400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эмоционалды интеллект

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог-психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эмоционалды интеллект

«Өмірдің 10 пайызы - сіздің өміріңзде болып жатқан оқиғалар және 90 пайызы – сіздің оған қалай жауап қайтаратыныңыздан, реакцияңызда тұрады»

Чарльз Свиндолл



Ғылым мен технологияның қарқынды даму ғасырында адамзаттың бойынан жоғалып бара жатқан құнды қасиеттердің бірі – эмоциналды интеллект. Өскелең ұрпақтың бойында өркениетті қоғамның өркендеуіне өзіндік үлесін қосар пайдасы тиер қасиеттердің болуы өте өзекті.

Эмоционалды интеллект дегеніміз не? Ол адамның әуелі өзінің содан соң өзгелердің қалауын, ниетін, мотивациясын, эмоциясын түсінуі, тану қабілеттері мен дағдыларының жиынтығы, практикалық мақсаттарды шешу мақсатында өзінің эмоцияларын және басқалардың эмоцияларын басқару қабілеті болып табылады.

Адам дүниеге келе салып, эмоциясын көрсетеді, шығарады. Бріақ оның қандай эмоция, не үшін ол эмоция пайда болды, не әсер етті, оны пайымдамайды. Адам өзін қоршаған ересектер, құрбы-құрдастарына қарап эмоцияларды пайдалану жолдарын үйренеді. Дүниеауи мақсат, мұраттарға қол жеткізу де осы эмоциялардың ойнайтын рөлі ерекше.

Ақыл-ой қабілеттері жетілген тұлғаның бойында эмоционалды интеллектісі жеткілікті дәрежеде дамыуы – тұлғаның өмірлік табыстарының кепілі.

Сонымен, адам білім, білік, дағдылармен қаруланып қана қоймай, эмоциялар туралы, оны өмірде тиімді қолдануды да үйрену қажеттілігін аңғарамыз. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, материалдық және рухани тұрғыда табысқа жеткен жандардың 90%- ының EQ деңгейі жоғары көрсеткіште болған. IQ+дағдылар+EQ – бұл табысты адамдардың формуласы. Ақыл-ой қабілеттері, түрлі тіршілікке қажетті дағдылар, және эмоционалды интеллектісі дамыған тұлғалар салыстырмалы түрде жетістікке жетеді.

Эмоционалды интеллектіні адам бойынан қалай анықтаймыз? Әрине оның компоненттерінен:

  • Өзін-өзі түсіну;

  • Өзін-өзі реттеу;

  • Мотивация;

  • Эмпатия;

  • Әлеуметтік дағдылар.



Өзін-өзі түсіну – толықтай өзінің сезімдерін, уайымдарын, әрекетін, ойын түсінуі. Яғни, мен не сезініп тұрмын, менің уайымым не, не істеп жатырмын деген сұрақтарға толықтай жауап бере алуы. Өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін бағалауы, өзіне деген сенімділігі.

Жалпы түрде, адамның бойында жиі кездесетін эмоцияның негізгі 6 түрі бар: қуану, ашулану, қорқу, таңқалу, жақтырмау, ренжу.

Эмоциялар туралы біліміңізді тексеру үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

  • Қалауыңыз орындалғанда, мақсатыңызға қол жеткізгендегі сезім?

  • Сіздің басқа адам табысқа кенелгеніне ызалану сезімі?

  • Қуанышты көңіл-күй, ризашылық сезімі?

  • Өзіңді лайықты, құрметті, сыйлы сезіну?

  • Қоршаған ортаға қызығушылық болмай, жұмыс жасамай отырғандағы сезім?

  • Затқа немесе адамға жүрекпен сүйіспеншілік сезімі?

  • Өзгелердің қайғысына, уайымына ортақтасу, көңіл бөлу сезімі?



Осы сұрақтарға жауап беру арқылы, өзіміздің эмоция жайлы білімізді саралай аламыз.



Эмоцияларымызды бақылауға арналған танымал техникалды ұсынамыз:



Біріншісі «Эмоциялар сызығы», бұл техника бойынша күнделікті эмоцияларымыздың шкала бойынша өлшей аламыз:



Shape1

ҚУАНЫШ

МҮЛДЕ

ҚАТТЫ

УАЙЫМДАУ

ҚОБАЛЖУ

ШАРШАУ

АШУ

ҚАЙҒЫ































«Эмоциялар күнтізбесі» техникасы. Бұл техника бойынша аптада орын алған эмоцияларымызды бақылау арқылы өз-өзімізді зерттеуге мүмкіндік туады. Қай эмоцияның басым болғанын, қайсы төмен деңгейде өткенін аңғару арқылы қалып-күймізді зерделей аламыз.


ҚУАНЫШ

ҚАЙҒЫ

АШУ

ШАРШАУ

ҚОБАЛЖУ

УАЙЫМДАУ

БАСҚА

ЕСКЕРТУ

ДҮЙСЕНБІ









СЕЙСЕНБІ









СӘРСЕНБІ









БЕЙСЕНБІ









ЖҰМА









СЕНБІ









ЖЕКСЕНБІ











Эмоцияларымызды реттей білу үшін, іс-әрекетімізді тәртіпке келтіріп алу маңызды. Соған орай, «Канбан» техникасы ұсынамыз.

Shape2



Shape3

Жоғарыда көрсетілгендей тәртіппен, оқушылар өз эмоцияларын күнделікті, апта бойы бақылауға алып, атқаратын жұмыстарын ұсынылған «Канбан» техникасы бойынша жүйлейтін болса тұлғалық тұрғыда жетілуіне жол ашылады.

Əдебиеттер:

1.     Андреева И. Н. Эмоциональный интеллект: исследование феномена // Вопросы психологии  2006. № 3. С. 78 — 86.

2.     Андреева И. Н. Предпосылки развития эмоционального интеллекта // Вопросы психологии 2007. № 5. С. 57 — 65.

3.     Нгуен М.А. Психологические предпосылки возникновение эмоционального интеллекта в старшем дошкольном возрасте // Культурно-историческая психология. – – №3. – С. 46-51.

4.     Нгуен М.А. Развитие эмоционального интеллекта // Ребенок в детском саду. – № 5.– С. 80-87.

5.     Орме Г. Эмоциональное мышление как инструмент достижения успеха. – М.: КСП+, 5 Либин А.В. Дифференциальная психология: На пересечении европейских, российских и американских  традиций.  –  М.:  Смысл;  PerSe, 2000.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
6560
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі