400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Елтану "Су - тіршілік көзі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану пәнәне керекті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты:

Елтану

Уақыты: 20.09.17

Сыныбы: 3 а,ә,б

Мұғалім:

Тунгатарова Айгуль

Сабақтың тақырыбы:

Су – тіршілік көзі

Сабақтың мақсаты:


  1. Судың қасиеті туралы тақырыпты меңгерту.Балаларға судың маңызы туралы нақты түсінік беру.

  2. Балаларға судың денсаулыққа пайдасы туралы түсінік беру.Суды үнемдеп пайдаланудын ережелерін түсіндіру.

  3. Суды ластамауға тәрбиелеу, қорғауға тәрбиелеу.


Әдісі: іздену - ойлау, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: жаңбыр, қардың, будың, судың суреттері

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: түгендеу, зейінін сабаққа аудару.

Күтілетін нәтиже


Психологиялық дайындық:

Шаттық шеңбері

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа бізге дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат.


Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Қызығушылықты ояту

Сұрақ-жауап:

  • Балалар,бүгінгі сабақта біз

тағы да бір табиғат сыйымызбен танысып көрейік. 
Музыка:Судың сылдыры естіледі. 
Балаларға глобусты көрсету. 
-Салыстырып көрейік глобуста жер көппе,су көппе? 
-Дұрыс су көп екен. 
-

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

ІІІ Жаңа сабақ:

  • Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық, арқамызды тік ұстап, әдемі отырамыз. Бүгінгі оқу іс - әрекетіміздің тақырыбын айтпас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдаңдар:

Су туралы видео (2 мин көрсету)

Жұмбақ

Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не?

Жауабы: Су.

  • Дұрыс балалар, әрине су. Ал ендеше бүгінгі оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы –

«Су - тіршілік көзі» екен. Ойыма ақын Тұрсынзада Есімжановтың су туралы мынадай өлең жолдары есіме түседі.

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.

Судың біз біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін, - дейді.

Балалар осы өлең жолдарында айтқандай су болмаса тіршілік болмайды.

  • Балалар су қандай зат?

Су өмір бойы айналамызда болады.Ол жаңбыр немесе қар болып жерге түседі,бұлақ болып өзенді құрайды,ол судан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып,аспанға көтеріледі де,жер бетіне жаңбыр болып қайта оралады екен. 
Үстел үстіне стакандарды қойып,балалардың назарын аудару. 
1.Суға тұз салып көрсету 
2.Суға секер салып тәтті екенің көрсету 
3.Судың температурасын өзгерту (жылы су,қайнаған су мұз су) 
Судың түсін өзгерту. 

  • Су тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтықтықта тіршіліктің көзі жатыр.

- Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Судың адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да сұраныстарына ие. Тіпті оның емдік қасиеттері жайлы да жиі айтылады. Адам денесінің 70 пайызы судан тұрады. Ендеше, ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады. Судың біз біле бермейтін жиырмадан астам өзге де қасиеттері бар:

  • Иммунитетті жақсартады;

  • Дене температурасын реттейді;

  • Су адам зейіні ашады;

  • Жұмыс өнімділігін артады т.б.

Суды ішеміз және жуынамыз. Сумен өсімдіктерді, бау-бақшаны суарамыз. .

Суға қатысты тыйымдар

1.Су ішкен құдыққа түкірме.

2.Түнде суға барма.

3.Түнде судың бетін ашық қалдырма.

4.Өзен, көлдерді ластама.

ҮІІ.Қорытындылау. Судың емдік қасиеті туралы видео

Сергіту сәті

Су үшін не «дұрыс», не «бұрыс» ойын

Ой сергітеді,

шаршағандары басады

Ой толғаныс

-Ойланып жауап беріңдер:

Суға қатысты тыйымдар

1.Су ішкен құдыққа түкірме.

2.Түнде суға барма.

3.Түнде судың бетін ашық қалдырма.

4.Өзен, көлдерді ластама.

ҮІІ.Қорытындылау. Судың емдік қасиеті туралы видео

Сау болыңыздар!


Кері байланыс

Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Саған қайсы тапсырма қиын болды немесе ұнады?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
545
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі