«Қазалы ауданының білім бөлімінің №98 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ БАСҚАРУ
2023-2024 оқу жылы
Күні: 11.03.2024жыл
Педагог-психологтің аты-жөні: Ж. Қыдырбаева
Жұмыс түрі: Тренинг
Кіммен жүргізілді: Мұғалімдер
Тақырыбы: Эмоционалды интеллектіні басқару
Мақсаты:өзінің және басқалардың эмоцияларын түсіну қабілетін дамыту негізінде әлемге деген сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, өз эмоциясын бақылау дағдыларын қалыптастыру және айналадағы адамдармен эмоционалды өзара әрекетті дамыту.
Міндеттері:
-
Эмоционалды интеллект туралы түсінікті қалыптастыру.
-
Ұжымда өзара қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
-
Өз эмоциялары мен сезімдерін басқару, бақылау қасиеттерді бағалау дағдыларын қалыптастырумен қамтамасыз ету.
Көрнекілігі: экран арқылы слайд
Керекті құрал-жабдықтар: бор, тұз, орамал, ақ қағаз, сызғыш, маркер.
ТРЕНИНГТІК САҒАТТЫҢ БАРЫСЫ
Психолог: «Мектеп қарым-қатынас ортасы. Бұл жерде адам басқараламен құқықтары мен міндеттерді бөлісе отырып, жанұясынан тыс алғашқы өмірілік тәжірибе алады. Мұнда ол өз эгозимін бақылап, оң эмоцияларды бөлісуі және басқаларға ұқсастығын сезінуі керек. Сондықтан бір нәрсені білу қажет: ұжым –теңіздегі қайық. Ешкімді борттан асырып лақтырып тастамайсың, қайықтағының барлығы екінші жағаға жетуі керек, яғни барлығымен тіл табыса білуі қажет. Оқу мен қарым-қатынас тек қуаныш сыйлауы үшін ұжымдағы оқушылар қандай қасиеттерге ие болуы керек? Бұл үшін қандай ережелерді орындау керек? Бүгінгі сабағымыз осыған арналады».
«Өзіме, көршіме» сәлемдесу жаттығуы
Нұсқау: тренингке қатысушыларға параққа сәлемдесу түрлері жазылған кішкентай шариктер беріледі. Қатысушылар шарикті алып шеңбер бойымен тұрады, «өзіме» деген сөзді айтқанда шарикті кеудесіне қояды, «көршіме» деген сөзде қасындағы көршісіне береді. Осылай 3-4 рет айтылып барлық қатысушылар шарикті ашып ішінде жазылған сәлемдесу түрімен топпен сәлемдеседі.
Миға шабуыл
Оқушыларға эмоционалды интеллект деген ұғымға анықтама беру тапсырылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Психолог:Ең алдымен, эмоционалды интеллектінің (EQ) не екеніне тоқталайық. Эмоционалды интеллект деп қарапайым қазақи тілмен айтқанда адамның мінезі. Немесе адамның сезімдерін басқара алу қабілеті. Мінезі мен сезімін жақсы басқара алса, адам көркем мінезді болып саналады.
Қазіргі таңда барлығымызға мәлім өзекті, яғни трендтегі 10 дағдыны білеміз. Соның ішінде қазіргі уақытта эмоционалды интеллектіге көп мән беруде.Біз бүгінгі семинар-тренингте қарым-қатынаста эмоционалды интеллекті қай жерде көрінеді алгоримге назар аударуларыңызды сұраймын.
Қарым-қатынаста эмоционалды интеллектінің көрінуі
ЭИ көрінуі
Нәтиже
Реакция (іс-әрекет)
Эмоция
Ақпарат
Нәтиже
Эмоционалды интеллектісі жоғары адамдар өте позитивті, жағымды ойға берілгіш келеді. Ісі ойлағандай, жоспарлағанындай болмай жатса да, қамықпайды. Керісінше, одан сабақ пен тәжірибе алуға, қорытынды шығаруға тырысады. Мұндай жағдайда мотивация адамды жетістікке жетуге ұмтылдырып, өзін-өзі реттеуге көмектеседі, соның арқасында сәтсіздіктен, шектеу мен депрессиядан босауына ықпал етеді.
Эмоционалды интеллектісі төмен адамның белгісі өзінің сезімі мен сөзіне жауап бермейді, алайда оған бәрін кінәлап шығады.Эмоциясы мен сезімін ішінде сақтап жүреді әрі ыңғайсыз орында, керегі жоқ жерде сыртқа шығарып, өзі ыңғайсыз күйде қалуы мүмкін. Керек емес жерде мінез шығарады. Біреуді кінәлауға, сынау, бұйрық беруге, нотация оқуға бейім келеді. Сөзінде алғырлық пен зеректік жоқ. Дау-дамайшыл, ашуланшақ, жасқаншақ, ызаға бойалдырғыш келеді.
Міне, осындай жағдайларда тұзаққа түсіп қалмау үшін мен сіздерге «Тұзаққа түспеудің 4 қадамын ұсынамын»
-
Эмоцияларды ажырат
-
Эмоцияларды ата
-
Эмоцияларды қабылда
-
Мақсатпен үйлестір

СЕРГІТУ СӘТІ: «Көз тимесін әдісі»
ТРЕНИНГТІК САҒАТТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Эмоционалды интелектіні қалыптастыру мен дамытудың ең тиімді жолы бар болса, ол – тренинг не семинар немесе қосымша өзіңіз жеке жаттығуларды орындап жүргізу арқылы өзге адамдардың сезімі мен эмоциясын көру. Өйткені эмоционалды интеллект – адам өмірінде үлкен орын алатын қабілет. Өмірінді эмоционалды интеллектіні өзіңнен бастап дамыту өте маңызды. Эмоция сізді емес, сіз эмоцияны басқарыңыз.
Сіздерге тренинг соңында Эйл университетінің психологы Питр Саловейдің эмоционалды интеллектінің негізгі 5 қағидасын ұсынғым келіп отыр.
-
Өзіміздің эмоциямызды тану.
-
Эмоциямызды (сезімді) бақылуда ұстау.
-
Өзімізге мотивация беру.
-
Басқалардың эмоциясын байқай білу.
-
Жақсы қарым-қатынас құра білу.
РЕФЛЕКСИЯ
Мен.....таныстым
Оңай болған жоқ....
Мен....жеттім
Менде .....жасай алдым
Менің есімде қалғаны.....
Қалаймын....
Мен байқап көремін.....

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эмоционалды интеллектіні басқару

шағым қалдыра аласыз