400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Елін сүйген Елі сүйген Елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Елін сүйген Елі сүйген Елбасы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Халқына - бегі, бегіне халқы сенген ел ұзақ жасайды.

(Күлтегін жазбаларынан)

Елін сүйген Елі сүйген Елбасы

Елбасы туралы ойлап, қалам артуға оқталсаң тәуелсіз елімнің жүріп өткен барлық белестері көз алдыма тізіліп келе қалады. Қаншама сұрапыл замандарды бастан кешкен қазақ елі заман көшінен қалмай ілесіп, адымдап жүріп келеді. Бірлік пен ынтымақ берекелі істің басы-қасынан табылатынындай біздің еліміздің, халқымыздың бақытына орай Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген басшы келді.

Адамзат тарихында қай қоғамды алмайық ел билеушілер хақында ой мен сөз қозғамаған кемеңгер жоқ. Платон, Аристотель, Әл-Фараби сынды ірі ойшылдардың елді бастаушы «көшбасшы» қандай болу керек және қоғам қандай болу керек деген сұрақ төңірегінде ізгілікті қоғам құруы жөніндегі идеялары қашанда өркениетті мемлекеттің үлгісі, өлшемі болып саналады. Әл-Фараби даналығында кемеңгер басшының бойында болатын он екі қасиетіне тоқталған. Бұл он екі қасиет бойынан табылған ел билеушісінің елін мұратқа жеткізетіні «Халқына - бегі, бегіне халқы сенген ел ұзақ жасайды»- деп тасқа басылған жазудай анық еді[1, 20-21 бб.]. Елбасы әрқашан елінің алдыңғы қатарлы ел болуын мақсат тұтып, осы жолда аянбады. Өз елінің бегі мен бекзатын, ғалымы мен білімдарын, батыры мен оғланын, бүкіл халқын күш біріктіріп, бірігіп алға қадамдасуға шақырды.

Ол бір сөзінде « Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің басына бұйырмаған бақыты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ....»-деп өзінің еліне, халқына деген шексіз сүйіспеншілігін білдірді[3, 10-11 бб.]. Адамзат жаратылысының өзі сондай жан-тәнімен, арымен сүйгенде кез-келген жағдайда да аянбайтыны белгілі. Күлтегін жырындағы «Елімді Суға батырмадым, Отқа күйдірмедім. Ешкімге бастарын идірмедім!»-дегендей Нұрсұлтан Назарбаев елімізді дамыған отыз елдің қатарында көргісі келді[1, 20-21 бб.]. «Бумын қаған мен Істемі қаған таққа қонды. Елімді ел етемін деп, жерімді көгертемін деп Оттай асау, Оқтай ұшқыр Атқа қонды. Ормандар аңға толды. Өрісі малға толды. Жерінің тегінен май ағып тұрған. Ағаштардың балағынан бал ағып тұрған ел болды. Құнары асыл жер болды» [1, 40-41 бб.]. Жырдың осы жолдары адамға рухани күш беретін бір қасиетке ие. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясының негізі осы жыр жолдарынан бастау алғаны анық. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңінен түсініп, ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беретін, өзіндік қорғаныс саясаты бар Қазақ елінің идеясына айналдыруы да бірден-бір көрегендік еді.

«Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» [2, 20-21 бб.]. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Сол замандағы түркі бабаларымыздың ісін көкірек көзінде жарық нұры бар ұрпағының жалғастыруы даналылық емес пе?!

Елбасы 2000 жылы 14- желтоқсанда латын алфавитіне көшу мәселесіне қатысты өз пікірін білдіре келіп, өте мұқият дайындықтан соң латын алфавитіне көшетінімізді айтты. Бұл жерде Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы түркі тектес бауырларымыз қолданатын латын қарпіне көшудің қажеттілігін айтты. Сонымен қатар түркі әлемінің жұдырықтай жұмылғанда алар биіктерін де атап, түркі бірлігінің болашағына зор үмітпен қарады  [3, 121 б.].

Осындай ілкімді істің жалғасы «Мәңгілік ел»- жалпы мемлекетіміздің ұлттық идеясы. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының негізгі мәні-мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген ғұмыр жасы ұзақ, уақытпен шектелмеген қазақтың ұлттық мемлекетінің болуы. Елбасы қандай да бір шешім қабылдағанда да, нендей бір істі бастағанда да осылай, үнемі халыққа сеніп, халқына арқа сүйейді. Өз елі үшін алыстан болжап, мықты мақсат қойған ұланының қолтығынан демеген де, демейтін де, қолдаған да, қолдайтын да – өзінің туған халқы. Олай болса, «Елім дейтін ері болса, Ерім дейтін елі болады» деген халық даналығына шәк бар ма?!















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
437
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі