Материалдар / Емтихан 6 қазақ тілі қазақ сыныбы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Емтихан 6 қазақ тілі қазақ сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Емтихан 6 қазақ сыныбы 20 нұсқа
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Наурыз 2024
448
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

6-сынып қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырмалары

1-нұсқа

1) Оқылым. (1 балл)оқылым стратегияларын қолдану:

комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу


1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, нақты ақпараттарды теріп жазыңыз

2-тапсырма. Нақты ақпараттарға коментарий жасаңыз.


Қазақстанның көркем жерлері

Қазақстанның көркем жерлері өзінің әсемдігімен әлемге әйгілі жерлерден кем түспейді. Оның солтүстік бөлігінде Қазақстанның ең әдемі жерлерінің бірі-Бурабай орналасқан. Жергілікті тұрғындар Бурабайды "Жергілікті Швейцария" деп атайды.

Шығыс Қазақстан Қазақстандағы ең әдемі жер болып саналады. Таулы Алтай әрдайым көптеген туристерді тартты. Қазақстан мен Ресей шекарасындаАлтайдың ең биік шыңы-Белуха тауы орналасқан. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстанның інжу-маржаны тауларда орналасқан Маракөл көлі болып саналады. Көл өте әдемі, күн шуақты күнде бай көк немесе көк түск еие, бірақ күн болмаған кезде ол түсін танымастай өзгертеді және қара түске айналады.

Қазақстанның батысында Каспий теңізі орналасқан. Каспий теңізі-Еуропа мен Азия арасында орналасқан әлемдегі ең ірі жабық су қоймасы. Жыл сайын мыңдаған туристер Каспий теңізінің жағасынд адемалуға келеді. Каспий жағалауы құмды жағажайларымен демалу үшін өте ыңғайлы.

Қазақстан бұдан да басқа көрікті жерлерге бай. Өз еліміздің табиғатын бағалайық.

Ақпаратдереккөзі:https://znanija.com/task/46124558#:~:text=Қазақстанның%20көркем%20жерлері%20өзінің%20әсемдігімен,туристерді%20тартатын%20жалғыз%20нәрсе%20емес


Нақты ақпараттар

Коментарий








Тапсырманы орындау үлгісі:

Нақты ақпараттар

Коментарий

Қазақстанның көрікті жерлері көп.


Біздің Балқаш көліміздің де әсемдігіне көз тоймайды

Жергілікті тұрғындар Бурабайды "Жергілікті Швейцария" деп атайды.

Себебі Бурабай жажасыл шыршаға бай мекен.

Каспий теңізі-Еуропа мен Азия арасында орналасқан әлемдегі ең ірі жабық су қоймасы

Оның көлемі өзге су қоймасынан үлкен.


2) Жазылым. (3 балл)

эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады(«келісу, келіспеу» эссесі).

«Әркім өз елінде демалу керек» тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп эссе жаз.

Үлгі:

Әркім өз елінде демалу керек

Мен бұл тұжырыммен мүлде келіспеймін. Адамдар әртүлі болады. Біреулер өз еліндегі демалыс орындарын ұнатса, біреулер шет елдің көркемдігін, тілін, дәстүрін танып, көргісі келеді.

Қазақстандағы демалыс орындары өте қымбат. Ақтаудағы „Rixos”-тің өзіне қаншама ақша керек. Сол жерге кететін ақшаға шетелге бару тиімдірек.

Мысалы, Грекияда дағдарыс болып жатқандықтан, ондағы қонақ үйлердің бағасы өте қолайлы болады. Жанға жайлы қонақ үйлер, көк теңіз, әсем жағажайлар мен ғажайып ескерткіштер. Бұның барлығы бізде жоқ демеймін, бірақ бағасы тиімді.

Қазақстандағы туристік ресурстарды дамыту керек. Туристік ресурстар туристік инфрақұрылымды қалыптастырады. Туристік инфрақұрылымның құрамында екі негізгі элемент бар. Бірінші элемет-орналастыру және тамақтандыру қызметтерін, меймандостық қызметтерін ұстанатын кәсіпорындар. Екінші элемет-туристік өнімді қалыптастыруға қатысатын кәсіпорындар.

Қорыта келе, әр адам қалаған жерінде демала алады.

3) Әдеби тіл нормалары (1 балл).

Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін жазбаша тілдесім барысында қолдану

Эссе мәтінінен етіс түрлерін, салт, сабақты етістіктерді тауып кестені толтыр

Етіс

Салт

сабақты







Үлгі:

Етіс

Салт

сабақты

Қалыптастырады - өзгелік етіс




Тұжырыммен келіспеймін – немен? /Көмектес септігі/

көргісі келеді – нені? – дәстүрін, тілін, көркемдігін /Табыс септігі/
































6-сынып қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырмалары


6-сынып қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырмалары

2-нұсқа

1) Оқылым. (1 балл)оқылым стратегияларын қолдану:

комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу


1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, нақты ақпараттарды теріп жазыңыз

2-тапсырма. Нақты ақпараттарға коментарий жасаңыз.


Астанам – «Бас қалам»!

Бүгінгі Астана – асыл  тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны.

«Астана» сөзі негізінен парсы сөзі, қазақша түсінігі  астана — табалдырық, босаға, кіреберіс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді.  Ару қаланың әрбір оралымы ашық бұрқақты аулалар, әсем безендірілген гүлзарлар мен көмкерген орманды алқаптарда бойтүзеген «Нұр Астана» мешіті мен «Бәйтерек», «Пирамида», «Ханшатыр», т.б. саяси және мәдени думан орталықтары мен түрлі тарихи мемориалды кешендері алуан түрлі.

Астана – Қазақстанның бас қаласы.  Астана қаласы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толуымен қатар әсем қала өзінің көрікті бейнесімен қызығушылық әсерін мол туғызды деп сенемін.

Ақпаратдереккөзі:https://bilim-all.kz/article/5796-Astana


Нақты ақпараттар

Коментарий










Тапсырманы орындау үлгісі:

Нақты ақпараттар

Коментарий

Астана – ең жас қала


Себебі Астананың құрылғанына 26 жыл болды.

Астана – Қазақстанның бас қаласы

Астанаға көптеген туристтер келеді. Барлық іс-шаралар Астанада өткізіледі.



2) Жазылым. (3 балл)

эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады(«келісу, келіспеу» эссесі).


«Астана елімнің жүрегі ме?» тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп эссе жаз.

Үлгі:

Астана елімнің жүрегі ме?

Әрине, Астана - елімнің жүрегі деген тұжырыммен толықтай келісемін. Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.

Жаңа қала Астананы бүкіл дүниежүзі танып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті. Елордада халықаралық, мемлекеттік ұйымдардың бас филиалдары орналасқан. 2011 жылы Астанада 7 - ші Азия ойындары өткізілген болатын, ал 2017 жылы Халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілді.

Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.

Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. (120 сөз)

3) Әдеби тіл нормалары (1 балл).

Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін жазбаша тілдесім барысында қолдану

Эссе мәтінінен етіс түрлерін, салт, сабақты етістіктерді тауып кестені толтыр

Етіс

Салт

сабақты







Үлгі:

Етіс

Салт

сабақты

Өзгертілді – ырықсыз етіс



Тұрғынға /неге?/ жетті – барыс септігі

Астананы /нені?/ танып келеді – табыс септігі


6-сынып қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырмалары

3-нұсқа

1) Оқылым. (1 балл)оқылым стратегияларын қолдану:

комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу


1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, нақты ақпараттарды теріп жазыңыз

2-тапсырма. Нақты ақпараттарға коментарий жасаңыз.

Қазақстан – бейбітшілік пен келісім мекені

Бейбітшілік пен келісім – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Бүгінгі таңда Қазақстанда бейбітшілік пен өзара келісімде 140 ұлт өкілдері өмір сүруде. «Қазақстан – бұл ортақ мекен, ортақ ұлт пен діннің тоғысқан жері.

Жалпы бейбітшілікке, тыныш өмір сүруге ұмтылу – қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі. Біздің елімізде 1 наурыз – Алғыс айту күні. Бұл күні жыл сайын барлық этностардың бір-біріне  мейірбандық танытатын күні ретінде атап өтілуде. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек.

«Сырт көз – сыншы» деген мақал бар ғой қазақта, қазақ жерін зерттеген саяхатшылар, ғалымдар, елшілер қазақ халқының меймандос, сабырлы, момын, ешкімге жамандық, қаскөйлік жасамайтын халық екенін, қазақ елі ежелден бейбітшілік сүйгіш, өз бетімен ешкімге ұрынбаған, соғыс ашпаған ел екенін сүйсіне жазған.

«Бірлік бар жерде – тірлік бар дейді» біздің дана халық. Дана жұртмұнытегіннентегінайтпасакерек. Біздіңеліміздеқалыптасқанұлттартұтастығы мен халықтардостығыныңарқасындабүгіндемемлекетімізөркендеп, ілгерібасыпкеледі.(140 сөз)

Ақпаратдереккөзі:https://bilimainasy.kz/қазақстан-бейбітшілік-пен-келісім-м/



Нақты ақпараттар

Коментарий







Тапсырманы орындау үлгісі:

Нақты ақпараттар

Коментарий

Қазақстанда 140 ұлт өкілдері өмір сүруде

Демек Қазақстанда бейбітшілік пен келісім бар

1 наурыз – Алғыс айту күні бізді жақындастырады.

Бұл күні барлық ұлт өкілдері бір-біріне алғыс айтады.

Халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді

Себебі «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп бекерге айтылмаған.



2) Жазылым. (3 балл)

эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады(«келісу, келіспеу» эссесі).


«Мен бейбіт өмірді қалаймын» тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп эссе жаз.

Үлгі:

Мен бейбіт өмірді қалаймын

Жер шарындағы әрбір адам бейбіт өмірді қалайды. Менің ойымша, дүниедегі ең үлкен бақыт – соғыстың болмауы. Қарулы қақтығыстар жиі болатын мемлекеттерде, адамдар үнемі қорқыныш пен үрейде өмір сүреді. Тіпті, қарсыласын жеңіп, аумағын ұлғайтқанның өзінде, ешқандай халық өзін қуанышты сезінбейді. Өйткені, соғыс бар жерде, өлім де бар. Ұлдарынан, күйеулерінен және әкелерінен айырылған отбасылар, олардың батыр екенін білгенімен, қаза болған жақындарын қайтара алмайды. Соғыс адамзаттың дамуына кедергі келтіреді. Ол көптеген табиғи ресурстарды, ақшаны, уақытты және адам өмірін қажет етеді. Әскери жанжалдардың кесірінен, біз маңызды технологиялық жетістіктерге кеш жеттік. Әрине, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімізге үлкен алғысымды айтамын және жеңіске жету қаншалықты қиын болғанын түсінемін.


3) Әдеби тіл нормалары (1 балл).Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсініп, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданады.


Эссе мәтінінен есімдіктерді тауып қызметін анықтаңыз. Оны зат есім, сын есімнің орнына қолданып, сөйлем құраңыз.

Қызметі

Зат есімнің орнында

Сын есімнің орнында


Үлгі:

Қызметі

Зат есімнің орнында

Сын есімнің орнында

Ол /кім?/көптеген табиғи ресурстарды, ақшаны, уақытты және адам өмірін қажет етеді.

Ол /жіктек есімдігі/ - бастауыш







Әскери жанжалдардың кесірінен, біз /кім?/ маңызды технологиялық жетістіктерге кеш жеттік

Жер шарындағы әрбір/қандай?/ адам бейбіт өмірді қалайды.
















338тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!