жүргізуші: 1991 жылы 1-желтоқсанда алғаш
рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы
өтіп,
ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев ел президенті болып сайланды.
1-жүргізуші: Жоғары парламенттің бекітуімен
2012 жылы 1-желтоқсан Қазақстанда алғаш рет-Тұңғыш Президент күні
мемлекеттік мереке ретінде аталып өтті.
2 –
жүргізуші: «Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың өз ішінен шықты»
дегенде, мұны поэтикалық - асқақ мәнде де, тура мағынасында да
түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып -
өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы
жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп
жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ
болатын.
1 –
жүргізуші: Жас Назарбаев соның бәрін
басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от -
жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс
жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз
Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.
Ән мен күйдітөгілтіп,
Інжу – маржаншашайық.
Қонақтарды таңдантып,
Өнерден күмбез жасайық.
Сағымбай Жұлдызай
орындауында «Қазақ стан» әнін қабыл
алыңыздар
1 –
жүргізуші: 1991 жыл 1 желтоқсан.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев
сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып,
елімізді көркейтім, бүкіл дүние жүзіне Қазақстан елін таныты десе
болады.
2 –
жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
«Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік, Енді сол тәуелсіздіктің
қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» -
деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда
жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік
борышымыз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы,
еліміз еңселі болғай!
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.
Талгатбек Қымбат пен
Третьяк Анастасиянның орындауында өлең жолдарын қабыл
алыңыздар.
1-
жүргізуші: Елі үшін көтеріп нар жүгін
де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас
бүгінде?!
2-жүргізуші: Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!
Келесі кезекте 3-сынып
оқушылары орындауында биін қабыл
алыңыздар
1 –
жүргізуші:
Біздің Қазақстан
Анамыздай тілеуі ақ.
Отан бізге біреу – ақ
Ол – біздің Қазақстан!
Жастан сүйе аңсаған
Тәтті күй мен кәусар ән.
Келесі мектебіміздің ән
үйірмесіне қатысып жүрген оқушыларымыздың орындауындағы «Мир,
который нужен мне» әнін қабыл
алыңыздар.
2-
жүргізуші:
Халқым айтқан жер көтерер ел
даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
1–
жүргізуші:
Еліміз бар, жеріміз бар,
Жер астында кеніміз бар.
Халқымыз да көп ұлтты,
Бүгінде олар бақытты.
4-сынып
оқушыларының өлең жолдарын қабыл
алыңыздар.
2-
жүргізуші:
Ел тынысын тереңінен танып
кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.
1-жүргізуші:
Адамдықтың аласармас
үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салайық! – дей келе
Болатханұлы Исатай
орындауында «Мен бақытты баламын» әнін қабыл
алыңыздар
2-
жүргізуші:
Үлгі бізге аталардың
ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі
Тұңғыш Президент күні
баршаңызға құтты болсын! «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» мерекелік
іс – шарамызды көріп тамашалағандарыңызға рахмет!!! Келер күніміз
шуақты, заманымыз тыныш жұртымыз аман
болсын!!!