15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік
іс-шараның сценариі.
Мерзімі: 30.11.2016 жыл.
Өтілетін орны: Акт залы.
Өтілетін уақыты: сағ.1200
Қатысушылар: 5,6,7,8,9,10 сынып оқушылары.
Мақсаты:
Жас ұрпаққа Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат беру; Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу;
Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру;
Ел
болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек
ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті
қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Суреттер, шарлар, баннерлер, слайдтар, видеороликтер көрсету.
1 жүргізуші: - Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда Әнұран,
Шаттық кернер жүректі.
(Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады).
2 жүргізуші: 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік іс шараға қош келдіңіздер!
Тұңғыш еліміздің егемендігін мойындаған соң ең алғаш президентімізді де сайладық. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Ата заңға сай елдің бірлігі мен келешегі үшін тер төгуге жол алған Елбасының елмен бірге ауыр жүк көтеріп келе жатқанына 25 жыл!
1жүргізуші:Бар
әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін
сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең
аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге
беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің
даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны
құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ
пейілді көпшілік!
2
жүргізуші: Азаттық
пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін
мойындауда дос таңдап.
Елбасының
еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі
тұр аспандап.
Елі үшін олжа салып
қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық,
қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын
көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
Ғасырлар бойғы тарихымызға ел ұйыстырар, көш бастар тұлғалар көп болған. Ел билігіндегі хандар, билер, мемлекет қалыптастыру жолындағы қайраткерлер, ұлттың тағдырын жырлаған ақын-жыраулар, жерін жаудан қорғаған батырлар, жаратылыс пен табиғаттың құпиясын ашқан ақылман ғалымдар – бәрі-баршасы халқының игілігі үшін ерен іс атқарған тұлғалар. «Сүйер ұлың болса, сен сүй–сүйенерге жарар ол» деп данышпан Абай айтпақшы, халқымызға айрықша еңбек сіңірген тұлғалардың өмірі мен ісі бізге үлгі.
I. Көрініс:
Таңертеңгі шайдың кезі:
Сұлтан: Ата, мен бір керемет түс көрдім.
Атасы: Ол қандай түс, балам?(елең ете қалады)
Сұлтан: Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам менің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да осы Шамалған ауылының бәрі төме-е-ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығағарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім.
Атасы: Балам сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген жақсы нәрсе Алла тілеуіңді берсін балам. Мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен.
Жүргізуші: Атасы баласына ақ батасын беріпті.
Міне атасының жорыған түсі дәл келіп, бүгінде аз ғана уақыт ішінде әлемді аузына қаратқан Қазақ елін басқарып, атақ-дәрежесі күллі дүниені шарлап кетті.
II.Слайд. «Президенттің өмір жолы»
1 жүргізуші: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік барлық Қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла отырып, біз тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз. «Мен өз халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
2 жүргізуші: Н.Ә.Назарбаев – әлем мойындаған, жаһанға атағы жеткен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі заманның лидері; тумысынан кие дарыған қайраткер; табанды күрескер; гуманист, туған халқының Бәйтерегі, Көсемі, Кемеңгері. Елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі.
III. Ән: «Жүрегің қазақ» Орындайтын: 8А сынып оқушысы Ұлық Ерсұлтан.
IV. Оқушылардың Елбасыға арнаған тақпақтары:
1оқушы: Ер тірегі – қайратым,
Абыройым, айбатым!
Отан даңқын асырдың,
Көк туымды жайнатып.
Бағымызға жүр аман,
Нұр сәулетті, Нұр аға!
Еліміздің жетістігін бүгінгі,
Елбасының саясаты деп білем.
Бұл өмірде кім данышпан десе біреу,
Нұрсұлтан Назарбаев дер едім!
2
оқушы: Ел
тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Қалар анық өшпес алтын әріппен.
3оқушы:
Ауыр
күнді артымызға тастауы –
Қиын
сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,
дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз
Нұрағаңның бастауы
4оқушы:Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
V. Би. «Қазақ биі»
1
жүргізуші: Біз
білетін Н.Назарбаев-ол
Ұлағатты
әке
Мейірімді ата
Өнер иесі
Жазушы
Ұлтжанды азамат
Ақын
Сарыарқа,
Үшқоңыр, Елім менің әндерінің авторы.
2
жүргізуші: Н.Ә.Назарбаев
ол –ҚР Әнұранның авторы
Қазақстан
Республикасының Президенті
Жоғарғы
сот кеңесінің Төрағасы
Қазақстан
Республикасының Бас қолбасшысы
Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығының төрағасы
ЕҚЫҰ төрағасы
1
жүргізуші:
Бір басында кемеңгерлік,
даналық,
Елін
сүйген елі үшін жаралып.
Сол
кісідей болса - болсын әр
алып
Адамдықтың
аласармас үлгісі
Бір
өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін
Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем
әнді шырқата бір салалық!
VI. 8А сынып оқушысы Ұлық Ерсұлтанның орындауында
«Алға Қазақстан» әні.
1 жүргізуші: Құрметті қауым! Еліміз Егемендік алып, Тәуелсіз мемлекет болғанымызға биыл 25 жыл толып отыр. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты ұлансыңдар.
Бабадан қалып жеткен көрегендік,
Еркіндік жастығында өлең өрдік.
Арқалап аманатын келіп жеткен,
25 жыл! Құтты болсын егемендік!
VII. Ән. «Арман қалам - Астанам»
VIII. Видеоролик: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»
1жүргізуші:
- Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Президентіміз үшін мақтана алатын халықпыз. Президентіміз үшін мақтанғанымыз, — елдігіміз үшін мақтанғанымыз. Ол Алланың қазаққа берген сыйы. Н.Назарбаев – Қазақстанның паспортына, символына айналған адам.
2жүргізуші:
-Елбасының
осыншама жасап жатқан жасампаз еңбегі
баянды болсын. Дені сау, ел-жұрты аман
болсын. Халқының мерейі үстем бола
берсін. Қазақстанымыз қарыштай
берсін. Асқақтай берсін азаттықтың
Астанасы. Бүкіл түркі дүниесінің, Алты
алаштың айбары мен қорғаны болып
отырған Елбасына Алла ұзақ ғұмыр берсін!
IХ.
Хор. 10 сынып оқушыларының орындауында
«Атамекен» әні.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген