жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Еліне береке сыйлаған "Алтын күз"
Еліне береке сыйлаған «Алтын Күз»
1. Айзере
Қарсы алайық бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күз бізге нұр төгіп.
2 .Нұрислам
Тілегім аман болсын ел іргесі
Алтын күз қайта келді берекесі
Молшылықтың жаршысы бола берсін
Алтын күз береке бірлік ала келді.
Жүргізуші:
Қуандырып біздерді кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді кемелденсін халқымыз
Жемісті мол теретін күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін жомарт екен күз деген
Армысыздар құрметті ұстаздар ата-аналар, Еліне береке сыйлаған « Алтын күз» атты ертенгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Ертеңгілігімізді ашып беру үшін «Сыр берекесі» балабақшасының меңгерушісі:
Шахатова Роза Сабырханқызына сөз берейік.
Жүргізуші:
Қуандырып біздерді кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді кемелденсін халқымыз
Жемісті мол теретін күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін жомарт екен күз деген
Бүгінгі біздің «Еліне береке сыйлаған Алтын күз»- атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Ендігі кезекті бүлдіршіндеріміздің орындауында « Күз тамаша.» Әні қабыл алыныздар
.
Жүргізуші:
Қош келдіңіз көрермен
Аяулы күз алтын күз кешіне
Отырыңыз қол соғып
Шат күлкіге бөленіп
Көбейді құт береке
Астық толы қоймаңыз
Құтты болсын мереке-
Алтын күзді тойлаймыз
Келесі кезекті «Балдаурен» тобының бүлдіршіндерін өз өлең шумақтарымен ортаға шақырайық.
Айзере
Қоңыр салқын тарады
Қоймалар мен сайлардан
Қаздар қайтып барады
Қайқан елдей жайлаудан
Жібек
Қарашы күз күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді
Құс біткен керуен түзеді
Қара бұлт қабағын түйеді
Зейін
Соңғы шуақ төгіліп
Жалқынданып тұр аймақ
Ақ сәулеге шомылып
Жапырақтар тұр ойнап
Ернұр
Келді міне күз
Айнала сара түс
Керемет тамаша
Қандай әсем күз
У Каусәр
Жеміс жидек пісті
Қамбаға астық түсті
Қызу жұмыс басталды
Жинап алды жан салып
Қ Каусар
Нұрға бөлеп өңірді
Жырға бөлеп өңірді
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.
Дулат
Әуенге еріп сиқырлы
Айтылды ән боп сыр қилы
Күзгі әуен жастардың
Жүрегіне нұр құйды
Расул
Күз келді алақай
Алтын келді далаға
Дәні біткен бидайды
Құйып жатыр қамбаға
Н Нұрислам
Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды
Күз әуені кеп жетті
Әнге бөлеп жастарды.
Нұрперзент
Саят
Күздің қазан
айында,
Алма, алмұрт
піседі.
Жапырақтар
сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр
түседі.
Арман
Жүргізуші:
Мың бұралып билеген
Бишіні кім сүймеген
Қараңдаршы қызықтап
Қандай әсем би деген – деп келесі кезегімізді «Балдаурен» ересектер тобының сұлу жігіттерін Джентлмендер биімен қошеметтеп қарсы алайық.
Жүргізуші:
Әнші бала ән салады бұлбұлдай
Айтты маған жәй дыбыспен сыбырлай
Ән айтамын ән айтамын жалықпай
Әндері оның неткен сұлу әсем-ай.- дей келе келесі кезекті әсем әнге берейік.
Құдірет
Жігер
Мади
Ернурдың - орындауында «Күз жомарт» атты әнін қошеметпен қарсы алайық!
Қонаққа жаңбыр кіреді (жаңбыр музыкасымен жердегі жапырақтар ушады)
Сәлем
менің достарым,
Өмірге көп
қосқаным,
Күз сыйлығын
алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге
салыңдар.
Жаңбыр: Сәлеметсіңдерме балалар!Балалар мені таныдыңдар ма?олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын жарай ма?Сендер шешіп көріңдер.
Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың.
Жаңбыр: Ой жарайсыңдар балалар!
Жүргізуші: Сәлеметсізбе жаңбыр біз алтын күз мерекесін тойлап жатырмыз, бізде өнерлі балалар өте көп сол бүлдіршіндердің өнерін көруге қалай қарайсыз?
Жаңбыр: жарайды олай болса өнерлі бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалайын.
Жүргізуші: Жаңбыр біздің бүлдіршіндеріміздің сізге арнаған «жаңбыр жаңбыр» әнін қабыл алыңыз.
Жаңбыр: Oh? look who are you? boys and girls there are vegetables?
Көрініс: Көкөністер және бақты баптаушы
Жүргізуші:
Көкөністер бәрі
де,
Денсаулыққа
пайдалы.
Мұны жатқа
біліңдер,
Оларды жақсы
көріңдер!
Ерали қияр
А.Ерасыл қырыққабат
Айзере бақты баптаушы
Жібек қызанақ
Нурислам жуа
Қайсар қарға рөлінде
Жаңбырдың соңғы сөзі:
Балалар сендер өте өнерлі балалар екенсіңдер жарайсыңдар!Енді менің алі де баратын жерлерім көп.Мені әлі қанша балалар кутіп отыр.
Берекелі бақ даулет
Арта түссін тойланып
Сау болыңдар балалар
Келгенше жыл айналып
Жүргізуші:
Келесі кезекті Балдаурен ересектер тобының «Золотая Осень» атты өлең шумақтарына берсек.
Құдірет:
Жду я осень с нетерпением
Чтобы в парке погулять
И с хорошим настроением
Листья желтое собрать.
Айшабибі:
Осень мокрая явилась
Нас готовить к холодам
Чтобы меньше мы развелись
И сидели по домам.
Нұрсұлтан:
Осень наступила
Высохли цветы
И глядять уныло
Голые кусты.
Ұ.Нурислам
Жүргізуші:
Өнердің түр – түрі бар, бұл
ғаламда,
Ән салады әншілер, қыр -
далада.
Бишілер мың бұралып
билегенде
Тебіренер сілкініп, жер - ана
да.
ортаға қуыршақтар биімен бір топ сұлу қыздарымызды шақырамыз.
Ендігі кезекте «Балдаурен» ересектер тобының бүлдіршіндерін өлең шумақтарымен қол соғып ортаға шақырайық.
Нұрислам
A Little elf
That on a tree
Painting leaves
To throw at me
Қайсар
The leaves are falling
One by one
Summers over
Kindergartens’ begun
Т Ерасыл
Leaves of yellow
And leaves of red
Came tumbling down
About my head
А Ерасыл
The sun flower children
Nod to the sun
Summer as over
Fall has begun
Мади
Down, down!
Yellow and brown
The leaves are falling
Over the town
Жүргізуші:
Қулақтан кiрiп бойды алар,
Әсем ән мен тәттi куй.
Көнiлге турлi ой салар,
Әндi суйсең менше сүй-деп келесі кезекті «Алтын күз» әнімен балапандарымызды қошеметпен қарсы алайық
Нұрсұлтан
Нурила
Айша
Жүргізуші:
Сән — салтанат
жасайық,
Күйсандықты
ашайық.
Бұл мереке, бұл
тойға,
Бимен шашу шашайық – деп ортаға «Балдаурен»
ересектер тобының бір топ
бишілерін «Күзгі
вальс» биімен
шақырамыз.
Жүргізуші:
Қызылорда қаласы
Болған бір кез астана.
Ал бүгінде құлпырып,
Өркен жайған жас қала.
Сыр бойында осындай
Сәулетті бір қала бар.
Гүлзар бақта ойнайды
Шат - шадыман балалар.
Ендігі кезекте «Біздің қала»-атты әнімен бүлдіршіндерімізді ортаға қошеметпен шақырайық.
Саят
Нұрперзент
Ерали
бүлдіршіндерімізді ортаға қошеметпен шақырайық.
Жүргізуші: келесі кезекте балапандарымыздың «Урожайная» әнімен қошеметтеп қарсы алайық.
Ана
Анам менің ақылшым ғой
ардақты,
Ана деген ардақты ғой
салмақты.
Ана деген мейірімді
қамқоршым,
Аяулы менің
анашым.
Әке
Әке деген
ардақты,
Әке деген
салмақты.
Әкешім менің
аяулы,
Отбасына
қамқоршым.
Олай болса ендігі кезекті ата аналар ойынына берейік: Қолшатыр ойыны
Ойын шарты:Ортаға төрт ата-ана шығады,жерге үш қолшатыр қойылады,ата-аналар әуенмен билеп әуен тоқтаған уақытта бір қолшатырды алып қолшатыр астына отырып қалуы керек,үлгермей қалған ата-ана ойыннан шығарылады,әр ойында бір қолшатырдан қысқартылып отырады.соңына дейін жеткен ойыншы жеңімпаз болады.
Айзере: Білесің бе Нұрислам биыл біздің Қызылорда қаламызға 200 жыл толыпты.
Нұрислам: Я әрине Айзере барша Қызылорда қаласы болып осы 200жылдық мерей тойын атап өтті.
Жүргізуші:
Дұрыс айтасыңдар
балалар алты алашқа ана болған Сыр
елінің бас қаласына - 200 жыл. Сырдарияның жағасындағы қасиетті
мекеннің тарихы тағлымды. Ал, қазір Қызылорда - қанатын кеңге
жайған ғажап қала.Осы асем қаламыздың мерейтойына арнап біздің
бүлдіршіндеріміз ән шырқамақшы екен.
Ортамызға Нұрила және Ерасылды үлкен қошеметпен
«Біз бақытты бал бала
»әнімен қарсы
алайық!
2 Жүргізуші бірге
Демеңіз біз өнерді аяп қалды
Уақыт та біраз жерге таяп қалды
Келесі кездескенше сау болыныз
Іс шарамыз осыменен аяқталды!!!!
Келесі кездескенше Сау саламат болыныздар!
Жүргізуші:
Осыменен бүгінгі
біздің «Еліне береке сыйлаған
Алтын Күз» атты ертенгілігіміз
аяқталды.Келесі кездескенше сау саламатта
болыныздар!!!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген