Материалдар / “Эмоция әлеміне саяхат”
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Эмоция әлеміне саяхат”

Материал туралы қысқаша түсінік
топтағы жағымды эмоционалдық жағдайды қалыптастыру, психосоматикалық аурулардың алдын алу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2021
415
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Коррекциялық тренинг:

“Эмоция әлеміне саяхат”


Мақсаты: топтағы жағымды эмоционалдық жағдайды қалыптастыру, психосоматикалық аурулардың алдын алу.

Міндеттері:

1) топішілік қарым – қатынас дамыту;

2) талдай алуға және шешім қабылдауға үйрету,

3) баланың шығармашылық қиялын дамыту,

4) рефлексия дағдысын қалыптастыру

Әдістері: проективті әдістер, әңгіме, дамыту жаттығулары, ойындары, АРТ әдістер, ертегімен емдеу, ребефинг

Әдістемелер: “Жаңбыр” жаттығуы, “Ассоциативті қатар”, “Жас психологтар”, “Мимика, пантомимика”, “Скульптура”, “Екі түлкі ертегісі”, “Сыйлықтар”, “Өмірде жоқ жануар”

өзектілігі: орта буынға (5 сынып) өтуде эмоционалдық орта бейімделудің ең маңызды көрсеткіші. Осы кезеңде балаларға стрестік жағдайда эмоцияны қолға алуға кедергі келтіретін толқу, қорқыныш, белгісіздікпен күресе білуге көмек беру.

Тірек сөздер: қиял, елестету, эмоциялар, ассоциациялар

Қажетті құралдар: эмоция түрлері жазылған карточкалар, магниттар, қағаз, түсті қарындаштар, фломастер, түсті бояу, релаксациялық әуен, фрагменттер карточкалары

кезең

мақсаты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

уақыт

Сәлемдесу

Қысым шығару

Қатысушыларға қонақтарды күлімдеп қарсы алуға нұсқау беру

Қонақтарға бұрылып көңіл аударады

2 мин

Сергіту 1.“жаңбыр” жаттығуы




2.“Ассоциа-тивті қатар”жаттығуы

Бірігіп жұмыс істеуге бағыттау, бұлшық ет қысымын түсіру


(шеңбер ішінде) жетекші шеңбер бойынша әр қатысушының көзіне қарап, қимыл түрін көрсетеді.


(шеңбер ішінде) “біз қазір бір сөз айтамыз, ал көршіміз соған байланысты ассоциация – сөз айтуы керек”

зерігу...

қуану...

Жетекшінің көрсеткен қимылын қайталайды





Ассоциация – сөздер айтады

2 мин






2 мин

өзектендіру

3 жаттығу

“Жас психологтар”

Эмоцияның көрініс беруіне және оны сезінуіне мүмкіндік беру

(екі топ)

әр топқа мәтіні бар карточка беріледі. “Балалар, мәтінді оқып, кейіпкердің эмоциясын анықтауларың керек”

Топпен бірігіп, қағазға эмоцияларды жазып шығады.



(рефлексия)

5 мин





2 мин

4 жаттығу

“Мимика, пантомимика”

Ішкі қысымды, ыңғайсыздықты жеңу

(айнаның алдында)

“таңқалу, қобалжу, ашу, күлкі, қуаныш, қанағаттану т.б. сезімін бейнелеу”

Айнаның алдында ұсынылған эмоция түрін бейнелейді

2 мин

5 жаттығу

Ребефинг

Қалыпты тыныс алуды қалпына келтіру

(айнаның алдында) “ашуға булыққан адамның және тыныштық, қанағаттанған адамның тыныс алуын бейнелейік”

Жетекшінің нұсқауын орындайды

2 мин

6 жаттығу

“Скульптура”

Сезіне білуге, эмоциялық күйін жағдайға байланыстыра алуға, шығарма-шылығын дамыту

(екі топ)

  1. өкпе

  2. ашу

  3. қуанышты

  4. мақтанышты бейнелеу

Жетекшінің нұсқауын орындайды

5 мин

7 жаттығу

Арттерапия

Қиялын, қиялдай алуын дамыту, эмоционалдық жағдайын диагностикалау

“Өмірде болмаған жануарды елестетіп, суретін салыңдар, оған ат қойыңдар”

Сурет салады


(Рефлексия, сыйлықтар, нұсқаулар)

7 мин



2 мин

8 жаттығу

Ертегі терапия

Талдай алуға, қалыптасқан жағдайдан шыға білуге үйрету

“Екі түлкі” ертегісін оқиды

Рефлексия

Тыңдайды


рефлексия

7 мин


2 мин

Қорытынды бөлім

9 жаттығу

“Сыйлықтар”


