жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»
1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күні
Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»
интеллектуалды - танымдық сайыс
Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» интеллектуалды - танымдық ойын
Мақсаты:
1.қазақ
халқының тұңғыш президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың
өмір жолы,туып-өскен,оқып білім
алған ,қызмет еткен жерлері
туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының
өмір жолынан үлгі ала отырып
Отанын ,халқын сүюге,
ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық
сезімге тәрбиелеу;
3.шәкірт
жүрегінде елбасына деген
сүйіспеншілік сезімін
ояту,құрметтеу.
Көрнекілігі:
Елбасы Н. А. Назарбаевтың суреті, еліміздің
рәміздері, Тәуелсіздіктің 24 жылдығына
арналған кітап көрмесі, нақыл сөздер
жазылған плакаттар, қазақ халқының
тарихи тұлғаларының суреттері, слайд
- шоу, энциклопедиялар.
Ойынның барысы
Мұғалім: Армысыздар құрметті бүгінгі әдеби- интнллектуалды қойылымның
қонақтары, қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі ойынға қатысушылар !
“Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн” Н.Ә. Назарбаев
Мадина:
Халқым айтқан: «Жер көтерер ел даңқын»,
Елім айтқан: «Ел көтерер жер даңқын».
Аман болғай Елбасымыз әрқашан,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
Тауларың бар таңырқатқан шыңымен,
Ұл-қызындай даламыз бар- ұлы кең.
Алдарыңызда басымды иіп, қазағым,
Құттықтаймын Бірінші Президент күнімен!
Нұржанат:Мадина жырлағандай бүгінгі Тұңғыш президент күніне арнап ұйымдастырылып отырған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты интеллектуалды - танымдық ойынымызды бастағалы отырмыз!
Нұржанат:
Балалар сендер қалай ойлайсындар, осы
Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге
жетіп , көк туымыздың астында бейбіт,
молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз
кімнің арқасында?
Нұрберген:
Әрине Қазақстанның атын сонау шет
мемлекеттерге танытып, астанамызды,
елімізді көркейіп жатқан Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі.
Н.Ә.Назарбаев кім?
Әсет:Тұңғыш
президент- ол қай мемлекет үшін де даусыз
тарихи тұлға. Қазақстан Республикасының
дамуы,ұлттық қауіпсіздігі және де
мемлекеттік басқару жүйесі бар ұлттық
мемлекетіміздің қалыптасуы мен еліміздің
күллі әлемге танылып үлгеруі Назарбаев
есімімен тығыз байланысты.
Мадина:
21
декабря 1991 состоялись первые всенародные
выборы Президента республики, в ходе
которых Н. А. Назарбаев получил поддержку
98,7 % избирателей.
О
роли Нурсултана Назарбаева для Казахстана,
об его авторитете в мире написано и
сказано очень
много.
Самат:
Вы,
наш президент, номер один,
Наш
выбор: лишь Вы, мы говорим.
Мы верим
в Вас на всём протяжении,
Вы лидером
стали для нас без сомнения.
Нұржанат:
Қазақстан тәуелсіздігіне міне 24 жыл
болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты
дамыды?
Бағдина:
Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп
жарияланғалы бері әрине дамыды,
экономикасы да, білім беру саласы да,
медицина саласы да, өндірісі де, шет
елдермен байланысы да. Мұның барлығы,
елбасымыздың саясатының негізінде .
Нұржанат
: Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің
сайлануы, осы тұлғаның арқасында
Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,
шашылып кеткен қандас бауырларымыздың
тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана
қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі
тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр
сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып
жатқанының айқын дәлелі және бұл тұңғыш
президентіміз Н.Ә. Назарбаевтің тапмай,
шаршамай атқарған еңбегінің нәтижесі.
Міне,
бүгінгі біздің «Елін сүйген, елі сүйген
Елбасы»
әдеби–
интнллектуалды қойылым осыны меңзейді.
Жоғары да аталған қасиеттер сіздердің
де бойларыңызда бар екені екені анық.
Олай болса, ойынға қатысушы топтарды
қошаметтеп, құрметтейік.
Бүгін
сіздердің алдарыңызда білімдерін
сынасатын әр сынып оқушыларынан құралған
топтар.
Ал енді, ойынымыздың әділқазы
алқасы және ойын барысымен таныстырып
өтуге рұқсат етіңіздер.
Ойын алты
кезеңнен тұрады:
І
кезең
«Кемеңгер
тұлға-шың дара»,
Қ.Р. тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтің
өмір жолдарынан сұрақтар беріледі.
ІІ кезең. 1. «Шатасқан әріптер»
ІІІ кезең: «Суреттер сыр шертеді тереңінен»
ІV кезең. Біздің мемлекеттік тіліміз- ........
V кезең «Қазақстанның жетістіктері»
VІ кезең. Қорытынды. Ой түйін: «Мәңгілік ел»
Әділқазылар алқасын сайлап алу.
Міне, құрметті ойынға қатысушылар, жанкүйерлер, қонақтар ойынның барлық ережелерімен таныстық, іске сәт.
Бірде
шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір
жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды
жарқын жолға бастады
Елбасы боп
сайланды да Нұр ағам. – дей отырып
ойынымыздың І кезеңін бастайық.
І кезең: «Кемеңгер тұлға-шың дара» викториналық сұрақтар.
Қ.Р. тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтің өмір жолдарынан 20 сұрақ беріледі.
Әр нақты дұрыс жауап 1 ұпай. Бірінші болып кім жаңылмай, мына сұраққа дұрыс жауап беріп, ұпайды көп жинаса сол жеңімпаз болады.
Мына сұраққа кім дұрыс жауап берсе, сол ойынды бастайды.
Жалпы сұрақ: Қашан Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті (1991 жыл, 1 желтоқсан )
-Рахмет,
Ал, іске сәт делік.
1.
Балалық шағында Н.Ә. Назарбаев немен
айналысты? (Нұрсұлтан
өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап
отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге
ұмтылды. Үйде де, бақшада да, алма бағында
да әкесінің жанында болып, картоп пен
алма өсіруге жәрдемдесті. Нұрсұлтан
мал жайғарумен айналысты, әкесімен
бірге тауға барып, шөп шапты.)
2. Н.Ә. Назарбаев туралы түсірілген фильм .( Менің балалық шағымның аспаны)
3.Оның аты Нұрсұлтан болсын» деп Елбасының есімін қойған кім? ( әжесі Мырзабала)
4.Н. Назарбаев алғашқы еңбек жолын қай жерде бастады?. (Теміртаудағы металлургия комбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жатқанын білген соң, Нұрсұлтан металлург болуға бел буды.)
3. Президент сөзінің мағанасы, ол нені білдіреді.. Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді.
4. Қай жылы Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді.? (2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді.)
5. Н.Ә. Назарбаевтің қандай қолжазбалары бар ( Бейбітшілік кіндігі, Сындарлы он жыл, Еуразия жүрегінде , Ғасырлар тоғысында басқа да орыс тілінде жазған еңбектері өте көп) 102 кітап жазған ол туралы 170- тен артық кітап жазылған
6. Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразиялық одақ құру»идеясы жарияланған жыл?-1994 жыл
7. Н.Ә. Назарбаевтың туған жері, қашан дүниеге келді?? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған).
8.Қай жылы Н.Ә. Назарбаев қайта Қ.Р. қайта президенті болып сайланды? (2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
9. Н.Ә. Назарбаевтің ойы бойынша «Мәнгілік Ел» идеясы нені білдіреді? ( «Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол)
10. Н.Ә. Назарбаевтің халқына арналған алғашқы жолдауы қашан жолданды? (1997 ж.)
11. 2015 жылға арналған жолдауы қашан жолданды, қалай аталады, неге? (11.11.2014, «Нұрлы жол», Астанадан барлық аймаққа сәуледей таралған жолдарды нұрлы жол деп атауға болады)
12. Теміртауға келген соң, Н.Ә. Назарбаевті қайда оқуға жібереді?(ол болашақ металлург ретінде Украинаға, Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға жіберілді.)
13.Н.Ә. Назарбаев Үкіметті басқарғанда неше жаста болды? (1984 жылы 44 жасында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.)
14. Нұрсұлтан дүниеге келген жайлаудың аты қалай аталады? (Үшқоңыр)
15.Қандай марапаттары бар? ( 33 тен артық Шет мемлекеттерінің берген атақтары, титулдары мен марапаттары бар)
16.Н.Ә. Назарбаевтің анасының, әкесінің аты? ( анасы-Әлжан, әкесі-Әбіш)
17.Н.Ә Назарбаев қашан Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді? (1960-69 жылдары.)
18. 2014 жылға арналған жолдауы қалай аталады? (Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ)
19. Елбасымыздың нұсқауымен 2015 жыл Қ.Р. –да қандай жыл болып жарияланды? (2015 жыл - «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жарияланды)
20. Бос уақытында немен айналысады? (Мемлекеттік жоғары лауазымдағы қызмет бос уақыт қалдыра бермейді. Алайда жұмыс арасындағы сирек үзілістерді Нұрсұлтан Назарбаев өзі үшін әрі демалыс, әрі көңіл сергіту саналатын сүйікті істеріне арнауға тырысады. Ол – табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу).
ІІ кезең. 1. «Шатасқан әріптер» Экрандағы жазуларға назар аударайық.
ІРУТЕМАТ АРАНДЫҚҒА ТЫАЛМА АРКУНИА
2. «Жылдар сөйлейді»
1991 жылы Алматыда, 1998 жылы 10 шілдеде. 2017 жыл
1991жыл 16 желтоқсан , 1993 жылы 15 қараша, 1991 жыл 29 тамыз
1. Теміртау, Қарағанды, Алматы, Украина
1. (1991 жылы Алматыда). Тәуелсіз мемлекеттер достығы құрылды?
3. 1991 жыл. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туралы Заңы қабылданды?
5. 1998 жылы 10 шілдеде.
Қазақстанның жаңа елордасы Астананың халықаралық тұсаукесері қашан болды?
6. 1992 жылы. .Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына мүше болды.
7. (1991 жыл, 29 тамыз ) «Семей ядролық полигонын жабу туралы» ҚазССР Президентінің жарлығы шықты
ІІІ
кезең: «Суреттер сыр шертеді
тереңінен»
«Суреттер сыр шертеді
тереңінен»
атты бұл кезеңде сіздер Бейне тақтадан
суреттер шығады. Сіздердің негізгі
әрекеттеріңіз менің беретін ақпаратыма
құлақ асу. Ойынды І - кезеңде басым ұпайға
ие болған топ бастаса болады. Ал, іске
сәт.
1
.Әкесі
– Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде,
Назарбай бидің шаңырағында өмірге
келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі
адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана
емес, орыс және балқар тілдерінде де
еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс
әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен
адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес
бере білетін. Әбіш
Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
2
.Анасы
Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай
ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында
дүниеге келді. Ауыл арасында ән салу
мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына
түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді
Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға
баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге,
ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын
оятты. Әлжан
Назарбаева
1977 жылы қайтыс болды.
3.Үшқоңыр» жайлауы- Елбасының алтын бесігі.
Жер жәннаты Жетiсуда жайғасқан Үшқоңыр жайлауы – Елбасының әрдайым сағынышпен еске алатын туған мекенi.
Үшқоңырым, айналайын атыңнан,
Ауаң шипа, суың балдай татыған.
Қымызыңның күштiлiгi соншалық
Шайқап қалсаң, шампан болып атылған.
Мен балаңмын, сүйек-еттен жаралған,
Мен өзiңнен қуат алғам, нәр алғам.
Ешқандай да артықшылық жоқ менде
Еңбек етiп жатқан сенде адамнан… Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.
№
4.
Дінмұхамед Қонаев суреті.
Қазақтың біртуар ұлы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медалдарының иегері. Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасында өмірге келген. Мәскеудің түсті металл алтын институтын тәмамдаған. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. 1964 — 1986 жж. Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді. 1986 жылы кенеттен қызметінен кетті. Қазақтың біртуар ұлы кім туралы айтып тұрмыз.
5
.Нұрлан
Әлімжанов.
Актер
1984 жылы Көкшетау өңіріндегі «Кеңащы»
елді мекенінде дүниеге келген. 2001-2005
жылдары Т.Жүргенов атындағы өнер
академиясында білім алады. 2003-2009 жылдары
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік
академиялық балалар мен жасөспірімдер
театрының актері болып қызмет атқарған.
«Балалық шағымның аспаны» «Көшбасшының жолы» киносында Елбасының жастық шағын ойнаған актер, аталған фильмде бастан-аяқ Назарбаевты ойнады.
ІV
кезең. Біздің мемлекеттік тіліміз-
........
Балалар,өте
жақсы.
Егеменді елдің басты белгісі —
тілі.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл
болып саналады.
Все: Қазақ тілі — мемлекеттік тіл.
Вед.2. Тарас
Шевченко говорил:
«Чужим языкам
научайся, а свой не чурайся».
Узнай
родной язык,
В нем сила и свобода.
В нем
государства гордость.
Родной язык —
в нем честь и совесть человека.
(вместе)
учи чужую речь,свою храни навеки!
Вед 1. «Үш тілді білуіміз маңызды», — Н. Назарбаев!
«Полиглот» ойыны:
1.
Родина Отан Motherland
2.
Праздник Мереке
Holiday
3.
День
Күн Day
4.
Язык
Тіл
Language
5.
Флаг
Ту Flag
6.
Символ
Рәміз Symbol
7.
Страна
Ел
Cоuntry
8.
Государство
Мемлекет State
9.
Город
Қала City
10.
Друг
Дос Friend
V кезең «Қазақстанның жетістіктері»
1.Ата Заңымыз қашан қабылданды. (1995,30 тамыз)
Когда принят Конституция РК?
2. Қазақстанның рәміздері ( ту, елтаңба, әнұран)
Символика РК?
3. Ұлттық теңгеміздің туған күні 1993, 15 қараша)
День рождения национальной валюты?
4. ҚР тұңғыш ғарышкері (Тоқтар Әубакіров)
Первый косманавт РК?
5. Қазақстан қандай ел ( тәуелсіз, егеменді, біртұтас)
Казахстан какая республика?( независимая,
6. Әнұранның авторы (Жұмекен Нәжмеденов, Н. Назарбаев)
Авторы ГИМНа?
7. Жаңа елорданың атауы Астана болып қашан өзгертілді? 6.09. 1998жылы
Каком году переименовали столицу Казахстана Астану?
8.Гербтың авторы? Автор Герба?
9.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туралы Заңы қашан қабылданды? (1991жыл. 16 желтоқсан)
Когда принят закон о независимости РК?
10.Қашан «Семей ядролық полигонын жабу туралы» ҚазССР Президентінің жарлығы шықты (1991 жыл, 29 тамыз )
Когда принят закон о закрытие Семипалатинского полигона?
11.«Астана» сөзі қай тілден алынған, қандай мағына береді?
Парсы тілінен алынған, « киелі орын, босаға» деген мағынаны білдіреді.
V І.Сабақты бекіту. Ой –түйін- «Мәңгілік ел»
1. Қазақстан Республикасының президенті (Н.Ә: Назарбаев)
2. Ата Заңымыз қашан қабылданды. (1995,30 тамыз)
3. Қазақстанның рәміздері ( ту, елтаңба, әнұран)
4. Ұлттық теңгеміздің туған күні 1993, 15 қараша)
5. ҚР тұңғыш ғарышкері (Тоқтар Әубакіров)
5. Қазақстан қандай ел ( тәуелсіз, егеменді, біртұтас)
6. Әнұранның авторы (Жұмекен Нәжмеденов, Н. Назарбаев)
7. Жаңа елорданың атауы Астана болып қашан өзгертілді? 6.09. 1998жылы
8. Биыл тәуелсіздігімізге қанша жыл толады? ( 24 жыл)
9. Қ.Р. мемлекеттік тілі ( қазақ тілі)
Біз Жалпыұлттық идеямыз- Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі.Өткен тарихымызға тағзым да,бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құрметті ұғымға сыйып тұр.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген