400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өсен , оқып білім алған қызмет еткен жерлері туралы мағұлмат беру; Елбасының өмір жолына үлгі алаотырып Отанын, Халқын сүюге, ержүректілікке , ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу; Шәкір жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

Тәрбие сағатының мақсаты:

1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз - Н.Ә.Назарбаев атты стендтер, Елбасының портреті, оқушылар шығармасы.

«Жаса Қазақстан» атты флешмоб биін қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар және қонақтар!

2-жүргізуші: Қайырлы күн Тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер.

1-жүргізуші: Гүлдана сен қалай ойлайсың, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп, көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?

2-жүргізуші: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасында.Қазақстан Тәуелсіздігіне міне 26 жыл болады,біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды.

Туу кіргізу рәсімі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.

Салтанатты жиын ашық деп жарияланады.

1-жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Аманғалиева Бибігүл Таутеновнаға беріледі.



2 -жүргізуші: Иә, мемлекетіміз тәуелсіз ел болып жарияланғаннан бері әрине дамыды экономикасы да,білім беру саласы да, медицина саласы да,өндірісі де шет елдермен байланысы да.Барлығы елбасымыздың саясатының негізінде емес пе?

1-жүргізуші: Олай болса Елбасымыздың өмірбаяны жайлы слайд тамашалайық.

2 – жүргізуші: «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық - асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып - өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.

1 – жүргізуші: Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.

2 – жүргізуші:

Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашайық.
Қонақтарды таңдантып,
Өнерден күмбез жасайық.

Таң Шолпан мен Дәрібаевтар отбасының орындауында « Қазақстан менің» әнін қарсы алыңыздар

1 – жүргізуші: 1991 жыл 1 желтоқсан. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтім, бүкіл дүние жүзіне Қазақстан елін таныты десе болады.

2 – жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік, Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай!
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.


«Жас дәурен» тобының орындауында « Патриоттық би»  қарсы алыңыздар



1 - жүргізуші:

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
Әсем әнді шырқата бір салайық! – дей келе 
«Елім менің аңсаған» хорын қабыл алыңыздар

2 - жүргізуші:

Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!
Ән қабыл алыңыздар.
 
5 «А» сынып оқушылары Махсут Нүртілеу мен Талдыбай Мадиярдың орындауында «Батырлар ұраны » әнін қарсы алыңыздар

1 – жүргізуші:

Біздің Қазақстан
Анамыздай тілеуі ақ.
Отан бізге біреу – ақ
Ол – біздің Қазақстан!
Жастан сүйе аңсаған
Тәтті күй мен кәусар ән
.

Келесі кезекте «Еркем –ай» күйін қабыл алыңыздар


2 - жүргізуші: 

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, 
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай, 
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Таң Шолпан мен Дәрібаевтар отбасының орындауында «Детство» әнін қарсы алыңыздар



1 – жүргізуші:

Еліміз бар, жеріміз бар,
Жер астында кеніміз бар.
Халқымыз да көп ұлтты,
Бүгінде олар бақытты.






2 - жүргізуші:

Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен. 

 « Елім менің аңсаған» атты флешмоб   қарсы алыңыздар



1 -жүргізуші:

Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін 
Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салайық! – дей келе 

3 «Ә» сынып оқушысы Атагелді Тайланның орындауында «Көк тудың желбірегені » әнін қарсы алыңыздар


2 - жүргізуші:
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі


Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздіктің 26 жылдығы құтты болсын! 
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет, салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
397
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі