Материалдар / "Еліне сүйікті Елбасы!" өлеңі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Еліне сүйікті Елбасы!" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ой дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
347
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ата заң – мәңгілік елдің берік тұғыры!

Мақсаты: 1. Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.

3. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Жүру барысы: І. Ұйымдастыру

Кіріспе әңгіме

Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар.
Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп - өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз бар. Қаншама қиындық көрсе де, қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан - кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата - бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті.
Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата - бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.

І – бөлім «Тәуелсіз елдің тұғыры – Ата Заң»

ІІ – бөлім « Ата Заңым – мақтанышым, қорғаным»
ІІІ бөлім Құқығыңды білесіңбе бөлімі бойынша сұрақ- жауап әдісі
ІV бөлім «Қазағым, қанша айтсам да, таусылмайды ғажабың» мақал-мәтел жалғастыру
Бүгінгі тәрбие сағатымызға өз ой - пікірлерін ортаға салайық.

  • Ата Заңымыздың еліміздің арайлы азаттығымыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың  бұлжымас бағдары екені, ол еліміздің алтын арқауы,  толағай табыстарымыздың бастау қайнары болып саналатыны атап көрсетілді.«Конститутция-біздің асқақ абыройымыз»Конститутция –кемел келешектің кепілі.  Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналды.

  • Конституциясы – Қазақстанның Ата заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.

  • Конститутция –біздің асқақ абыройымыз, Қарулы күштер –ашық аспанымызды қорғайтын айбынды абыройымыз!Біздің Негізгі заң –бұл біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас.Қысқа мерзімде біздің еліміз болашаққа серпінді секіріс жасады. Біздің көз алдымызда еліміздің жаңа тарихы қалыптасуда.

  • Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы. (1937, 1978, 1993, 1995) Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі. Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.

  • Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі –бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату»идеясына қойылған ескерткіш-белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң –еліміздің басты алаңы. Конститутция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз –негізгі заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу.

  • Әрбір қазақстандықтың  Конститутциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап орындауы маңызды. Конституция біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Барша мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы-осы құндылықтардың қырағы күзетінде болу.



Мұғалім: Енді Ата Заңымыздың кейбір баптарына тоқталып өтейік.
7 - бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тiлi.
9 - бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгiленедi.

14 – бап

Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

27 - бап

1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың етене құқығы әрі мiндетi.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.

29 - бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30 - бап
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi
34 - бап
1. Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.
36 – бап

1.Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

ІІ – бөлім « Ата Заңым – мақтанышым, қорғаным»
Мына сөздің байыбына тоқталайық
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз деп атап өтті» Н.Ә.Назарбаев.
« Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне қызмет еткен азамат мұратына жетеді демекші «Тәртіпке бас иген құл болмайды» Б.Момышұлы

«Балам бол, басқа бол – бәрінде заң біреу – ақ»
Ж.Баласағұни

ІІІ бөлім Құқығыңды білесіңбе бөлімі бойынша сұрақ- жауап әдісі
1 Егемендік алғаннан кейін ҚР Конститутциясы қанша рет қабылданды?
2 Республикадағы заң шығарушы орган ?
3 ҚР Конститутциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады?
4 ҚР валюта қашан қолданысқа енгізілді ?
5.Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады ?
6. Неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі ?
7. Әр адамның жеке басының куәландыратын құжат?
8. Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады ?
9. Құқық салаларын атаңдар?
10.Азаматтық кодекс қашан қабылданды?
11. ҚР Мемлекеттік нышандары туралы заң қай жылы қабылданды ?

ІV бөлім «Қазағым, қанша айтсам да, таусылмайды ғажабың» мақал- мәтел жалғастыру
1. Тура биде (туған жоқ)

2. Қылмыскер кісіден қорықпайды (ісінен қорқады)
3. Дау мұраты біту (Жол мұраты жету)

4.Сөз шынына тоқтайды (пышақ қынына тоқтайды)
5. Атаның баласы болма (Адамның баласы бол)
6. Малым жанымның садағасы, (Жаным арымның садағасы)

Қорытынды :

Міне, балалар! Ө з міндеттеріміз бен құқықтарымызды біліп, оны дұрыс орындап, бірлік пен ынтымақта жұмыс жасап, Қазақстан елінің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы үшін үлесімізді қосайық дегім келеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!