Эмоция және мінез тренинг 5-11 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эмоция және мінез тренинг 5-11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Эмоция және мінез» тренинг 5-11 сынып. Мақсаты: оқушылар арасындағы қарым – қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл күйден арылу, адамдармен үйлесімді қарым – қатынас жасауға ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Эмоция және мінез» тренингі.

Мақсаты: оқушылар арасындағы қарым – қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл күйден арылу, адамдармен үйлесімді қарым – қатынас жасауға ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

«Сәлемдесу рәсімі»

Мақсаты: амандасу, топты ұйымдастыру

Нұсқау: үш топқа бөлеміз

1-топ «Европалықтар» қол ұстасып амандасу.

2-топ «Жапондықтар» қолдарын бір – біріне түйістіріп басын иеді.

3-топ «Африкалықтар» орындарында секіріп УУУУУ деп айқайлайды.

Талқылау: жаттығу барысында қандай эмоцияларды сезіндіңіздер.
«Эмоция» жаттығуы.

Шаршадым «УҺ!» дедім.

Ренжідім «ТУҺ!» дедім.

Қорықтым «ОЙ!» дедім

Өкіндім «АҺ!» дедім.

Шарасыз «ЕҺ!» дедім.

Таңырқап «О!» дедім.

Кейідім «И!» дедім.

Біліп ап «Е!» дедім.

Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.


«Менің бет - әлпетім» жаттығуы
Мақсаты: өз сезімдері туралы ойланып, басқалармен бөлісуге үйрету.
Құрал: суреттер бланкісі және маркерлер.
Психолог: «Қазір мен адам беті бейнеленген қағаздар үйлестіремін. Нұсқауға орай суретті толықтырыңыз. (Төрт бланкіде эмоциялар бейнеленген: 1. Мен бақыттымын. 2. Маған көңілді. 3. Мен ашулымын. 4. Маған қорқынышты). Енді сізде не шыққаны жөнінде әңгімелейміз.
Талдау:
Мұндай бет - әлпет сенде қай уақытта болады?
Сенің көңіл - күйіңнің жоқтығын айналадағылар қалай біледі?
Сен өз қайғыларыңды қалай көтерер едің?
Өз сезімдеріңді қоршаған ортаға көрсетесің бе, әлде ішке ұстайсың ба?».



«Менің ең жақсы қасиеттерім» ескертпе бланкісі.

Мені ең жақсы сапаларым:

Менің ең жақсы сапаларым

Менің қабілеттерім мен дарыным

Менің жетістіктерім

Қорытынды «Тілек шамы»

Бір – бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлерімізбен бөлісіп, бір-біріңізге тілек айтып, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, барлығыңыз да осы жерде айтуларыңыз сұралады.









Хаттама


Күні:

Тақырыбы: «Эмоция және мінез» тренинг

Мақсаты: оқушылар арасындағы қарым – қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл күйден арылу, адамдармен үйлесімді қарым – қатынас жасауға ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Контигент: 11 сынып

Қатысушылар саны: 12 оқушы

Құрал-жабдықтар: қалам, түрлі түсті қарандаш, пламастерлер, тілек шамы.

Жүргізілу барысы:

11 сынып оқушыларына «Эмоция және мінез» тақырыбында тренинг жүргізілді. Оқушыларға жүргізілетін тренинг мақсаты, ережелері толықтай таныстырылды.

Тренинг барысында «Сәлемдесу» рәсімі, «Эмоция» жаттығулары жүргізілді. Талқылау сұрақтары жаттығу барысында қандай эмоциялар сезіндіңіздер? Оқушылар сұрақтарға жауап берді.

«Менің бет - әлпетім» жаттығуы ұйымдастырылды. Мақсаты: өз сезімдері туралы ойланып, басқалармен бөлісуге үйрету.

«Менің ең жақсы қасиеттерім» ескертпе бланкісін өздеріне жасап, ең жақсы қасиеттерін толтырып алды. Мақсаты: өзі туралы жағымды ішкі диалог жүргізу дағдасын дамыту, өзіңдік талдауды дамыту.

«Тілек шамы» жаттығуы

Бір – бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлерімен және бір-біріне жылы лебіздерін арнады.

Қорытынды: Оқушылар тренингке белсене қатыса отырып, өздеріне жағымды қарым – қатынасты нығайта отырып, жағымсыз көңіл күйден арылды, тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.03.2024
534
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі