Материалдар / "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бойында патриоттық тәрбиені нығайту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2018
1402
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 10 «а» . Өтетін күні: 29.11.2014 жыл.

Ашық тәрбие сағаты «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы»
Мақсаты: 1.Қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы   Назарбаевтың  өмір  жолы,туып-өскен,оқып  білім  алған ,қызмет   еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру;
 2.Елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын ,халқын    сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық  сезімге  тәрбиелеу;
  3.Шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін   ояту,құрметтеу.
Көрнекілігі:слайдтар  көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер,буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент»,кітап көрмесі.

Барысы: Гимн орындалады.

Мұғалім сөзі: Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясын,

Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың, - деп Тұманбай Молдағалиев жырлағандай бүгінгі "Елін сүйген,елі сүйген Елбасы!" атты сынып сағатымыз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналады.

2 жүргізуші шығады.

1-Жансая: 1-  : Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! 
2-    Алмат: Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары.Бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. 
1-жүргізуші: Алмат сен қалай ойлайсын, Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
2-жүргізуші: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.

Жансая сен қалай ойлайсың Қазақстан тәуелсіздігіне міне 23 жыл болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды?
1-    Жүргізуші. Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе? 
2-    Жүргізуші: Иа дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз  тәуелсіздік жолында құрбан болды.

Мұғалім: Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп  жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені,санамыз,сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен  жіберген.
- Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр? (оқушылардан жауап)
Өйткені 1991 жылы 1-желтоқсанда жалпыхалықтық саулау өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 98,7 басым дауыспен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланды.
      - Ал елбасымыздың өмірі мен қызметі туралы не білесіздер? (Оқушылар
 өздері білетін мәліметтерін айтып шығады)
      Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілде де Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата-анасын құрмет тұтты. Ұщқыш болуды армандады. Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы.

1-ж:Енді елбасының туып өскен жері «Үш қоңыр» жайлауында түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильміне назар аударайық (үзінді ).
Видеоролик көрсетіледі. Ән «Нұр аға»

1-ж:Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.
2-ж: Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.

2- жүргізуші Елбасымыздың  қызмет жолына тоқталсақ. 

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
    Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973-1977жж – Қарметкомбинатының партком хатшысы.
1977-1979 жж – Қарағанды облыстық партия комитетінің 2-ші хатшысы.
1979—1984 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.
1984-1989 жж – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
1989-1991 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
1990 жылы ақпан-сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
Нұрсұлтан Назарбаев 98,7%, 1999 жылы 10-қаңтарда 79,78 % , 2005 жылы 4-желтоқсанда 91,5%, 2011 жылы сәуір айының 3-нде де басым дауыспен Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
1995 жылы сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігі 2000жылға дейін ұзартылды.
1999 жылы қаңтардың 10-ында өткен жалпы халықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2005  жылы желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауыс алып,
Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Елбасының лауазымдық мәртебесі: (слайд)
1-ж:    Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті  - Елбасы
2 –ж:Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы
1  .  Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы
2   . Қазақстан Республикасы Ұлттық Кеңесінің төрағасы
1    .Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының төрағасы  
2    .Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасы
1     .«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
2    Назарбаев Университеті Жоғары қамқорлық кеңесінің төрағасы
1    Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарады
2    Экономика ғылымының докторы, академик
1    «Ғасыр адамы»
2    Әнұранның авторы, жазушы
1    Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы
2    Алымды да, алғыр басшы Көреген саясаткер

1-ж:  Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
                 Артта қалды бодан болған азап күн
                 Елім, жерім қазағым деп тебіренем
                 Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
Ән: «Туған жер» Орындайтын: Сейткереева Кенжегүл.

2ж:Ел  тәуелсіздігіне 20-жылдан астам уақыт өтті. Еліміздің абырой-беделінің артуына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдік көшбасшылармен арада қалыптасқан жеке достық қарым-қатынастары оң ықпал етеді. Мемлекет басшылары Қазақстан Президентінің ядролық қарусыздандыру, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, дінаралық диалогты жолға қою салаларындағы ғаламат еңбегін мойындайды.Осы уақыт аралығындағы елбасының көреген саясатының арқасында қазақ елі қол жеткізген жетістіктерге тоқталсақ:
1ж- Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарусыз мемлекет;
2ж- Уран өндірісін пайдалану ісін жеделдетті;
1ж- Қазақстан халықаралық мәселелерді шешуге тікелей қатысатын, сөзі өтімді, беделді мемлекеттке айналды;
2ж ТМД көлемінде Халықтар Ассамблеясын құрған мемлекет;
- Бүкіл әлемдік дағдарыстан қысқа мерзімде шыққан мемлекет- Қазақстан.( Екеуі де )
     

Мұғалім:Біздің Елбасымыз – білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен тұлға. Енді
назарларыңызды әлем елдерінің бірқатар басшыларының президентіміз
туралы айтқан жылы лебіздеріне аударайық.
 Кофи Аннан – БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы: (слайд).
 «Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда – бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады».
Ким Дэ Чжун – Корея Республикасының Президенті:
 «Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді».
Джордж Буш – Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті:
«Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде «Қазбаттың» Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдірді».
Видеоролик. «Елбасы жолы»

1ж: Елбасы – туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам.. Мемлекеттік жоғары лауазымдағы қызмет бос уақыт қалдыра бермейді. Алайда жұмыс арасындағы сирек үзілістерді Нұрсұлтан Назарбаев өзі үшін әрі демалыс, әрі көңіл сергіту саналатын сүйікті істеріне арнауға тырысады. Ол – табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу.  Мұны сөзі мен де, ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңінде:

Ақтоты:Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәләйлі болсын талғамың!
Өркені өссін қазақтың,
Осы – менің арманым!
Күн тұрғанда тұратын,
Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана,
Осы – менің мұратым!
О, Ақорда, Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын Азаттық,
Осы – менің мақсатым!
Халқым – менің тірегім,
Құрбан жаным, жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы – менің тілегім.

Балалар енді халқымыздың елбасына арнаған жыр-шумақтарына кезек берелік.
Еркебұлан:Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам.
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға - біздің ұлы адам.

Міне осындай егеменді еліміз,
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз еріміз.

Халқым айтқан ел көтерер жер даңқын,
Елім айтқан жер көтерер елдаңқын,
Президентім аман болғай ел басы,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым.

Күй. Орындайтын: Сайлаубаева Жансая.

1-ж:Ендігі кезек Елбасымыздың қанатты сөздеріне тоқталайық.
Кенжегүл: Біз мемлекет құрдық. Құрғанда да аты бар заты жоқ мемлекет емес, Бүкіл адамзат танитын, танып қана қоймаған – мойындайтын, құрметтейтін мемлекет құра алдық.

Жұлдыз-ай:Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.
Әбдіғани:«Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды».
Ш.Динара:Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет.  
Әдемі:   Менің атам да, анам да – қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес.
Фариза: Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын-үсін толтырып кен берген, мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген.
Кітап көрмесіне тоқталу. (Елбасының және Елбасы туралы жазылған кітаптарды көрсету)

Би «Науаи»

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЫ - ХАЛҚЫНЫҢ ҚОЛДАУЫ
Жыл сайынғы жолдаулардың мақсат, міндетіне тоқталып өту
Болашақтың іргесін бірге қалаймыз
ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ- ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

Елбасының қай Жолдауын алып қарасаңыз да мемлекеттің тұрақтылығы, дамуы, гүлденуі, тәуелсіздігін нығайтуы, халықтың әл-ауқатының артуы, ел экономикасының нығаюы сынды бәріміз үшін де маңызды жайттардың қамтылғанын байқау кез-келген азамат үшін қиын емес.
«Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында
-Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталатын 2006 жылғы Жолдауда Елбасы Қазақстан халқының әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға ерекше ден қойды. Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған міндеттерді іске асыру үшін  нақты іс-шаралар жеке-жеке атап көрсетілді[1].

-  Мемлекет басшысының  2012 жылғы 27 қаңтардағы  Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономика­лық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты  Жолдауында әлеуметтік жауапкер­шілікті барлық деңгейде арттыру қажеттігі  аталып көрсетілді. Өйткені, «әлеуметтік жауапкершілігі бар мемлекет адамның даңғазалық ниеттілігін және қол жайып қарап отыратын көңілі мен таптауырындық мінезіне жол бер­мейді»

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағыттары айқындалған Елбасының өткен жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деген Жолдауы стратегиялық маңызды құжат болып табылады.

-Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы -жоспарлау саясаты, ұзақмерзімді даму мен экономикалық өсуді мақсат еткен мықты мемлекетіміздің тағы бір Стратегиялық жоспары. Ал ең бастысы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.Бұл жоспар біздің дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатымызға жаңа серпін беретіні сөзсіз.

-ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы-Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатуда.

Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту.

Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту.

Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту.

Төртінші. ТКШ мен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту

Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Агломерациялар қалыптастыру айтарлықтай тұрғындар ағынымен қатарласа жүреді. Бұл еңбек нарығы мен қалалардың инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын үй қорына қысым туғызады. Сондықтан жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн. Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді.

Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте, бұл - апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу.

Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!

Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның.


Мұғалім: Балалар, ойланайықшы! Егемен еліміздің  саналы,білімді азаматы болып өсу үшін бірінші парыздарың не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
4. Ұлтжанды азамат болу. 5. Ұлттық рухымыз  берік болу
6. Денсаулығымыз мықты,салауатты ұрпақ болу.
7. Ел болашағын берік қолда ұстайтын нағыз азамат болып өсу.
2 – жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып, жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай?
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі
Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей! Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!