Эмициялардың АСБ-мен
байланысы
Автор: Саду Айжан Жаныбеккызы,
педагог-психолог КГУ «Центр (аutism-центр) поддержки детей с
аутизмом (расстройством аутистического спектра) «Асыл Мирас», г.
Павлодар
АСБ бар балалардағы
эмоциялық сала: қолданбалы мінез-құлық талдауы маманының
көзқарасы
Қолданбалы мінез-құлық талдауы
— Applied Behavior Analysis (ABA) саласындағы маман тәжірибесінде
аутизм спектрі бұзылысы (АСБ) бар балалармен жұмыс эмоциялық саланы
бағалау және дамыту мәселесін міндетті түрде
қамтиды.
Ең алдымен маңызды ұстанымды
атап өткен жөн: АСБ бар балалардағы қиындықтар эмоциялардың
болмауымен емес, оларды тану, білдіру және реттеу
ерекшеліктерімен байланысты.
Эмоция және мінез-құлық:
негізгі айырмашылық
Мінез-құлықтық тәсілде біз:
ішкі жағдайларды (эмоциялар), бақылауға болатын мінез-құлықты.
Ажыратып қарастырамыз.
Маман дәл
осы бақыланатын
мінез-құлықпен жұмыс
істейді.
Мысалы: айқайлау, агрессия,
қарым-қатынастан қашу, көмек сұрау
—
бұлардың барлығы эмоцияның өзі
емес, оны білдіру формалары.
Бұл тәсіл субъективті
түсіндіруден бас тартып, жұмысты нақты деректерге сүйене отырып
жүргізуге мүмкіндік береді.
Эмоцияларды тану —
үйретілетін дағды
АСБ бар балаларда жиі келесі
қиындықтар байқалады: өз эмоцияларын тану, басқа адамдардың
эмоцияларын түсіну.
ABA тұрғысынан
бұл дискриминация (айыру)
дағдыларының тапшылығы ретінде
қарастырылады.
Балаға қиын болуы мүмкін:
бет-әлпет бойынша эмоцияны анықтау, дауыс ырғағын түсіну,
әлеуметтік жағдайды дұрыс
интерпретациялау.
Бұл баланың «сезбейді» дегенді
білдірмейді — ол әлі бұл дағдыларды
меңгермеген.
Оқыту қалай
жүргізіледі: қарапайым эмоциялардан бастау
(қуаныш, реніш, ашу), біртіндеп күрделі эмоцияларға көшу,
құрылымдалған әдістерді қолдану (мысалы, DTT), визуалды
материалдарды пайдалану.
Мінез-құлық — эмоцияны
білдіру тәсілі
Егер балада коммуникация
дағдылары жеткіліксіз болса, эмоциялар келесі мінез-құлық арқылы
көрінеді: айқайлау, агрессия, қашу (болдырмау), өзін-өзі
стимуляциялау.
Мұндай жағдайда негізгі сұрақ:
бұл мінез-құлық қандай функция атқарады?
Осыны анықтау үшін. Functional Behavior
Assessment (FBA) жүргізіледі.
Мінез-құлық функциялары
Эмоциямен байланысты мінез-құлық келесі функцияларды орындауы мүмкін:
қалаған нәрсеге қол жеткізу,
талаптан қашу,
назар аударту.
сенсорлық әсер алу.
Функцияны анықтамай,
эмоциямен жұмыс жүргізу тиімсіз болуы мүмкін.
Коммуникация —
эмоцияны реттеудің негізі
Проблемалық мінез-құлықтың жиі себебі —
функционалды коммуникацияның болмауы. Мұндай жағдайда
Functional Communication Training
(FCT)
қолданылады.
Мақсаты: проблемалық мінез-құлықты әлеуметтік тұрғыдан
қолайлы коммуникациямен алмастыру: сұрау (mand),
бас тарту, көмек сұрау .
Мысал: айқайлаудың орнына — сұрау немесе белгі
қолдану
Альтернативті коммуникацияның
рөлі
Сөйлеу шектеулі болған жағдайда: суреттер,
карточкалар, жесттер
сияқты құралдар қолданылады,
соның ішінде Picture Exchange Communication
System (PECS).
Маңыздысы:
альтернативті коммуникация сөйлеуді тежемейді,
керісінше,
оның дамуына ықпал етеді.
Мотивация —
оқытудың негізгі шарты
ABA-да мотивация мотивациялық операциялар (MO) арқылы қарастырылады.
Маман:
қажетті заттарға қолжетімділікті басқарады,
коммуникацияны қажет ететін жағдайлар жасайды,
түрлі күшейткіштерді қолданады.
Мотивация болмаса — үйрену
болмайды.
Күшейту (подкрепление)
Күшейту тиімді болуы үшін: уақытылы болуы керек,
бала үшін маңызды болуы керек, мінез-құлықпен тікелей байланысты
болуы керек.
Күшейтіледі: коммуникация әрекеттері, бейімделген
мінез-құлық.
Эмоцияларды реттеуді
үйрету
Өзін-өзі реттеу — үйретілетін
дағды.
Жұмыс бағыттары: өз жағдайын тану. дұрыс реакция
таңдау , реттеу стратегияларын қолдану .
Әдістер: эмоция шкалалары, тыныштану стратегиялары,
сенсорлық демалыс.
Сенсорлық факторлар
Сенсорлық сезімталдық: мінез-құлықты күшейтуі
мүмкін, мотивациялық фактор болуы мүмкін.
Бірақ: барлық мінез-құлық сенсорлық себептен
болмайды.
Әр жағдай жеке талдануы тиіс.
Тұрақтылық және құрылым
АСБ бар балалар үшін маңызды: визуалды кестелер,
алдын ала ескерту,құрылымдалған орта.
Бұл: мазасыздықты азайтады, эмоцияны реттеуді
жеңілдетеді.
Көмек (prompting) және оны
азайту
Оқыту барысында: физикалық, жесттік, вербалды
көмектер қолданылады.
Маңызды: көмекті біртіндеп азайту, баланы
дербестікке жеткізу.
Дағдыларды жалпылау
(генерализация)
Дағды қалыптасты деп есептеледі, егер ол: әртүрлі
ортада, әртүрлі адамдармен, әртүрлі жағдайда қолданылса.
Генерализация арнайы жоспарлануы тиіс.
Деректерге негізделген
жұмыс
ABA-ның негізгі қағидасы — деректерге
сүйену.
Бағаланады: мінез-құлық жиілігі, ұзақтығы, көмек
деңгейі.
Бұл бағдарламаны тиімді түзетуге мүмкіндік
береді.
АСБ бар балалардағы эмоциялық қиындықтар:
дағдылардың жетіспеушілігімен, ақпаратты өңдеу ерекшеліктерімен,
коммуникация шектеулерімен байланысты.
Маманның негізгі мақсаты: мінез-құлық функциясын
анықтау, коммуникацияны дамыту, эмоцияны реттеу дағдыларын
қалыптастыру.
Қолданбалы мінез-құлық талдауы принциптеріне
негізделген жүйелі жұмыс баланың өмір сапасын және әлеуметтік
бейімделуін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік
береді.