400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Елтаңба Ту

Материал туралы қысқаша түсінік
Елтаңба ту әнұран туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Уақыты:

ҚМЖ

Пән мұғалім

Ержанова Г Б

Сабақтың атауы

Елтаңба мен Ту туралы жыр

Кеңес Оразбекұлы

Мақсаты





Күтілетін нәтиже






Оқушыларды жаңа тараумен таныстыру. «Елтаңба мен Ту туралы жыр» мәтінімен таныстыру арқылы, еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту.
Оқушыларды жаңа тараумен танысады. «Елтаңба мен Ту туралы жыр» мәтінімен танысу арқылы, еліміздің рәміздері туралы білімдері кеңейеді.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, ой қозғау, сұрақ - жауап, көрсету.
Көрнекілігі: тақта, оқулық, слайд.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Оқушылар: Ана тілім – бала шағым, өркенім,
Ана тілім – болашағым, ертеңім,
Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,
Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.
1. Туған жердей – жер болмас,
Туған елдей – ел болмас.
2. Туған жердің түні де ыстық, күні де ыстық.
3. Отан – оттан да ыстық.
4. Отан үшін отқа түссең - күймейсің,
Арың үшін алыссаң - өлмейсің....
Оқулықпен жұмыс. Мәтінмен жұмыс.
«Елтаңба мен Ту туралы жыр».
Мұғалім: Мәтінді оқу ережесін сақтап оқы.
Оқушылар: Мәтінді іштей, түсініп, шапшаң оқиды.
Мұғалім: Дауыстап оқыту.
Оқушылар: Тақтаға 1 - 2 оқушы шығып дауыстап, дұрыс, мәнерлеп оқиды.
Қалғандары қолмен жүгіртіп отырады.
Мұғалім: Мәтінді талдау. Түсінік сұрау.
Оқушылар: түсініктерін айтады.

Дәптермен жұмыс

Дәптермен жұмыс.
Мұғалім: Тапсырма 2: Мәтінге сүйеніп, мақалдармен нақыл сөздерді аяқтап жаз.
1. Ат ердің -....
2. Бергеннің..., бермегеннің....
3. Ел аралаған... болар.
4. Отан -... ыстық.
5.... – өлең төсегім.
Оқушылар:
1. Ат ердің - қанаты.
2. Бергеннің қолынан, бермегеннің жолынан.
3. Ел аралаған сыншы болар.
4. Отан - оттан да ыстық.
5. Өз елім – өлең төсегім.

Ой толғаныс

Слайдта Елтаңба мен Тудың суреттері көрсетіледі. Артына сұрақтар мен тапсырмалар жасырынған.
1. Қос пырақ қандай елдерді аралапты?
2. Қыран олардан не деп сұрайды?
3. Пырақ не деп жауап береді?
4. Мәтіндегі мақалдар не туралы айтылған?
5. Елтаңбаның авторы кім?
6. Тудың авторын ата
7. Әнұранның авторы.
Оқушылар:
1. Шығыста Амурды, батыста Дунайды, Румды аралапты.
2. Не көрдіңдер, не түйдіңдер? деп сұрайды.
3. Көргенімізді айтсақ көп сөз. Түйгенімізді айтсақ, «Әркімнің өз жері – жұмақ» екен, - депті.
4. Туған ел, туған жер туралы.
5. Ж. Мәлiбеков пен Ш. Уәлиханов
6. Шәкен Ниязбеков
7. Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі

Үйге тапсырма

Елтаңба мен Ту туралы мәліметтер жинақтау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Не ұнады? Не ұнамады? Не қиын болды?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
554
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі