Елін
сүйген Президент
Ұйымдастырылған
оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, Жапсыру.
Білім
беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық
Мақсаты:
Балаларға еліміздің Президентін,
рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын,
туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға,
құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ
айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: Слайд,
үлестірмелі материал, теледидар,
суреттер.
Методикалық әдісі: Түсіндіру,
көрсету, ойын, сұрақ - жауап, мадақтау
Мотивациялық
қозғаушы
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Тәрбиеші
балалардың назарын өзіне аударып, шаттық
шеңберіне шақырады.
- Сәлеметсіңдер
ме, балалар!
- Балалар бізге көптеген
қонақ апайлар келіпті, орнымыздан тұрып,
келген қонақ апайлармен сәлемдесіп
алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де
сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас
иеміз біз.
- Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
- Күз мезгілінен кейін қай
мезгіл келетінін білесіңдер ме?
- Қыс
мезгілі келеді екен.
Қыс мезгілінің
ең алғашқы күні бізде үлкен мереке
болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың
құрметіне арналады.
- 1 желтоқсан
күнін Президент күні деп атайды. Сендер
елбасымызды білесіңдер ме?
- Ал,
балалар, көгілдір экранға назар
аударайық.
- Балалар, бұл кім?
-
Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?
-
Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де
Елбасымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыз
Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана
қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың
жұмыс жасайтын орны – Ақорда.
- Балалар
елбасымызға арнап тақпағымызды
айтайықшы.
Ясмин:
-
Елбасымыз Нұр аға
- Салғызып Алтын
орда
- Көркейтіп елін қазақтың
-
Көрсетпей өмір азабын.
- Қазақ елі –
Қазақстан
- Болашаққа үн қосқан
-
Жақсы күнге жетелеп
- Елбасым менің
– Нұрсұлтан
Еламан:
-Қазақстан
дейтін менің бар елім .
-Жатыр алып
жарты дүние әлемін!
-Бұл даланы анам
жаспен суарған,
-Бұл далада атам
қолға ту алған,
-Бұл далада жылап
келіп, уанған
-Бұл даланы көріп алғаш
қуанған
-Бұл далада өскен жанда жоқ
арман!
Нұржігіт:
-
Жасай бер Қазағым!
- Жасай бер Елбасым!
-
Елімнің елбасшысы
- Нұрсұлтан атамыз
аман болсын!
- Отан туралы тақпақ,
мақал - мәтелдер білеміз бе?
Ерасыл:
-
Қуат алған өзінен
- Туған елдің
ұлымын
- Бақытты етіп өсірген
-
Отанымның гүлімін.
Жанерке:
-
Отан – оттан да ыстық
Санжар:
-
Отан - елдің анасы
Жания:
-
Отан – қуат
- Отбасы – шуақ
Мөлдір:
-
Отансыз адам,
- Ормансыз бұлбұл.
-
Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана
тілдері болады.
- Балалар, біз қай
тілде сөйлейміз?
- Еліміздің рәміздерін
мына көгілдір экран арқылы қарап
білейік.
- Балалар бұл біздің мемлекеттік
– Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба.
Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген.
Шаңырақ еліміздің біртұтастығын
бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар
мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде
5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын
болашағы.
«Қазақстан» атты жазу
біздің қазақ екенімізді білдіреді.
Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс
– адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің
белгісі. Тудың ортасында күн мен
қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында
оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей
жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық
пен қырағылықты бейнелеген.
Оюдың
бейнеленуі – қазақ екенімізді
білдіреді.
Түстерінің сары болуы –
молшылықтың белгісі екен.
- Балалар,
рәміздер туралы кім тақпақтар біледі?
Линара:
-
Көк аспандай көкпеңбек
- Қазақстан
жалауы
- Көк емес ол тектен - тек
-
Елдің ашық қабағы.
Ғайни:
-
Елтаңбасы елімнің
- Неткен әйбат
әдемі
- Тұнығындай көңілдің
- Ортада
аспан әлемі.
Қаныш:
-
Құт береке – шаңырақ
- Орын алған –
ол төрден
- Қанатты қос арғымақ
-
Екі жақтан көмкерген.
Мөлдір:
-
Тәуелсіздік жолында
- Талай - талай
тер тамған
- Билігім өз қолымда
-
Еркіндігім – елтаңбам.
Заңғар:
-
Көк аспанда Нұрлы Күлімдейді далама
-
Бақыт тілеп тұр бүгін
- Ол барлық пәк
балаға.
Балалар,
дидактикалық ойын ойнайық.
Ойын:
«не
жетіспейді?»
Ойын шарты: Балалар
мынау не?
Тудың ортасында не жетіспей
тұрғанын тауып көріп жабыстырайық.
Мақсаты:
Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа
үйрету.
- Балалар, біз нені жабыстырдық?
-
Күннің түсі қандай?
- Күннің пішіні
қандай?
- Тудың түсі қандай?
- Күнді
-
Сары
- Домалақ
- Көк
Сергіту
сәті
- Елбасымыз кім?
- Елбасымыздың
жұмыс жасайтын орны қалай аталады?
-
Біз қай елде тұрамыз?
- Біз бүгін не
жабыстырдық?
- Балалар, қазір біз
көгілдір экран арқылы елбасшымызға
арнап «Нұр - аға» атты әнімізді шырқайық.
-
Жарайсыңдар, балалар!
Әрқашан еліміз
тыныш, елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі
желбірей берсін!
Келген қонақтарға
сау болыңыздар дейік.
Күтілетін
нәтиже:
Білуі керек: Елбасын және
елбасы күнін
Үйренуі керек: Рәміздерді
құрметтеуді