Елін сүйген –елі сүйген
Елбасы
Мақсаты:
Жас ұрпаққа президентіміздің
сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген,
елі сүйген Елбасынан үлгі алуға
тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі
мерекеміз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевқа арналады.Олай болса мерекелік салтанатты жиынды
ашық деп жариялаймыз.
Әнұран орындалады.
Балалар назарымызды тақтаға
аударамыз.Мына суретте кім
бейнеленген?
Балалар:Нұрсұлтан
Назарбаев!
Тәрбиеші:Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер
ме?
Балалар:Біздің
президентіміз.
Тақпақ:
Асланбек
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға
естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
Маржан
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос
таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
Нұржаусын
Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын
көпшілік
Елбасының құрметіне
жиылған!
Бекарыс
Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!
Алихан Д
Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып
тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.
1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ
СССР Президентінің жалпыхалықтық
сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
ел Президенті болып сайланғаны
баршамызға мәлім..
Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда
алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік
мереке ретінде аталып өтуде.
Тәрбиеші:балалар елбасымыздың
өмірбаянына кішігірім тоқталып кетейік.Ол 1940 жылы 6 шілдеде Іле
Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан
Назарбаевтардың шаңырағында өмірге келеді.Сабақты зор
ынта,ықыласпен оқып үздік оқушы атанды.Ол кісі күрес үйірмесінде
болды.Домбырамен ән айтқанды жақсы көреді,атпен жақсы шабады.Оның
жары Сара Назарбаева.Оның 3 қызы бар:Дариға,Динара,Алия Балалар біз
өмірбаянмен кішігірім танысып
өттік.
Ән:Нұр-аға
Тәрбиеші: енді келесі сендерге бір
сұрағым бар.Біздің бас қаламыз қай
қала?
Балалар:Астана.
Тәрбиеші:Балалар сендер Астананың
көрікті жерлерін білесіңдерме?
Балалар:Бәйтерек,ханшатыр,ақорда.
Тәрбиеші:Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің
астанамыздың
символы.
Тақпақ:
Аяна
Қазақ елі желбіреп көк
байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Альбина
Тәуелсіздік-рухы күшті ғажап
күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім,жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен –тәуелсізбін
,азатпын!
Инабат
Ауыр күнді артымызға
тастауы
Қиын сәтте қиындықтан қашпау.
Тілім,дінім,ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.
Мүслим
Жаңарып ай,жылдарым,жаңарып
күн,
Жаңғырып есімдері сан алыптың.
Күн шуақты Астана бой көтерді
Белгісіндей бейне бір даналықтың.
Айзере
Казахстан земля родная
Очень любим мы тебя
Море,горы,даль степная
Это Родина моя.
Кәусәр
Ғұмыр бойы күресіп қайран
бабам,
Осы күнді аңсаған,армандаған.
Сарыарқаның төсінде бой көтерді
Қазақтың Астанасы арман
қалам.
Айбану
Я ребенок счастливого
детства
Я ребенок свободной страны
И его нам обеспечил
Елбасы нашей страны
Вам спасибо за доброе утро
И за мир на нашей земле
Мы новое поколение
Благодарны судьбе.
Тәрбиеші:Ал, балалар, сендер біздің
елдің рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар:Иә, білеміз. Олар: ту, әнұран
және елтаңба.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар! Балалар,
біздің туымызға қараңдаршы, не
белгіленген?
Балалар:Күн, бүркіт,
ою.
Тәрбиеші:Дұрыс! Ал бұл суреттер не
білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі
қандай?
Балалар:Көк!
Тәрбиеші:Дұрыс! Ол аспанымыз ашық
болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы – күннің
сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз
ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз
екен.Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен
көрінсін деген. Және туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар
тудың қазақ елінің туы екенін
білдіреді.
Ән:Отан
Би: «Алға,Қазақстан»
Енді балалар Елтаңбамызға
қараңдар. Елтаңбаның ортасында не
тұр?
Балалар:Шаңырақ!
Тәрбиеші:Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің
елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,отбасының бейнесін
білдіреді. Тағы да не бар?
Балалар:Ат бар!
Тәрбиеші:Дұрыс, қанаттыат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз
ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз
әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы
«Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін
білдіреді.
Ән:«Достық»
Би:
«Саржайлау»
Тәрбиеші:Құрметті
қонақтар,ұстаздар,балалар бүгінгі мерекеміз тағы да құтты болсын
аспанымыз әрқашан ашық болсын,күніміз жарқын,деніміз сау
болсын!

