Эмоциялармен
танысамыз
Топ:
Мектепке дейінгі ересек жас «Қарлығаш»
тобы
Жұмыс
бағыты:
Түзету-дамыту
Мақсаты:
Балаларды эмоциялармен таныстырып,
ертегітерапия, суреттерапия арқылы
баланың толыққанды тұлғалық дамуына
кедергі жасайтын жағымсыз эмоцияларды,қорқыныш
сезімдерін жеңе білуге көмектесе отырып
бала қауіпсіздігін, психологиялық
саулықты қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар:
Гүл,бейнетаспа,
әуен, түрлі-түсті жарма, желім, көбелектің
суреті
Психологиялық
сәт:
Кел,балалар,күлейік,
Күлкіменен
түлейік,
Күлкі
көңіл ашады,
Күліп
өмір сүрейік!
«Комплимент»
жаттығуы:Балалар
оң жағындағы көршісіне күлімдеп гүл
ұсынып, жылы лебіздерін білдіреді.
Балалар, жақсы сөз жанды жадыратады,
сондықтан ,бір-бірімізге жылы,жақсы
сөздер айтып көңілімізді көтеріп ,күліп
жүрейік.
Эмоциялармен
танысу.Бейнетаспадан
эмоцияларды таныстыру.Балалар,сендер
бір күнде әртүрлі көңіл-күйде
боласыңдар.Кейде қуанасыңдар,кейде
ренжіп қаласыңдар,солай ма? Осы
әртүрлікөңіл-күйімізді эмоция дейміз.
Қуанғанда-қуаныш эмоциясына бөленеміз,
ашуланғанда-ашу эмоциясына бөленеміз.
Эмоцияның көптеген түрлері бар: қуаныш,
қайғыру, таңырқау, ашу, қорқыныш. Сендер
қандай жағдайда қуанасыңдар, қандай
жағдайда ренжисіңдер, қай кезде
қорқасыңдар?
Ертегітерапия:
«Ғажайып көбелектің түсі»:Балалар,енді«Ғажайып
көбелектің түсі» деген ертегі тыңдайық.
Бір таңғажайып елде,үлкен гүл алаңында
түстер көбелектері өмір сүреді.Күндіз
олар ұйықтап жатады,ал,түн болғанда
оянып,жан-жаққа ұшады.Әр көбелек өз
адамына,үлкенге де,кішіге де ұшып барады.
Түстер көбелектерінің қанаттары
ғажайып.Олардың қанаттарынан
гүлдің,жаңбырдың исі шығып тұрады.
Көбелек қанатымен қағып қалса сол адамға
жақсы түс кіреді,ал қара көбелек қанатымен
қақса ол адамға қорқынышты түстер
кіреді.
-Өз
түстеріңді естеріңе түсіріңдерші,сендер
қандай түстер көресіңдер?
-Қорқынышты
түстер көресіңдер ма ?
-Ендеше,балалар,қорқынышты
түс көрсететін қара көбелектерді умаждап
қоқыс шелегіне тастайық.
-Міне,біз
енді ондай түстерден қорықпайтын
боламыз.
-Енді
,балалар жұмыс үстеліне келіп көбелектерді
бояйық.
-Сендер
қандай түс көргілерің келеді?
-Көбелектерді
ашық,әдемі түстерге бояйық.
-Балаларға
желіммен жұмыс жасағанда қауіпсіздік
ережесін ескертеді.
-Қандай
әдемі көбелектер,енді сендер осындай
әдемі,көңілді,ғажап түстер көресіңдер.
-Жарайсыңдар!
Сау болыңдар,балалар.