“қараңдар, осы көмета жай ғана әшекей емес, бұл сыйлық. Бір жұлдыздан алып, артында жазылғанды оқимыз”

Жұлдыздарды алып, тілектерді оқып, қонақтарға сыйлайды

3 мин

Кері байланыс




2 мин


Тренингтің жоспары


І. Кіріспе кезең

Оқушылар жартылай шеңберо құрып тұрады. Жетекші балалармен, қонақтармен сәлемдесіп, оқушылардың қонақтарға қарап күлімсіреуіне нұсқау береді.

Сергіту жаттығуы

Жетекші: сендердің сүйікті жаттығуларың “жаңбырдан” бастаймыз. Оны дұрыс, және тыныштықта жасайық.


Жаңбыр” жаттығуы.

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Жетекші шеңбердің ортасында, ол әр оқушының көзіне үңіліп бір қимылды көрсетіп кетеді, ол оны жетекші қайтып келгенінше қайталай береді.

  1. Бір алақанымен екінші алақанын ысады

  2. саусақтарын тарсылдатады

  3. тізесін қолымен соғады

  4. тізесін қолымен соғып, аяғын тарсылдатады.

  5. тізесін қолымен соғады

  6. саусақтарын тарсылдатады

  7. алақандарын ысады

  8. қолдарын түсіреді

Осылай жаңбыр бірте бірте басылады. “Біз не естідік? Осылай жазғы жаңбыр жауады.”

Жетекші: ал қазір біз басқа жаттығу орындаймыз

Жаттығу: “Ассоциативті қатар”

Оқушыларға ) “біз қазір бір сөз айтамыз, ал көршіміз соған байланысты ассоциация – сөз айтуы керек, осылай жалғаса береді”

зерігу...

қуану...

Соңында бастапқы сөз бен соңғы сөзді қатты дауыспен айтады. Бұл екі түрлі мағынадағы сөз болып шығуы мүмкін. Рефлексия жасау

Жетекші балаларды үстел басына өз қалауы бойынша жайғасуына нұсқау береді.

ІІ. Негізгі бөлім

Жетекші: балалар, біз қазір керемет сөздерді атап шықтық (қуаныш, реніш, таңқалу, ұнату) бұл қандай сөздер, қалай ойлайсыңдар? Олар нені білдіреді(көңіл – күйді, эмоцияны)?

Біздің тақырыбымыз: “Эмоция әлеміне саяхат”

Эмоция – бұл біздің басымыздан өткізген сезімдеріміз. Қандай эмоциялар болады? Олар “жағымды”, ”жағымсыз” болады. Олардың бәрі керек, себебі адамның мінез – құлқын бағыттап отырады.

Қазір топтарға ат қойыңдар. Атын жазып алдына қойып қойыңдар

“Жас психологтар байқауы”

Жетекші: Сендерге психолог болуға шақырамын. Қазір 3-4 минут ішінде өздеріңе таныс атақты шығармадан үзінді оқып, ондағы сезімдерді атап шығу керек.

1 топ. Х. К.Андерсен. “Ұсқынсыз үйрек”

1. “Олар менің ұсқынсыз түрімді көріп, қорқып кетті!” деп ойлады үйрек, сөйтті де басы ауған жаққа қарай қаша жөнелді. Қаша- қаша, жабайы үйректердің ордасы батпақтың дәл ортасына қалай түскенін білмей қалды. Шаршаған, жабыққан ол осында түні бойы отырды.

2. Міне оның қанаттары сыбдырлап, әдемі мойны созылды, ал көкірегінде қуанышты дауыспен: “Мен ұсқынсыз үйрек кезімде осындай бақыт туралы армандап па едім!” – деді.

2 топ. И.С. Тургенев. “Муму”

3. Герасим қарап тұрып, өз- өзінен үлмесі бар ма... түнімен соның (иттің) жанынан шықпады, жатқызып, үстін сүртіп, ақыр соңында өзі де соның жаында қуанышты да тыныш ұйқыға кетті.

4. Герасим оған ұзақ қарап тұрды; бір сәтте көзінен ауыр екі жас тамшысы ағып түсті: бірі иттің жұмыр маңдайына түссе, бірі алдындағы асына түсті. Ол қолымен бетін жапты.

Талқылау: Шығарманы кім жазған және ол қалай аталады?

Үзіндідегі кейіпкер не сезінді?

Жаттығу: “Мимика, пантомимика” (айнаның алдында орындалады)

Жетекші: кейіпкердің не сезінгенін мимикамен бейнелеп көрейік.

Келесі эмоция түрлерін көрсетейік:

  • мақтаныш, көңілсіздік, таңқалу, ашу, немқұрайдылық, қуаныш. Жарайсыңдар!

Рефлексия: Осы жаттығу сендерге ұнады ма?

Жаттығуды орындаған не сезіндіңдер?

Қандай эмоцияны бейнелеу ұнамды болды?

Жаттығу (тыныс алу жаттығулары) айнаның алдында орындалады

Жетекші: Білесіңдер ме, әр түрлі эмоция кезінде адамның тыныс алуы да өзгереді?

“-” - ауыр, қысыммен, жиілейді (қозу, қуаныш)

“+” – жеңіл, еркін, тыныш (қанағаттану, ыңғайлылық(комфорт)

тыныс алуымызды реттеген болсақ, терең, мұрынмен тыныс алып, жайлап күшпентыныс шығарамыз.

Жаттығу “Мүсінші”

Жетекші: өздеріңді мүсінші ретінде сезініп көріңдер. 2 минут ішінде топпен бірге ұжымдық мүсінді бейнелеп көріңдер. Ол:

- көңілсіздік, ашу

  • қуаныш, мақтаныш ты көрсетсін

Рефлексия: Топта бірігіп әрекет кезінде не сезіндіңдер?

Қандай эмоциялар басым болды?

“Өмірде жоқ жануар” жаттығуы (Үстел басында орындалады.)

жетекші: Енді қиялдап көрейік, ыңғайлы етіп отырып, көздеріңді жұмыңдар. Көздеріңе өмірде жоқ елді елестетіңдер, ол өмірде жоқ планетада орналасқан. Онда тыныш, жылы, ыңғайлы. Онда өмірде жоқ жануарлар мекендейді. Соның бейнесін елестетуге тырысыңдар. Олар қызық, әлемде болмаған, ешнәрсеге ұқсас емес, елстете алсаңдар, көздеріңді ашып, сол жануардың суретін салыңдар. Оған ешкімде жоқ ат қойыңдар. Салынған суреттерді стендіге ілу керек.

Жетекші: қараңдар, керемет жануарлар емес пе?

Олар туралы не айтасыңдар?

Егер олардың арасында жағымсыз эмоция тудыратыны бар болса, оларды бөлек іліңдер?

Мүмкін оларды жай ғана алып тастармыз?

Мүмкін олар ренжіген шығар?

Оларға қалай қуантуға болар еді?

Ертегі терапия” жаттығуы.

Екі түлкінің баласы өмір сүріпті. Оларды достары: үлкен түлкі және кіші түлкі деп атайтын. Бір күні түлкілердің басына бақытсыздық туды. Ертемен мектепке бара жатқан жолда кәрі әжейге жолдан өтуге көмек береміз деп олар сабаққа кешігіп қалады. Ал мұғалім олардың күнделіктеріне “2” қойып береді. Оған түлкілер ренжіп қалады, бірақ екеуі екі түрлі. Үлкен түлкі ренжігенін білдірмейді, ал кіші түлкі бұртиып жүреді. Кешкісін анасы жұмыстан шаршап келіп, байыбына бармай екеуін шапалақпен тартып – тартып жібереді. Олар бұрынғыдан да қатты ренжиді. Бірақ үлкені бұрынғыша, түк болмағандай, ал кішісі бұрынғыдан да қатты бұртияды. Кешке қарай олардың екеуінің де ыстығы көтеріледі. Ата – анасы әбігерге түсіп, дәрігер шақырады. Ал дәрігер бала психологиясын білгендіктен, не болғанын бірден біле қояды да, түлкілерге кеңес береді: егер ренжіген болсаң ұзақ уақытқа созылмауы тиіс. Одан да тез арада өзін ренжіткен кісімен сөйлескен дұрыс, сонда реніш тез арада ыстық күні еріген балмұздақ сияқты еріп кетеді. Содан соң түлкілер өз реніштерін анасына, ал ертеңіне мұғалімге айтып береді. Үлкендер олардың алдында кешірім сұрайды. Ал түлкілер болса осы ережені естерінде сақтап қалды: “Ренішті ұзақ сақтама, айтып бер ренжіткен адамға”.

Рефлексия: нұсқаулар


Қорытынды: Тренинг туралы қатысушылар пікірін қорытындылау.









Тренинг жүргізуші: Абитжанова Ж.А.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!