«Елін сүйген
Елбасы»
Тақырыбы: «Елін сүйген
Елбасы»
Ұйымдастырған оқу
іс-әрекеті: Тіл дамыту,
Жапсыру.
Білім беру
саласы: «Қатынас»,
«Шығармашылық»
Мақсаты: Балаларға еліміздің
Президентін ,рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін
сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ
айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: Суреттер, үлестірмелі
материалдар.
Методикалық
әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын,
сұрақ-жауап, мадақтау.
Тәрбиешінің іс-әрекеті:
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне
шақырады.
-Сәлеметсіздер ме,
балалар!
-Балалар бізге көптеген
қонақтар келіпті, орнымыздан тұрып , келген қонақтармен сәлемдесіп
алайық.
Балалар: Үлкенге де
сіз,
Кішіге де
сіз.
Барша жанды
құрметтеп,
Бас иеміз
біз.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік ән ұранды орындаймыз.
-Балалар қыс мезгілінің ең
алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің
Елбасымыздың құрметіне арналады.
-1желтоқсан күнін Президент
күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер
ме?
- Ал, балалар, суреттерге
назар аударайық.
-Балалар, бұл
кім?
-Балалар, сендер қандай елде
тұрасыңдар?
-Әр елдің өз басшысы болады.
Біздің де Елбасымыз бар . Оның есімі Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев
атамыз.Ал мынау балалар, елбасымыздың жұмыс жасайтын орны-
Ақорда.
-Балалар елбасымызға арнап,
елімізге арнап тақпағымызды айтайықшы.
Адина: Отан деген-
атамекен
Отанымды сүйемін
мен
Отан жерім, Отан
елім
Міне менің Қазақ
жерім
Нурасыл: Қазақстан Менің
Отаным
Атыңды әнге
қосамын
Шарықтап өсіп, дами
бер
Білімімен үлес
қосамын.
Аяла: Отан деген- әр адамның
жүрегі
Оған ел де, жер де, су да
кіреді
Отанымды бар әлемге паш
еткен
Президентім, мақтанышым,
тірегім
Аян : Мерекеге
шығады
Бүкіл халық, біліп
қой
Отандастар
ұғады
Тәуелсіздік ұлық
той
Жансая : Біз бақытты
баламыз
Тәуелсіз елдің
ұраны
Мәңгі жасап,
гүлденеміз
Ұлы елдің
қыраны.
С. Каусар: Отан туған
үйіміз
Отан туған
жеріміз
Отан ортақ
үйіміз
Көңілді ән мен
күйіміз
Нүркен : Қуат алған
өзіңнен
Туған елдің
ұлымын
Бақытты етіп
өсірген
Отанымның
гүлімін
Інжу : Көк аспандай
көкпеңбек
Қазақстан
жалауы
Көк емес ол
тектен-тек
Елдің ашық
қабағы.
Рабия: Елтаңбасы
елімнің
Неткен әйбат
әдемі
Тұнығындай
көңілдің
Ортада аспан
әлемі
Раяна : Тәуелсіздік
жолында
Талай- талай тер
тамғам
Билігім өз
қолында
Еркіндігім –
елтаңбам
Ақбидай : Тәуелсіздік келді
деп
Оралды қайта
салтымыз
Баянды болғай енді
тек
Бақытты біздің
халқымыз.
Аружан : Отаным,
Қазақстаным
Жұмбағым
Қазақстаным
Сен менің
желеп-желбеушім
Тәуелсіз
Қазақстаным.
Сырым : Елтаңбасы
елімнің
Ортасында
шаңырақ
Мемлекеттік
туымнан
Күн шығып тұр
жарқырап.
-
Балалар, әр елдің өз
рәміздері, өз ана тілдері болады.
-
Балалар, біз қай тілде
сөйлейміз?
-
Балалар рәміздер туралы
айтайық. Балалар бұл біздің мемлекеттік- Әнұранымыз. Ал, мынау
–Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ
еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар
мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде бес жұлдыз мемлекетіміздің
жарқын болашағы.
-
Балалар туымыздың түсі- көк.
Көк түс- адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың
ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті
бар. Күннің болуы- күндей жарқын болсын, дала бүркіті- дархандық
пен қырағылықты бейнеленген.
Сергіту
сәті
«Отан» атты әнімізді
шырқайық.
Балалар, дидактикалық ойын
ойнайық.
Ойын: « Нұрсұлтан
қаласы»
Ойын шарты: Балалар мынау
не?
Нұрсұлтан қаласының
ғимараттары бейнеленген суреттерді қағазға
жапыстыру.
Мақсаты: Балаларды
шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.
-Балалар, біз нені
жабыстырдық?
- Жарайсыңдар
балалар!
Әрқашан еліміз тыныш,
елбасымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей
берсін!
Келген қонақтарға сау
болыңыздар дейік.
Күтілген
нәтиже:
Білуі керек , елбасын және
елбасы күнін
Үйренуі керек : Рәміздерді
құрметтеуді.
