400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" мәнерлеп оқу сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
көркемсөз оқу сайысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ»

Мақсаты: Оқушылардың сөз саптауын, сахнада тұру мәнерін қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге, елбасын құрметтеуге баулу. Елбасының еңбек жолынан үлгі алып, еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, халқын сүюге, білімділікке тәрбиелеу.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, кітаптары, рәміздер, «Халқым аман, елім бірлікте болсын деп...», т.б.

Үшқоңыр баурайының белінде өскен,

Әбіштей әкесі әділ өмір кешкен.

Нұр-аға халық үшін жасар істің

Бәрін де бесенеден біліп өскен.

Жас елдің желбіретіп туын көкке,

Жанарын жас Нұрсұлтан тіккен өрге.

Сол сәттен қазақ деген ұлы елдің,

Бақытты мамыражай шөккен көкке.

Далаға қала салды қарыштатты,

Өйткені Есіл ер ғой намыс қатты!

Солшылдық саясатын жою үшін

Көненің жамандығын жаныштатты.- міне, біздің Елбасы осындай.

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар.

  1. желтоқсан тұңғыш президент күніне орай ұйымдастырылып, отырған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты мәнерлеп оқу сайысымызды бастаймыз. ҚР әнұраны орындалсын.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Ұлы даланың тағдыр-тарихын барлық дем тынысымен түсініп, елінің ендігі тарихын сол ұлылар рухында одан әрі жаңғырта, жасарта алып кететін ер, көзсіз батыр, тап-таза ар - намыстан жаралған қайтпас-қайсар қайраткер, елін басқарып, қос батырдың ісін істей алатындай ерекше тұлғаны тап басып таңдап, тағдырын қолына бергенінде жаза басып жаңылған жоқ еді. Ия Елін сүйген , елі сүйген – Елбасымызға мың тағзым.

Бүгінгі сайысымыздың әділ-қазыларын таныстырып өтейін.

Оқу ісінің меңгерушісі Нұрсұлу Матайқызы

Тыныш өмір жалғасып келе жатыр,

Куә болғын ісіне жаңа ғасыр.

Жаратылған ер жүрек мәңгілікке,

Тау тұрғызған Нұрсұлтан нағыз батыр.

Олай болса, ортаға бірінші сайыскерімізді шақырайық

МАД «А» сыныбының оқушысы Сынбай Орынай «Халқымның көшбасшысы»авторы Пірімхан Нұрасыл.

Жырласаң жақсылықты жырла тілім,

Жақсыға ашылады көңіл гүлім,

Кешегі Абылайлар ізін басқан

Елбасыға арналар бүгін жырым- дей отыра, ортаға МАД «Ә» сыныбының оқушысы Айару «Нұр аға» авторыЕлдос Көпжасаров.



Қазақта өлең деген жаухары бар,

Өлеңде арнау деген гаухары бар,

Мен-қазақ деген әрбір текті ұлдың

Жақсыға арнау айтар қауқары бар. Ортада МАД «А» сыныбының оқушысы Алтай Амир «Елбасыға арнау» Рита Алтайқызы авторы.

Халқы сенер ақылын елеп ұлдың,

Еліне де қашанда сенер ұлың

Елбасысы болды да қазағының

Еңкейтпеді жалауын өр елінің. Ән «Көк тудың желбірегені» орындайтын МАД «А» сынып оқушысы Саясатұлы Саян.

Білді бөбек есімін бесіктенде,

Шаттық күйін келеді кешіп кеуде.

Қазақстан деп білер бүкіл әлем,

Назарбаев есімін есіткенде.

Ортада МАД «Ә» сыныбының оқушысы Медет Көркемай «Бабалардың аманаты» авторы Ардақ Байжанов.

27жыл өтіпті сынна дара,

Сыннан өтер сыр бермес тұлғаң ғана.

Нұрсұлтан деп тауың да асқақтады,

Нұрсұлтан деп жыр төкті туған дала.

Сахнада МАД «А» сыныбының оқушысы Асылбек Әділбек «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» авторы Ер-Ахмет.

Мұның бәрі Нұр ағаның ер ісі,

Әрқашанда алда жүрді жеңісі.

Бүкіл әлем тыныштықты тіледі,

Себебі бұл Нұр ағаның жемісі.

«Елбасы» атты өлең шумағымен МАД «Б» сыныбының оқушысы Жансаяны қарсы алыңыздар.

Қазаққа ата-бабаларынан не қалмады десеңші. Әні, жыры, күйі, биі бәрі біздің алтын қазынамыз, төл туындымыз. Қазақ биі орындайтын 1 «А» сынып оқушысы

Жеткізі ұлын өр елін бүгінгіге,

Дос қуанып, күншілдер тұңілдң де.

Бағыт алды «Мәңгі Елге» Қазақстан

Сол жайлы ұрпақ айтар жырын, міне.

Ортада МАД «Ә» сыныбының оқушысы Сарсен Әбу «Елбасым» авторы Бөгембай Анель.

Қазақта Абай деген ақын адам,

Даналық даңғылына хәкім адам.

Абайды сүйіп өскен, әлем білген

Елбасы – өз еліне жақын адам. Ортада Сержан Бақұлының «Елбасыма» атты жыр шумағымен МАД «А» сыныбының оқушысы Тәжібай Жайна.

Кең байтақ елім менің Қазақстан

Ілгерілеп, тек алға қадам басқан.

Елбасының талабымен биіктеп,

Әр таңымыз жақсылыққа жалғасқан.

Ия мұның бәрі алдымен тәңірдің, содан соң Елбасымыздың арқасы.

Келесі қатысушымыз МАД «Ә» сыныбының оқушысы Қожамұрат Дәулет авторы Жалғас Разаховтың «Нұр ата» өлең шумағымен.

Қазақ елінің тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы – тұңғыш Президентімізге жыр арнамаған ақын жыршыларымыз қалмаған сірә. Марал Қаюпованың «Нүрсұлтан Назарбаев» атты өлең шумағымен МАД «А»сыныбының оқушысы Әбу Кәусар ортаға шақырамыз.

Ауыр күнді артымызға тастауы,

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаның бастауы.

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай

Бір керемет жасады –ау кісілік. Елін, жерін жырға қосқан Елбасының қаламынан туған ән. «Елім менің» хор.

  • Ендігі сөз кезегін сайысқа қатысушылардың сөз өнерін саралаған әділ-қазылар алқасына береміз.

Өнерлерің өрге жүзсін балалар! Бұл сайысыымыздың алды. Бұйырса талай сайыстарға қатысып, әлі талай биік белестерді бағындырасыздар деп ойлаймын.

Тұңғыш президенті күні баршамызға құтты болсын!



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.04.2018
1541
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі