Тақырыбы: «Елін сүйген
Президент»
Ұйымдастырылған оқу іс -
әрекеті: Сөйлеу дамыту, Жапсыру.
Білім беру саласы:
«Қатынас»
«Шығармашылық»
Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін,
рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға,
сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға
үйрету.
Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, теледидар,
суреттер.
Методикалық әдісі:
Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ
- жауап, мадақтау
Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне
аударып, шаттық шеңберіне шақырады.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар бізге көптеген қонақ апайлар
келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сәлемдесіп
алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
- Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
- Күз мезгілінен кейін қай мезгіл
келетінін білесіңдер ме?
- Қыс мезгілі келеді екен.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде
үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне
арналады.
- 1 желтоқсан күнін Президент күні деп
атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
- Ал, балалар, көгілдір экранға назар
аударайық.
- Балалар, бұл кім?
- Балалар, сендер қандай елде
тұрасыңдар?
- Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де
Елбасшымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз.
Елбасшымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау
балалар, елбасшымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.
- Балалар елбасшымызға арнап тақпағымызды
айтайықшы.
Акнар
- Елбасымыз Нұр аға
- Салғызып Алтын орда
- Көркейтіп елін қазақтың
- Көрсетпей өмір азабын.
Сулейман
- Қазақ елі – Қазақстан
- Болашаққа үн қосқан
- Жақсы күнге жетелеп
- Елбасым менің – Нұрсұлтан
Али
- Жасай бер Қазағым!
- Жасай бер Елбасым!
Айкөркем
- Елімнің елбасшысы
- Нұрсұлтан атамыз аман болсын!
- Отан туралы тақпақ, мақал - мәтелдер
білеміз бе?
Дамир
- Қуат алған өзінен
- Туған елдің ұлымын
- Бақытты етіп өсірген
- Отанымның гүлімін.
Айкөркем
- Отан – оттан да ыстық
Ақнар
- Отан - елдің анасы
Сулейман
- Отан – қуат
- Отбасы – шуақ
- Улана
- Отансыз адам,
- Ормансыз бұлбұл.
- Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана
тілдері болады.
- Балалар, біз қай тілде
сөйлейміз?
- Еліміздің рәміздерін мына көгілдір экран
арқылы қарап білейік.
- Балалар бұл біздің мемлекеттік –
Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ
бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі
жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5
жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы.
- «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ
екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс –
адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн
мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің
болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен
қырағылықты бейнелеген.
Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді
білдіреді.
Түстерінің сары болуы – молшылықтың
белгісі екен.
- Балалар, рәміздер туралы кім тақпақтар
біледі?
Улана:
- Көк аспандай көкпеңбек
- Қазақстан жалауы
- Көк емес ол тектен - тек
- Елдің ашық қабағы.
Сулейман:
- Елтаңбасы елімнің
- Неткен әйбат әдемі
- Тұнығындай көңілдің
- Ортада аспан әлемі.
Ақнар:
- Құт береке – шаңырақ
- Орын алған – ол төрден
- Қанатты қос арғымақ
- Екі жақтан көмкерген.
Дамир:
- Тәуелсіздік жолында
- Талай - талай тер тамған
- Билігім өз қолымда
- Еркіндігім – елтаңбам.
Айкөркем:
- Көк аспанда Нұрлы
Күлімдейді далама
- Бақыт тілеп тұр бүгін
- Ол барлық пәк балаға.
Балалар, дидактикалық ойын ойнайық. Ойын:
«тіспейді?»
Ойын шарты: Балалар мынау не?
Тудың ортасында не жетіспей тұрғанын тауып
көріп жабыстырайық.
Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа,
жылдамдыққа үйрету.
- Балалар, біз нені
жабыстырдық?
- Күннің түсі қандай?
- Күннің пішіні қандай?
- Тудың түсі қандай?
- Күнді
- Сары
- Домалақ
- Көк
Сергіту сәті
- Елбасымыз кім?
- Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны қалай
аталады?
- Біз қай елде тұрамыз?
- Біз бүгін не жабыстырдық?
- Балалар, қазір біз көгілдір экран арқылы
елбасшымызға арнап «Нұр - аға» атты әнімізді шырқайық.
- Жарайсыңдар, балалар!
Әрқашан еліміз тыныш, елбасшымыз аман, көк
туымыз мәңгі желбірей берсін!
Келген қонақтарға сау болыңыздар
дейік.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Елбасын және елбасы күнін
Үйренуі керек: Рәміздерді құрметтеуді