400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Елін сүйген,елі сүйген елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы Президенті Нүрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру; Дамытушылық: Оқушыларға Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету; Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын,халқын сүйетін азамат болып өсуге,елжандылыққа,патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Елін сүйген,елі сүйген елбасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы Президенті Нүрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру;

Дамытушылық: Оқушыларға Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету;

Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын,халқын сүйетін азамат болып өсуге,елжандылыққа,патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың түрлі сипатта түскен суреттері,кітаптар бұрышы,нақыл сөздер,слайдтар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Кіріспе

1-жүргізуші:

Желтоқсаннан бастау алған егемен,

Егеменді елде берік керегем.

Қазақстан – бірлігімнің айғағы,

Әлем білген басшысымен көреген.

2-жүргізуші:

Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған,

Құт қонған ел қасиеттен жаралған.

Бірлігімнің туын биік ұстанған,

Жаңарған ел Желтоқсаннан нәр алған.

1-жүргізуші:

Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы,

Бейбіт күнде желбіреген байрағы.

Барлық ұлттар бақыт тапқан өзіңнен,

Қазақстан – ынтымақтың айғағы.

2-жүргізуші:

Қазақстан Парламенті «1 – желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні барша қазақстандықтарға құтты мереке болғай.Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.

1-жүргізуші:

Бұл – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ,1991 жылғы 1 – желтоқсанда бүкіл халықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп,ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата – бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады.

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Шығындап қиыр шеттің танып бәрін,

Уа жұртым, шартарапқа шарықтадың.

Бұл әлем қашан тұтас біліп еді

Қазақтай жер бетінде халық барын.

Әр сөздің астарына осы арада,

Ағайын,ой жіберіп жете қара.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында

Тұлғасы Елбасының жеке дара!

Бүгінгі тәрбие сағатымыз елін сүйген,елі де оны сүйетін Елбасына арналмақ. Бүгінгі тәрбие сағатымызды “Ашық журнал” түрінде өткізбекпіз.

Ашық журналымыздың бірінші беті – “Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы”

1 – оқушы:

Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағынан үзінді:

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылдың 6 – шілдесінде Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған ауылында туды.Әкесі Әбіш бау-бақша өсірудің білгірі еді. Алма ағашына алмұрт ағашын будандастырып, бір ағаштан бірнеше түрлі жеміс ала беретін. Анасы Әлжанның мінезі ақжарқын болатын. Күліп, әзілдеп отырғанды ұнататын. Бірақ ашуы келсе, бет қаратпайтын.Қолы ашық жан еді

2 – оқушы:

Нұрсұлтан аға орта бойлы, жазық маңдайлы, ақсары бала болатын. Сырттай момакан көрінгенімен, көзінің оты бар,ұстамды,байсалды еді. Сабаққа алғыр, елгезек, дене бітімді қайратты, күшті,қағылез,сергек бала болатын. Сол кездің өзінде ұйымдастырушылық қабілеті байқалып қалатын. Балаларды үйіріп,артынан ертіп жүретін.

3 – оқушы:

Нұрсұлтан аға Шамалғаннан аудан орталығындағы бірден-бір тасы өрге домалап тұрған жалғыз қазақ орта мектебіне келіп оқиды. Мектептегі барлық қоғамдық жұмыстарға жетекшілік ете жүріп оқушылардың да белсенділігін арттыруға, олардың қабілетінің ашылуына ықпал етіп қана қоймай, өзінің жеке дара ізденуіне уақыт тауып отырды. Мектепті барлық пәндерден үздік аяқтады.

4 – оқушы:

Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағының аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді.Шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

5 – оқушы:

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургия комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

6 - оқушы:

Н. Назарбаев – бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.Ол әр қаламын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу – бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

7- оқушы: Нұрсұлтан ағаның сөзінен үзінді

Мені құлқын сәріден оятар еді.Мен арбаға есек жегіп, жұмысшы қалашығындағы ертеңгі сағат алтыда ашылатын дүкенге уақтылы жетіп үлгеру үшін ауылдан асыға шығатынмын.Шұбатылған ұзақ кезекке тұратынмын . Қап-қара нан, салмақты, қолды сәл батырсаң қабығында саусақтардың ізі қалатын. Үйге бірден он бөлке әкелу үшін кезекке екі, кейде үш рет қайтара тұратын едім.

Мұндай нанды ұзақ сақтауға болмайды. Бөлкелерді турап – турап кептіру үшін күн көзіне қоятынбыз. Бұл бәріміз үшін зор қуаныш болатын. Анда – санда сиыр бұзаулағанда нағыз мейрамға кенелетінбіз. Біздің үй ғана емес, айнала бәрі осылай тірлік ететін.

8 - оқушы: Елбасының өмір жодарынан қысқаша деректер

1969 – 1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия – комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973 – 1977 ж. – Қармет комбинатының партком хатшысы.

1977 – 1979 ж. – Қарағанды облыстық партия комитетінің 2 – хатшысы.

1979 – 1984 ж. – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.

1984 – 1989 ж. – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.

1989 – 1991ж. – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.

1990 жылы ақпан – сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.

9 – оқушы: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

1991 жылы 1 – желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлады.

10 – оқушы:

1991 жылы 1 – желтоқсанда жалпыхалықтық сайлау өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев 98,7%, 1999 жылы 10 – қаңтарда 79,78%, 2005 жылы 4 – желтоқсанда 91,5%, 2011 жылы сәуір айының үшінде де басым дауыспен Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

2 –жүргізуші:

Нұрсұлтан Назарбаевтың Елбасы қызметіндегі жұмысы және Тәуелсіздікке қол жеткізу шежіресіне кезек берейік.

11 – оқушы:

1991 жылғы 10 – желтоқсан. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып аталуы жөніндегі заңға қол қойды.

1991 жылғы 16 желтоқсан. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.

1991 жылғы 29 – тамыз. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды.

1992 жылғы 25 – қаңтар.Қазақстан Республикасы БҰҰ – ға қабылданды.

1992 жылғы 4 – маусым. Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы заңға қол қойылды.

12 – оқушы:

1993 жылғы 15 – қараша. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы Теңге айналымға енгізілді.

1995жылғы 1 – наурыз. Қазақстан халықтарының ассамблеясы құрылды.

1997 жылғы 11 – шілде.Қазақстан Республикасындағы “Тіл туралы” заң қабылданды.

1997 жылғы 20 – қазан. Президенттің Жарлығымен Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

2006 жылы 7- қаңтарда әнұран қабылданды.

Ән:

1 – жүргізуші:

Кезінде Нұрсұлтан Назарбаев «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүние жүзіне танытып, терезесін тең етер едім» деп армандаған болатын.

Жасыратыны жоқ, бүгінде асқақ арманы орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласын,қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі.

Кезінде назардан тыс жатқан, материктің ортасындағы Орталық Азиядағы қазақ елі де сыртқы саясатта өз орнын айқындап, төрткүл дүниемен айналасы аз ғана уақыт ішінде байланыс орнатты. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қосқан үлесінің орасан зор екендігіне ешкімнің күмән келтірмейтіні – тарихи шындық.

13 – оқушы:

Елбасы – үлкен саясаткер болуымен қатар жан – жақты дамыған тұлға. Барлық қазақ азматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай – ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам.

Кітап көрмесіне тоқталу

Нұрсұлтан Назарбаев – бірқатар ғылыми кітаптардың, әлеуметтік – экономикалық даму проблемалары мен қоғамдық – саяси еңбектердің авторы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектері

1.«Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы». Алматы, 1992.

2. «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде». Алматы,1993

3. «Ғасырлар тоғысында».Алматы,1996.

4. «Тарих толқынында».Алматы,1999.

5. «Бейбітшілік кіндігі».Астана,2001.

6. «Сындарлы он жыл».А.:Атамұра,2011.

7. «Тәуелсіздік белестері».А.:Атамұра,2003.

8. «Еуразия жүрегінде».Астана,2003.

9. «Қазақстан - 2030».Алматы,1997.

2 – жүргізуші:

Ендігі кезекте Елбасымыздың қанатты сөздеріне тоқталайық.

1 – оқушы:

Тәуелсіздік – ата – бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман – аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.

2 – оқушы:

Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды.

3 – оқушы:

Елдің бетінде,желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп.

4 – оқушы:

Менің атам да, анам да – қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес.

5 – оқушы:

Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын – үстін толтырып кен берген, мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген.

6 – оқушы:

Сөз бостандығы шексіз емес.

Ол табындыратын ғана емес,

Талқандайтын да қуатты күш.

Ән:

1 – жүргізуші:

Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңін тындайық.

7 – оқушы:

Тәуелсізбін! Бар ма мұң?

Тәләйлі болсын талғамың!

Өркені өссін қазақтың,

Осы – менің арманым!

Күн тұрғанда тұратын,

Жұрты сайран құратын

Қала болсын Астана,

Осы – менің мұратым!

О,Ақорда, Ақ шатыр,

Баянды болсын Азаттық,

Осы – менің мақсатым!

Халқым – менің тірегім,

Құрбан жаным,жүрегім!

Атымыз,озсын бәйгеде,

Осы – менің тілегім.

2 – жүргізуші:

Елбасына арналған жыршумақтарға кезек берейік.

8 – оқушы:

Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім,дінім,ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады – ау кісілік!

Елбасымыз, саған мәңгі разымыз,

Үлкен – кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де әніміз.

Халқым айтқан “Жер көтерер ел даңқын”

Елім айтқан “Ел көтерер жер даңқын”.

Президентім Елбасы аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

9 – оқушы: “Нұр аға”

Биіктей бер, Нұр аға,

Қыран қанат талмасын.

Қадірлемей тұра ма

Халық сіздей тұлғасын.

Гүлдене бер, Отаным,

Көтерген туын Нұр ағам.

Көбейткен достың қатарын

Нұр аға – біздің ұлы адам.

10 – оқушы:

Мен қазақтың ұланымын,елімнің,

Мен қазақпын,тірегімін жерімнің.

Ұланымын туын көкке көтерген,

Болашаққа,алға бастап жетелер.

Қиындығын қазағымның әрқашан

Қайыспайтын қара нардай көтерер.

Естімейік енді елдің жылағанын,

Қайта құлап бостандық сұрағанын.

Абылайдың жолымен алға басқан.

Құт болсын “нұрлы жолы” Нұр ағаның.

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,

Өмір жолы болған қиын бұралаң.

Қазағымды жарқын жолға бастады.

Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.

11 – оқушы:”Елбасы”

Төбемнен төңкергендей қара түнді,

Түлетті Тәуелсіздік қанатымды.

Елбасы арқасында ел жаңарып,

Арқаға Астанадай қала тұрды.

Ежелде елтұтқалар ел орнатқан,

Ұласқан ұрпағына олар мақтан.

Елбасы – қасиетті аталы сөз,

Мазмұны, мағынасы терең жатқан.



1 - Оқушы:

Аман бол, ел ардағы, ел арманы,

Сезімнің – қызғалдақ гүл қоғамдағы.

Батырсың баяғыдан күткен елің,

Шақырсың тек бақытқа жол алдағы.

Аман бол, сәуленді шаш төңірекке,

Жалғасыңа жасырмаймын көп ретте.

Шығарды тарих анаң қалап сені

Халқынды бастайтұғын ер керекте.

Аман бол, алтын жүрек, дана басым,

Ел үшін өлімге де бара аласың.

Буының бүгілмесін ел алдында,

Ертең де еңбегінді бағаласын.

Аман бол, бір туған ел анадан,

Жамандық өтпес болсын шекарадан.

Еңсесі аласармай жүреді еркін.

Елімнің жолы болсын деген адам.

Ән:

1-Жүргізуші:

Ашық журналымыздың келесі бетін “Қазақстанның мақтанышы - Астана” тақырыбында Елбасымыздың ел басқарып отырған бас қала Астанаға арнаймыз.

2-Оқушы:

1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында,Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

3-Оқушы:

Астана – Қазақстанның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Қазқстан Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

« Қазақстанның мақтанышы – Астан ».

4-Оқушы:

Астана – қазағымның бас қаласы,

Арқада бой көтерген жас қаласы.

Көшірген Астананы орталыққа –

Елбасы Нұрсылтанның бастамасы.

5-Оқушы:

Ауыр сын, қиындықтан жасқанбаған,

Сарыарқаға көш бастап басқан қадам.

Бүгінде дос сүйініп, әлем танып,

Атағы Астананың аспандаған.

6-Оқушы:

Желбірейді көк байрағың көгінде,

Кереметсің көрік берген өңірге.

Ғаламдағы ғаламаттың бірі боп

“Бәйтерегің” жарқырап тұр төрінде.

7 – Оқушы:

Шат қалам менің,бақ қалам менің

Бақ қаласымен мақтанған елім.

Жайнай бер гүлдей астында Күннің,

Астанам менің, Ақ қалам менің!

Ой қорыту: Топтастыру

2-Жүргізуші: Балалар, енді Елбасымыздың дәрежесін атайық.(Елбасы портреті айналасына қағазға жазылған дәрежелері қойылады)

Қазақстанның тұңғыш Президенті

Қарулы күштердің Жоғарғы Басқолбасшысы

Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы

Қазақтардың Дүниежүзі қауымдастығының төрағасы

«Ғасыр адамы»

Экономика ғылымының докторы,академик

Әнұранның авторы,жазушы

Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы

Алымды да алғыр басшы

Көреген саясаткер

1-Жүргізуші:

Қазақ елі желбіреп көк байрағың,

Гүлге оранды ауылың мен аймағың.

Нұрсұлтанның биіктерге бастады,

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

2-Жүргізуші:

Ән:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
442
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі