жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
емтихан материалы
10-сынып Т2
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 10-сыныпқа арналған аралық аттестаттау емтиханының тапсырмасы
(оқыту өзге тілдегі сыныптар үшін)
І-нұсқа.
Тыңдалым. Аудиомәтіндерді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындайды
1-тапсырма. Тыңдалған мәтіндерді салыстырып,ортақ мәселені аргументтер негізінде дәлелдеңіз.
|
Мәтіндер |
Салыстыру |
Аргумент |
|
1-мәтін |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2-мәтін |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
(3 балл).
Дескриптор
-Нақты дерекке сүйене отырып, тыңдалған мәтінді салыстырады-1
-Ортақ мәселені аргументтер негізінде дәлелдейді-2
Айтылым.
1-тапсырма. Тыңдалым мәтіні негізінде ауызша мәтін құрастырыңыз
(3 балл)
Дескриптор
-тыңдалым мәтінін қолданып, ауызша мәтін құрастырады-3
Оқылым.
Мұрат үш күннен бері ауру. Еті күйіп-жанып, екі беті қып-қызыл болып балбырап, төсек тартып жатып қалды. Бұрын да тамаққа нашар еді, енді мүлде ішуді қойды.Ұлжан сусынын аузына тосып, күндіз-түні оның жанынан шықпайды.Жолаушы кеткен Батырбай қария (колхоздың белгілі бақшашысы) бүгін келді. Есіктен кірген бойда төсекте жатқан баласының қасында отырған өңі сынық Ұлжанды көріп шошып кетті.
— Мұрат жайша жатыр ма?
Кеудесін кере бір күрсініп алып:
-Қайдан жайша болсын! — деп бастады да Ұлжан, Мұраттың ауруға шалдығу себебін баяндап берді. Батырбай қария алақанын баласының маңдайына басып, біраз отырды да, басын шайқады:
— Дәрігерге көрсетпесе болмас.
Мұрат—Батырбай қария мен Ұлжанның сүт кенжесі. Кәрі әке-шешеге ол өте аяулы. Көздерінен таса еткілері келмейді. Мектепке түскенге шейін Мұрат семья өмірінен ұзақ шыға алмай келді. Қарт ата-ана үйде ойна деп оны қақпайлай беретін. Есік алдына шықса болды, бірі қуа көтеріп, үйге алып кіріп кететін. Суық тиеді. сыз өтеді, шаншу қадалады деген сияқты толып жатқан қауіптерді төндіріп, қатты сақтанушы еді.
Алдыңғы жылы күзде әке-шешесі Мұратты оқуға берді. Мұрат жақсы үлгеріп оқып кетті. Қазір ол II класта оқып жүр. Сабақтан қалмауға тырысады. Іске мойынұсынып, алаң болған адамдай-ақ, мектепке барарында ерте оянып, тез киініп қамданады.
Батырбай қария мен Ұлжан кейбір қатты жауында. немесе карлы боранды күндері Мұраттың сабаққа баруына да тежеу салып: «Бүгін бармай-ақ қой», — деп оны мұндай күндері қия бастырғылары келмейді. Қыс бойы Мұрат өзге балалардай сырғанақты да еркін тебе алған жоқ. Әсіресе, жаз шыққалы ойнап жүрген балаларды көріп, жаңа иістеніп, құлпырып келе жатқан табиғатқа еліктеп үй төнірегінде жүруден мезі болады. Батырбай қария жолушы кеткен күні Мұраттың көшеге қарай қашуы да, еркін ойнап қайтатын балаларының шулағанын аса сағынғандықтан еді.
(129 сөз) (Б.Соқпақпаев «Он алты жасар чемпион»)
1-тапсырма.
«Он алты жасар чемпион» шығармасында көрініс тапқан әлеуметтік-қоғамдық мәселені табыңыз, мәселеге қатысты өз ойыңызды айтыңыз. (3 балл)
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма. Басты кейіпкерді бүгінгі өмірмен байланыстырып, ойын 5-6 сөйлеммен білдіреді.
(3 балл)
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дескриптор
-- әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды, өз ойын айтады-3
- басты кейіпкерді бүгінгі өмірмен байланыстырады, өз ойын білдіреді - 3
Жазылым.
Тақырыптардың бірін
таңдап, лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдана отырып,
ойыңызды «келісу, келіспеу» эссесі түрінде
жеткізіңіз.
Сөз саны: 120-130
сөз
Тақырыптары:
1. «Кез келген елдің болашағы- оның халқының денсаулығына байланысты»
2. «Тәні саудың –дені сау»
3. «Салауатты өмір салтын сақтау- болашағымыздың кепілі»
Қажетті клишелер:менің ойымша,біріншіден, (екіншіден), оған қоса, бір айта кетерлігі, нәтижесінде, қорытындылай келе, атап айтсақ, бір жағынан, басқа жағынан қарастырсақ, сонымен қатар, сондай-ақ, сондықтан, алайда, дегенмен, дәлелдейтін болсақ.(12 балл)
Дескриптор
- лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдана отырып, ойын «келісу, келіспеу» эссесі түрінде жеткізеді-3
-негізгі бөлімде мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіреді-2
-мәселеніңшешужолдарынақатыстынақтыұсыныстаржазады-1
- тақырыптан ауытқымайды – 1
- мазмұнын ашады -1
- сөздердің орын тәртібін сақтап жазады- 1
- орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады -2
-сөз мөлшерін ескереді-1
Тілдік бағдар (6 балл).
Төменде берілген сөздерді ортақ және оңаша тәуелде.
Денсаулық, спорт.
Дескриптор
- орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады - 2
-сөздерді ортақ және оңаша тәуелдейді -4
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 10-сыныпқа арналған аралық аттестаттау емтиханының тапсырмасы
(оқыту өзге тілдегі сыныптар үшін)
ІІ нұсқа
1-тапсырма . Мәтін мен өлеңде жалпы адамзатқа ортақ қандай мәселе көтеріледі? 2 сөйлеммен пікіріңізді жазыңыз
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дескриптор
-Мәтін мен өлеңде жалпы адамзатқа ортақ қандай мәселе көтерілгенін жазады-1
- 2 сөйлеммен пікірін жазады-2
Айтылым.
1-тапсырма. Тыңдалым мәтіні негізінде ауызша мәтін құрастырыңыз
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(3 балл)
Дескриптор
-ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіннен күрделі сөздердің жасалу жолын анықтайды-1
-тыңдалым мәтінін қолданып, ауызша мәтін құрастырады-2
Оқылым
Балғабек Қыдырбекұлы
Теміржолшы
Құрылыс қызу жүріп жатыр. Мұндағы адамдардың көбі осы маңдағы Күрті болысынан келгендер көрінеді. Ауылдан келген жігіттер жұмысқа белсене араласып кетіпті. Кешегі «мен көшемін» деген кісі сайдан топырақ тасып жүр.
Лашығын өзен бойына қалдырып, жол құрылысының бастығы тіккен шатырға жүгіріп келген жігіт көп кідірмей-ақ шатырдан қуана шықты. Әуелі ол шатырға кірерде осылар қазақша сөзімді түсінбес деп жүрексініп еді, олай болмады, кіріп барған жігітке:
— Амансың ба?—деп қазақша сөйлеп, мұртты сары кісі Столяров орнынан тұра келіп қолын өзі берді.
— Амансыз ба?—деді, не айтарын білмей қалған Әліш те.
— Жұмыс сұрай келдің бе?
— Иә.
— Ендеше мен қағаз жазып берейін, ана Тарасов деген кісіге бар, ол саған жұмыс береді. Ендігі сенін бастығың сол болады.
— Құп.
Осыдан кейін ол жұмысқа кірісті. Оның жұмыс істеуіне сары атан тиді. Осы сары атанды жетелеп, Әліш бірнеше күн басқалармен бірге топырақ тартты. Аз ғана күн ішінде жап-жазық далада топырақ жалданып, тау болып үйіліп қалды. «Көп түкірсе – көл» деген осы екен-ау деп ойлады Әліш.
Аз күнде Әліш құрылысшылармен үйренісіп кетті. Ауылдағы жолдастарының да көбісі осында келді. Жұмысшылардың бірсыпырасы тасылған топырақты тегістеп, нықтап, таптап, енді бірсыпырасы тақтай тілуге кірісті.
Әліш енді жолдың топырағын тегістеп, үстіне құм, тас қиыршықтарын тасуға тапсырма алды. Ол бұл жұмысты да бар ынтасымен істеді. Поезд осы арадан өткенше асықты ол.
(128 сөз)www.mektep.kz
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Үзіндіде қандай мәселе көтерілген? Сөйлемді
тауып жазыңыз.

Мәселе шешімін көрсететін сөйлемді тауып
жазыңыз.

-
балл)
2- тапсырма. Әлішті бүгінгі қоғамда кімдермен салыстырар едің? Кестені толтыр.
![]()
-
-
-
-
-
-
Ә
лішСенің кейіпкерің
-
-
-
-
-
Ұқсастықтары
Айырмашылықтары
Пікірің

(3 балл)
Дескриптор
-Сұрақтарға жауап береді-3
-Бүгінгі қоғамда кімдермен салыстырар едің? Кестені толтырады-3
Жазылым.
Тақырыптардың бірін
таңдап, лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдана отырып,
ойыңызды «келісу, келіспеу» эссесі түрінде жеткізіңіз.
Сөз саны: 120-130 сөз
Тақырыптары:
1. «Отандық өнім- ұлт мақтанышы»
2. «Қарағанды- өнеркәсіптік аймақ»
3. «Жұмысшы мамандықтары туралы не білеміз?»
Қажетті клишелер:менің ойымша,біріншіден, (екіншіден), оған қоса, бір айта кетерлігі, нәтижесінде, қорытындылай келе, атап айтсақ, бір жағынан, басқа жағынан қарастырсақ, сонымен қатар, сондай-ақ, сондықтан, алайда, дегенмен, дәлелдейтін болсақ.(12 балл)
Дескриптор
- лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдана отырып, ойын «келісу, келіспеу» эссесі түрінде жеткізеді-3
-негізгі бөлімде мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіреді-2
-мәселеніңшешужолдарынақатыстынақтыұсыныстаржазады-1
- тақырыптан ауытқымайды – 1
- мазмұнын ашады -1
- сөздердің орын тәртібін сақтап жазады- 1
- орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады -2
-сөз мөлшерін ескереді-1

Тілдік бағдар
Эссе мәтінінде тәуелдік жалғауды және көптік мәнді есімдер көптік мәнді есімдер,орынды қолданыңыз.(6 балл)
Дескриптор
-тәуелдік жалғаудыорынды қолданады-3
-көптік мәнді есімдеркөптік мәнді есімдерді орынды қолданады-3
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 10-сыныпқа арналған аралық аттестаттау емтиханының тапсырмасы
(оқыту өзге тілдегі сыныптар үшін)
ІІІ нұсқа
1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын қысқаша 3 сөйлеммен жазыңыз.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дескриптор
- мәтіннің мазмұнын қысқаша 3 сөйлеммен жазады -3
Айтылым.
1-тапсырма. Тыңдалым мәтіні негізінде ауызша мәтін құрастырыңыз
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(3 балл)
Дескриптор
-ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіннен күрделі сөздердің жасалу жолын анықтайды-1
-тыңдалым мәтінін қолданып, ауызша мәтін құрастырады-2
Оқылым
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
...Еламан әбден қас қарайғанша тұрды. Ай туған жоқ. «Ертең күн шағырмақ, ашық болар», - деді Еламан. Ертеңіне бұл тіпті ерте оянды. Түнімен тырп етпей шыққан Ақбаланың ұйқысын бұзғысы келмеді де, төсектен ақырын түсті. Үй ішінде де сыбдырсыз ақырын қозғалып, кеше жатар алдында пешке жайған киімдерін киді. Күндегі әдетпен бүгін де түннен қалған бірдеңені талғажау етті де, Ақбала екеуі «жылауық неме» деп ат қойған жаман есікті сықырлатпай ақырын ашып, сыртқа шықты.
Еламан теңізге тартты. Бұл ақ қар, көк мұз үстінде күні бойы жалғыз. Мұз ояды. Ау қарайды. Теңізге шыққанда, сірә да, маңындағы кісі-қараның бар-жоғын байқамайтын. Төбеде көк аспан. Табан асты көк теңіз. Екі дүние арасында жабырқау ойды жанына серік қып, күні бойы күйбеңдеп жүріп өмір жөнінде ойлайды. Өзі жөнінде ойлайды. Өзінің теңіз үстінде ғана емес, өмірде де жалғыз екенін ойлайды. Әке-шешеден ерте айрылды.
Еламан күрсінді. Аяғы астында жатқан бір-екі балықты етігінің тұмсығымен теуіп, өзінен әрегірек ысырып тастады да, аудың арқалығын ұстады. Қас қараймай тұрғанда, үйге тезірек жеткісі кеп еді; бірақ жалғыз кісіге ой үйір келе ме, күтпеген жерден қайын атасы есіне түсті. Еламанды «балықшы» деп атап, бұған айтқан қай сөзді де әзілге шаптырып осқырынып отырады. Оған бұл үйренген. Кеше де қатынаған біреуден «балықшыға сәлем айт, ауыз ашқасын барам» деп хабар жіберіпті.
(130 сөз)www.mektep.kz
1-тапсырма
Үзіндіде көтерілген мәселені анықтаңыз. Сол мәселе бүгінгі күні өзекті ме? Ойыңызды ПОПС формуласы арқылы жеткізіңіз.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша,...»
Екінші сөйлем «Себебі, оны былай түсіндіремін…»
Үшінші сөйлем «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын… » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім...».
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(3 балл)
2- тапсырма
Еламанға мінездеме жасаңыз. «Бүгінгі таңда осындай мінезді адамдар кездесе ме?» деген сұраққа жауап беріңіз.
|
|
Кейіпкер |
Мінездеме |
Бүгінгі таңда осындай мінезді |
|
|
|
|
адамдар кездесе ме? |
|
|
Еламан |
|
|
(3 балл)
Дескриптор
-үзіндіде көтерілген мәселені анықтайды-3
-кейіпкелерге мінездеме береді-3
Жазылым.
Тақырыптардың бірін
таңдап, лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдана отырып,
ойыңызды «келісу, келіспеу» эссесі түрінде жеткізіңіз.
Сөз саны: 120-130 сөз
Тақырыптары:
1. «Мұхит- игіліктің көзі»
2. «Қан мен тер»- адам тағдыры
3. «Каспий теңізі мәселесі»
Қажетті клишелер:менің ойымша,біріншіден, (екіншіден), оған қоса, бір айта кетерлігі, нәтижесінде, қорытындылай келе, атап айтсақ, бір жағынан, басқа жағынан қарастырсақ, сонымен қатар, сондай-ақ, сондықтан, алайда, дегенмен, дәлелдейтін болсақ.(12 балл)
Дескриптор
- лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдана отырып, ойын «келісу, келіспеу» эссесі түрінде жеткізеді-3
-негізгі бөлімде мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіреді-2
-мәселеніңшешужолдарынақатыстынақтыұсыныстаржазады-1
- тақырыптан ауытқымайды – 1
- мазмұнын ашады -1
- сөздердің орын тәртібін сақтап жазады- 1
- орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады -2
-сөз мөлшерін ескереді-1
Тілдік бағдар
Төмендегі сын есімдермен құрмалас сөйлемдер құрап жазып, сол сөздерді эссе мәтінінде қолданыңдар.
Ұлттық, діни, мейірімділік
Дескриптор
-сын есімдермен құрмалас сөйлемдер құрастырады, сол сөздерді эссе мәтінінде қолданады-6 балл
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 10-сыныпқа арналған аралық аттестаттау емтиханының тапсырмасы
(оқыту өзге тілдегі сыныптар үшін)
ІV нұсқа
1-тапсырма . Мәтін мен өлеңде жалпы адамзатқа ортақ қандай мәселе көтеріледі? 2 сөйлеммен пікіріңізді жазыңыз
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(3 балл)
Дескриптор
-Мәтін мен өлеңде жалпы адамзатқа ортақ қандай мәселе көтерілгенін жазады-1
- 2 сөйлеммен пікірін жазады-2
Айтылым.
1-тапсырма. Тыңдалым мәтіні негізінде ауызша мәтін құрастырыңыз
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(3 балл)
Дескриптор
-ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіннен күрделі сөздердің жасалу жолын анықтайды-1
-тыңдалым мәтінін қолданып, ауызша мәтін құрастырады-2
Оқылым
Баспасөз бостандығы — ақпараттарды еркін тарата алу және бұқаралық ақпарат құралдарында, радио мен теледидарларда өз пікіріңді ашық білдіре алу құқығы.
Баспасөз бостандығының арқасында әрбір азамат қоғамдағы және әлемдегі әртүрлі мәселелер бойынша өзінің тәуелсіз пікірін қалыптастыруға мүмкіндік алады, ал бүл қоғамның демократиялануының маңызды әрі ажырағысыз шарты болып табылады. Журналистер цензураға немесе басқа да шектеулерге ұрынбай өз пікірлерін білдіру құқына ие. Демократиялық емес режимдерде мемлекеттік және өкімет айтқан шеңберден шықпайтын бүқаралық ақпарат құралдарының жүмыс атқаруына ғана жол беріледі. Ал, демократиялық елдерде, тәуелсіз ақпарат құралдарының ақпараттарды алу мен тарату мүмкіндігі заңнамалық түрде бекітіледі.
Әдетте, диктаторлық құрылымдардың ең алғашқы шаралары баспасөз бостандығын шектеумен басталады. 1991 жылғы 19 тамызда КСРО билігін путч нәтижесінде үш күн бойы
Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет басып алды. Комитет өзінің бірінші жарлығымен өзіне бағынышты ондаған газеттерден басқа жалпымемлекеттік деңгейдегі барлық газеттердің шығуын тоқтатып тастады. Жалпы, тоталитаризм мен авторитаризм жағдайында журналистердің қызметін қатаң шектеу үнемі орын алып отырады.
Қазақстанда баспасөзді алдын ала қадағалауға заң бойынша тыйым салынған.
(130 сөз)www.mektep.kz
(6 балл)
-
тапсырма
Мәтіннен 1 негізгі және оны толықтыратын 2 қосымша ақпаратты анықтап, кестеге түсіріңіз.
|
Негізгіақпарат |
|
|
Қосымша ақпарат |
|
|
Қосымша ақпарат |
|
3 балл
2-тапсырма
Мәтіннен 1 факті мен автор көзқарасы берілген 1 сөйлемді анықтаңыз.
Факт_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Көзқарас __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мәтіннің идеясын 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
3 балл
Дескриптор
-негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды, кестеге түсіреді-3
-факті мен автор көзқарасы берілген сөйлемді анықтайды-3
Жазылым.
Тақырыптардың бірін
таңдап, лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдана отырып,
ойыңызды «келісу, келіспеу» эссесі түрінде жеткізіңіз.
Сөз саны: 120-130 сөз
Тақырыптары:
1. «Нәзипа Құлжанова- қазақтың қайраткер қызы»
2. «Қоғамдағы әйел-аналардың рөлі»
3. «Қазақ телеарнасының тарихы»
Қажетті клишелер:менің ойымша,біріншіден, (екіншіден), оған қоса, бір айта кетерлігі, нәтижесінде, қорытындылай келе, атап айтсақ, бір жағынан, басқа жағынан қарастырсақ, сонымен қатар, сондай-ақ, сондықтан, алайда, дегенмен, дәлелдейтін болсақ.(12 балл)
Дескриптор
- лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдана отырып, ойын «келісу, келіспеу» эссесі түрінде жеткізеді-3
-негізгі бөлімде мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіреді-2
-мәселеніңшешужолдарынақатыстынақтыұсыныстаржазады-1
- тақырыптан ауытқымайды – 1
- мазмұнын ашады -1
- сөздердің орын тәртібін сақтап жазады- 1
- орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады -2
-сөз мөлшерін ескереді-1
Тілдік бағдар
Төмендегі сан есімдермен құрмалас сөйлемдер құрап жазып, сол сөздерді эссе мәтінінде қолданыңдар.
1958 жыл, 8 наурыз, 2011 жыл 1 қыркүйек
Дескриптор
-сан есімдермен құрмалас сөйлемдер құрастырады, сол сөздерді эссе мәтінінде қолданады-6 балл
Тыңдалым. Аудиомәтіндерді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындайды
1-мәтін
Арал теңізі
Арал теңізі– кезінде құрлықтың ішінде орналасқан бүкіл дүниежүзіндегі төртінші ең ірі су қоймасы болатын.1960 жылдары Кеңес Одағының орталық басшылығы мақта егістіктерін суару үшін Аралға құятын ең басты 2 өзен – Сырдария мен Амударияның суын бұрып жібереді.Соның нәтижесінде Өзбекстан әлемдегі ең ірі мақта өндірушінің біріне айналды.Алайда ауыл шаруашылығының мұндай жетістігі тым қымбатқа түсті – Арал теңізі тартыла бастады, жергілікті балық шаруашылығы түгел құрдымға кетті.Арал өңірінің ауа райы күрт өзгере бастады.Ауаға химиялық заттар мен теңіз түбіндегі кепкен тұздың шаңы жайылды, теңіздің тоқталмай тартылуы салдарынан жергілікті халық ауыр халге түсті.
Мамандардың айтуынша, Арал теңізі өз тарихында төрт рет тартылған екен. Бір кездері Әмудария Каспийге құйып, Сырдың суы теңізге жетпей, Қызылқұмның құмына сіңіп кетіп отырған. Алайда табиғаттың тосын мінезінен бірнеше рет теперіш көргенімен Арал ернеуіне жетіп, қойны балыққа толып отырған еді. Жер бетіндегі ішкі сулардың ішінде ірілігі жағынан 4-орын алған Арал 4 рет адам қолымен тартылып кетті.
Арал тағдырын шешу- біздің болашақ ұрпақтың қолында!
(130 сөз) www.mektep.kz
2-мәтін
Қ. Мырза Әлі «Аралым»
Шалқыған
теңіз,
Толқыған
теңіз,
Көгілдір көк айдыным, көк
айдыным.
Биікте
жүрген,
Бұлттарды
сүзген,
Бұрынғы жоқ айбының, жоқ
айбының.
Аққу
арман,
Күтемін
алдан
Сағынып қанат қаға
ма?
Толқыны
тулап,
Шағала
шулап,
Толар ма ауыл
жағаға?
Арал, сен туралы айтам
ән,
Арал, ақ айдыным
аңсаған.
Арал, оралсаңшы
қайтадан!
Арал!
Қарайған
жерге,
Қуанған
шөлге
Телміріп күн қарайды, күн
қарайды.
Көк дауыл
жеккен,
Кемелер
шөккен
Жағада құм борайды, құм
борайды.
Аққу
арман,
Күтемін
алдан
Сағынып қанат қаға
ма?
Толқыны
тулап,
Шағала
шулап,
Толар ма ауыл
жағаға?
(76 сөз)www.mektep.kz
10-сынып Т2
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 10-сыныпқа арналған аралық аттестаттау емтиханының тапсырмасы
(оқыту өзге тілдегі сыныптар үшін)
Оқу мақсаттары:10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу;
10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану;
10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау;
10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе);
10.5.1.1 тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) және көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолдану;
|
Оқу дағдысы |
Бағалау критерийлері |
Тапсырма реті |
Дескриптор |
Балл |
|
Тыңдалым |
-нақты дерекке сүйене отырып, тыңдалған мәтінді салыстырады. -ортақ мәселені аргументтер тт негізінде дәлелдейді
|
1 |
ортақ мәселені аргументтер негізінде дәлелдейді ; |
3 |
|
Айтылым |
тыңдалым мәтінін қолданып, ауызша мәтін құрастырады |
1 |
-тыңдалым мәтіні негізінде ауызша мәтін құрастырады; |
3 |
|
Оқылым |
-әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды, өз ойын айтады - басты кейіпкерді бүгінгі өмірмен байланыстырады, өз ойын білдіреді
|
2 |
әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды, өз ойын айтады; - басты кейіпкерді бүгінгі өмірмен байланыстырады, өз ойын білдіреді
|
6 |
|
Жазылым
|
- эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп эссе жазады. - жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады. |
3 |
-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады -мәтіндегі ақпараттарды қолданып мазмұнын толық ашады -орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады
|
12
|
|
Тілдік бағдар |
тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) және көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолданады; |
1 |
- тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) және көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолданады;
|
6 |
«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА
10-сынып
|
|
Төмен деңгей 1-2 балл |
Орта деңгей 3-4 балл |
Жоғары деңгей 5 балл |
|
Тыңдалым |
10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын 1-2 сөйлеммен дәлелдеу |
10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын дәлелдеу |
10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу |
|
Айтылым |
10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда қателіктер жіберу |
10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда қолдану |
10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану |
|
Оқылым |
Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдауда және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалауда 4-5 қате жібереді. |
Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды, кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалауда 1-2 қате жібереді. |
10.3.3.1.Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалай алады. |
|
Жазылым |
Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 4-5 қате жібереді. |
Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 1-2 қателік жібереді. |
10.4.2.1.Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазады. |
|
Тілдік бағдар |
Тәуелдік, көптік жалғауларды қолдана алады. Қолдануда 4-5 қате жібереді. |
Тәуелдік, көптік жалғауларды дұрыс қолданады.Қолдануда 1-2 қате жібереді. |
10.5.1.1.Тәуелдік, көптік жалғауларды дұрыс қолданады. |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген