Елін сүйген, елі сүйген Елбасы.
Мақсаты: а) Оқушыларға Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру;
ә) Оқушыларға Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету;
б) Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың түрлі сипатта түскен суреттері, кітаптар бұрышы, нақыл сөздер.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты ашық тәрбие сағатына дайындап, оқушыларды тыныштандыру.
Еңілік:
Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған,
Несіне оны жасырам.
Әнұраным бүгінгі,
Баға жетпес асыл ән.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Әли :
Желтоқсаннан бастау алған егемен,
Егеменді елде берік керегем.
Қазақстан – бірлігімнің айғағы,
Әлем білген басшысымен көреген
Аңсар:
Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған,
Құт қонған ел қасиеттен жаралған.
Бірлігімнің туын биік ұстаған,
Жаңарған ел Желтоқсаннан нәр алған.
Қуаныш:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, 4 «А» сыныбының «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Шығындап қиыр шеттің танып бәрін,
Уа жұртым, шартарапқа шарықтадың.
Бұл әлем қашан тұтас біліп еді,
Қазақтай жер бетінде халық барын.
Әр сөздің астарына осы арада,
Ағайын, ой жіберіп жете қара.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында,
Тұлғасы Елбасының жеке дара!
Назгүл:
Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы,
Бейбіт күнде желбіреген байрағы.
Барлық ұлттар бақыт тапқан өзіңнен,
Қазақстан – ынтымақтың айғағы.
Ел тәуелсіздігінің мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламенті «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні барша қазақстандықтарға құтты мереке болғай. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.
Т.Самат:
Тәуелсіз мемлекет – Қазақстан,
Біздерді басқармайды ешкім тыстан.
Оңайлықпен келген жоқ теңдігіміз,
Аман қалған қазақпыз қырылыстан.
Егеменді, ерікті ел екенбіз,
Жылдан жылға дамыған берекеміз.
Бостандықтың таңы атқалы – 26 жыл,
Халайық, құтты болсын мерекеміз!
Бұл – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, 1991 жылғы 1-желтоқсанда бүкілхалықтың сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, ғасырлар бойы хасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата-бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады.
«ӘН" НҰР АҒА". орындайтын. Дүйсенбек Аңсар»
Еңілік: Бүгінгі тәрбие сағатымыз "Елін сүйген, елі де оны сүйетін Елбасына" арналмақ. Бүгінгі тәрбие сағатымызды «Ашық журнал» түрінде өткізбекпіз.Ашық журналымыздың бірінші беті – «Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы»
Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағынан үзінді:
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылдың 6-шілдесінде Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған ауылында туда. Шығыс күнтізбесі бойынша ұлу жылы дүниеге келген. Тағдыры күнмен тығыз байланысты. Бұл жылы туған кісілердің ерекше күш-қуатқа ие екендігін, олардың арасынан ерекше іскер мемлекет басшылары шығатынын айтады. Енді Президенттің туған күні 6 саны шындықты, ашықтықты және сенімділікті бейнелейді. Бұл күні дүниеге келген адамдар бейбітшілік пен тыныштықты сақтау жолында аянбай қызмет етіп, халықтың тұрмыс жағдайларын жақсартуға бар күш-жігерін жұмсайды екен.
Нұртүлеу: Нұрсұлтан аға орта бойлы, жазық маңдайлы, ақсары бала болатын. Сырттай момақан көрінгенімен, көзінің оты бар, ұстамды, байсалды еді. Сабаққа алғыр, елгезек, дене бітімі қайратты, күшті, қағылез, сергек бала болатын. Сол кездің өзінде ұйымдастырушылық қабілеті байқалып қалатын. Балаларды үйіріп, артынан ертіп жүретін.
Айжан: Нұрсұлтан аға Шамалғаннан аудан орталығындағы бірден-бір тасы өрге домалап тұрған жалғыз қазақ орта мектебіне келіп оқиды. Нұрсұлтан ағаның білім жолындағы өршілдігі өзгеше еді. Білгенін өзгелерге айтып отыратын. Тереңдей білгісі келген балаларға өзі оқыған кітаптарынан әкеп беріп оқып шығуын қадағалайтын. Соңынан бірге талқылауға шақыратын. Мектептегі барлық қоғамдық жұмыстарға жетекшілік ете жүріп оқушылардың да белсенділігін арттыруға, олардың қабілетінің ашылуына ықпал етіп қана қоймай, өзінің жеке дара ізденуіне уақыт тауып отырды. Мектепті барлық пәндерден үздік аяқтады.
Нұртас: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгереді. Шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді (слайд).
Елдос: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургия комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Құндыз: Н.Назарбаев – бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу- бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
Нұрсұлтан ағаның сөзіне үзінді:
Мені құлқын сәріден оятар еді. Мен арбаға есек жегіп, жұмысшы қалашығындағы ертеңгі сағат алтыда ашылатын дүкенге уақтылы жетіп үлгеру үшін ауылдан асыға шығатынмын. Шұбатылған ұақ кезекке тұратынмын. Қап-қара нан, салмақты, қолды сәл батырсаң қабығында саусақтардың ізі қалатын. Үйге бірден он бөлке әкелу үшін кезекке екі, кейде үшірет қайтара тұратын едім.
Мұдай нанды ұзақ сақтауға болмайды. Бөлкелерді турап-турап кептіру үшін күн көзіне қойатынбыз. Бұл бәріміз үшін зор қуаныш болатын. Ада-санда сыиыр бұзаулағанда нағыз мейрамға кенелетінбіз. Біздің үй ғана емес, айнала бәрі осылай тірлік ететін.
Қуатбек: Ел басының өмір жолдарынан қысқаша деректер:
1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партиа-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973-1977 ж. – Қармет комбинатының партком хатшысы.
1977-1979 ж. – Қарағанды облысттың партия комитеттің 2- хатшысы.
1979-1984 ж. – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.
1984-1989 ж. – Қазақ КСР Менистрлер Кеңесінің төреғасы.
1989-1991 ж. – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
1990 жылы Ақпан-Сәуір аралығында КСР Жоғары кеңесінің төрағасы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанды 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталды.
1991 жыл 1 Желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайланды.
Дәулет. Нұрекең
Ел мен Ердің ақ тілегі бір екен, Даласында достық іздеп жүр екен,
Елі-дархан, Ері-жайсаң, дүр екен. Дауылы ауыз, басқан ізі гүл екен.
Қиын өткел, тар жол,тайғақ кешуден, Өз халықының кең пейілі сияқты,
Қазақ көшін қыр асырған- Нұрекең! Күллі әлемді құшаққа алған-Нұрекең!
Алып дала туған дана ұл екен, Жерұйығым! Жампозыңды жыр етем,
Арманы асқақ, мақсаты ұлы екен! Атыда оның заты да оның нұр екен!
Қала салған , егін екен, мал баққан Темірқазық- адастырмас Алашты,
Дәулетті елдің нар тұлғасы – Нұрекең! Дана басшы, дара басшы-Нұрекең!
4 «А» Сынып оқушылары:
Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтанның биіктерге бастады,
Ол көтерген нұрлы Жолдан таймағың.
Көгімізде көк туымыз мәнгі желбірей берсін деп тәрбие сағатымыздың соңында «Көк тудың желбірегені» ән орындалады
№83 жалпы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Жанибекова Баян
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз