400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

  • Мақсаты: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

  • Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;

  • Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.

1-Жүргізуші: Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

2-Жүргізуші: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

1- Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! 
2- Жүргізуші. Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күні мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
2-жүргізуші: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.

1-Жүргізуші. Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе? 
2-Жүргізуші Иа дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз  тәуелсіздік жолында құрбан болды.

1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біздің ата-бабаларымыздың санғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.деп  Н.Ә.Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен мұраты.
 2-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы - Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
 1-жүргізуші: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.

1– жүргізуші: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.
2- жүрг. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік салтанатты жиын ашық деп жариялансын. Қазақстан Республикасының

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ ЕҢГІЗІЛСІН!

Әнұраны орындалсын.


Алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Садвакасов Олжас Габдімәжитұлына береміз.

Ән: «Ассалаумағалейкум»

Орындайтындар: Жұмағали Ернұр және Берік Ерік

1-Жүргізуші: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық - асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып - өсті.

2-Жүргізуші: Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып тағайындалды.

1-Жүргізуші: Ең алдымен бала, студент, қызметкер Нұрсұлтан қандай болған екен деген сұрақтардың жауабын есту барлық адамзатына қызық болатыны белгілі. Ендеше сіздерге Елбасымыздың өмір жолын 6 сынып оқушысы Теңіз Айзат баяндап береді.

Баяндама:

Оқитын: 6 сынып оқушысы Теңіз Айзат

1-жүрг. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік, Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай!
2-Жүргізуші:Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.
Алдарыңызда қазақ биімен мектебіміздің биші қыздарын қарсы алыңыздар!



1-Жүргізуші: Ол ерте есейді, орта мектепті  бітіре  салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды  металлургия комбинатының көлемді құрылысына  аттанады. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск  қаласына  барып металлург –жұмысшы  мамандығын меңгереді. Ол шойын құюшы, домна  пешінің  көмекшісі жұмыстарын  атқарады, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтеріледі. Сахна төріне Бастауыш сынып оқушыларын Елбасына арнаған өлең жолдарымен қарсы алыңыздар.

2-Жүргізуші: Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын  терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен  атқаратын  адам. Ол әр  қадамын шын  мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу -бойға  біткен дарынмен  қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс  және өмір дағдысы.

1-жүргізуші: Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп  жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.

Сүйеміз сені,санамыз,сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен  жіберген.


Ән: «Елбасы-ел бағы»

Орындайтындар: Нағашыбай Нүргүл, Ерімбетова Айлуна және Теңіз Аружан


1-жүргізуші: Айнұр саған бір өзім білгім келетін бір жайды айқым келіп тұр.

2-Жүргізуші: Ия, айт сені тыңдап тұрмын.

1-жүргізуші: Қазақ халқының Тұңғыш Президенті сайланған кезде қазақ халқы қандай сезімде болды екен. Сен қалай ойлайсын?

2-Жүргізуші:Оны да сұрауға бола ма екен, әрине қуанышты сезімде болады ғой. Мен өзім Нұрсұлтандай Елбасымыздың болғанына мақтанамын. Себебі өз елімізде, өз Елбасымыздың қол қанатының астында еш қорықпай тыныш өмір сүріп келеміз ғой. Мен ол кездегі оқиғаны саған сипаттап айтып бере алмаймын өзім көріп, білмегендіктен оданда көгілдір экранға назар аударып өзіміз тамашаламаймыз ба?!

1-Жүргізуші: Құрметті көрермендер сіздерге арналған Елбасымыздың ел тізгінің өз қолына алғандығы жөнінде түсірілген шағын бейне баянымыз бар, соны экраннан бірге тамашалайық!

(Экраннан видео қосылады)

1-Жүргізуші: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап  көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық  көлемде басшы органдарда жауапты  қызметтерді атқарады. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында  экономикалық салаға жауап беретін хатшы  болып қызмет атқарады. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста  болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

Ән: «Қазақ елі осындай»

Орындайтын: Нағашыбай Ардақ және Нағашыбай Нүргүл

2-Жүргізуші: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, 
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай, 
Мәңгі жаса, жас қазағым, өз халқым!

Ән: «Жаса, Қазақстан»

Орындайтын: Берік Ерік -Жұмағали Ернұр


2-Жүргізуші: Біздің Қазақстан
Анамыздай тілеуі ақ.
Отан бізге біреу – ақ
Ол – біздің Қазақстан!
Жастан сүйе аңсаған
Тәтті күй мен кәусар ән
-дей келе келесі кезекті әсем әнге береміз.


Ән: «Туған жер»

Орындайтын: Нағашыбай Ардақ және Берік Жұпарайым, Теңіз Айзат

1-жүргізуші: Туған жерім, тарихым, тұнық далам,
Барша жұрт қасиетіңді ұлықтаған.
Басқа жердің бөктері мен таулары
Дәл сенің самалыңдай жылытпаған
. Еліміздің көк туы мәңгі аспанымызда желбірей берсің! Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын!


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ ШЫҒАРЫЛСЫН!



1-Жүргізуші: Еліміз бар, жеріміз бар,
Жер астында кеніміз бар.
Халқымыз да көп ұлтты,
Бүгінде олар бақытты,- назарларыңызға оқушылардың флешмоб биі қабыл алыңыздар!



ХОР: «АТАМЕКЕН»

1-Жүргізуші: Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі
2-Жүргізуші: Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Алдағы Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.



































  1. Әнұран орындалады

  2. Құттықтау сөз (мектеп директоры)

  3. Ән: «Ассалаумағалейкум» Орн: Берік Е. Жұмағали Е.

  4. Баяндама Оқитын: Теңіз Айзат

  5. Қазақ биі

  6. Бастауыш сынып оқушылары өлең жолдарымен

  7. Ән: «Елбасы-ел бағы» Орн:Нағашыбай Н. Теңіз А. Ерімбетова А.

  8. Видео

  9. Ән:«Қазақ елі осындай» .

  10. Ән: «Жаса, Қазақстан»

  11. Ән: «Туған жер»

  12. Флешмоб

  13. Хор: «Елбасы-ел тұтқасы»


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
474
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі