«Емтиханға қалай әзірлену
керек?»
Мақсаты:
Емтиханға
әзірленудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолайлы формада
жеткізу
Уақыты:
15
минут
Психологиялық тұрғыдан даярлану
Дағдарыс жағдаяттарында сасқалақтамау үшін,
жоғары мақсаттарға жетуде өзіңізге жоғары міндеттер қоймағаныңыз
дұрыс. Жағдай тығырыққа тірелгенше, күтпеу қажет.
-Емтиханға әзірлікті ерте бастау керек, аз-аздан,
бөліп-бөліп байсалды әзірлену керек;
-Егерде сізге бар күшіңізді
салып, ойыңызды жинақтау қиын болса, бірінші жеңілдерін есте
сақтап,содан кейін күрделі материалдарды оқуға көшуге
тырысыңыз;
-Ішкі күштерді, шаршауды түсіруге арналған
босаңсуға жағдай жасайтын жаттығуларды күнде орында;
Көз шаршағанда не істеуге
болады?
Емтиханға әзірлік кезеңінде
көзге ауырлық көп түседі. Егерде көз шаршаса, ағзаның да шаршағаны,
яғни емтихан тапсырмаларын орындауға күшіңіз жетпеуі мүмкін.Көзді
демалту үшін қажетті әрекет жасау қажет.Жаттығудың кез-келгенін
орындау:
-
Жоғары-төмен алма кезек қара
(25 секунд), солға-оңға;
-
Көзбен өз есіміңді, әкеңнің атын, тегіңді
жаз;
-
Алыс жердегі заттарға қадалып қара (20 секунд),
содан соң алдындағы қағаз бетіне қара (20секунд);
-
Шаршы, үшбұрыш сал. Бірінші сағат тілімен, содан
кейін сағат тіліне қарсы сал;
Күн режимі
Тәулікті үшке бөл
-
Емтиханға күніне 8 сағат әзірлен;
-
Спортпен айналыс,таза ауада
серуенде, би кешіне бар;
-
8 сағаттан кем ұйықтама;
егерде қажеттілігің мен тілегің болса, түс қайта демалып
ал;
Тамақтану
Күніне 3-4 рет тамақтану
керек, калориялы және дәруменді тамақтар болу керек. Тағамға: грек
жаңғағы, сүт тағамдары, балық, ет, жеміс, көкөніс, шоколад
пайдалан. Тағы бір кеңес: емтихан алдында тойып ас ішпе!
Сабаққа әзірлену
орны:
Өзіңнің
жұмыс орныңды дұрыс ұйымдастыр. Үстел үстіне сиякөк, сары түсті
картина немесе заттарды қой,себебі бұл түстер интеллектуальдық
белсенділікті арттырады.
Көлемді материалды қалай есте сақтау
керек?
Материалды сұрақтар бойынша қайтала. Бірінші есіңе түсір
және оны міндетті түрде қысқаша жаз, содан кейін ғана даталардың,
негізгі фактілердің дұрыстығын тексеруді ұмытпа. Оқулықты оқи
отырып, басты ойды анықта, оған жауап бергенде сүйенетін боласың.
Әр сұраққа бөлек-бөлек қағаздарға жауаптың қысқаша жоспарын жасауға
үйрен. Емтиханның алдындағы соңғы күні,сол әр бетке жазылған
қысқаша жоспарды оқып шық.
Ойды дамыту
жолдары
1. Ақылды
болғың келсе, мағыналы сұрақ қойып үйрен, мұқият тыңдай
біл,байсалды жауап бер және басқа айтарың болмаса үндемей
қал.
2. Ой күшінсіз білімді алу
мүмкін емес, сонымен қатар ойда білімсіз дамымайды.
3. Ойды
дамыту-бұл өз ақыл-ойыңды біліммен толтыру. Білім көздері алуан
түрлі: мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар заттар,
құбылыстар, адамдар туралы ақпараттар береді.
4. Ой сұрақтардан басталады.
«Неге?» және «Қалай?» деген сұрақтар арқылы барлық жаңалықтар
ашылды. Сұрақ қоюды және оған жауап іздеуді үйрен.
5. Әзір
стандартты шешімдер қалаған нәтиже бермесе ғана, ой
белсенеді.Сондықтан ойдың дамуы үшін заттар немесе құбылыстарды әр
қырынан көре біліп, жаңа нәрсені байқай білу
керек.
6. Зат
пен құбылыстың әртүрлі белгілерін байқау,және оларды салыстыра
білу-ақыл-ойдың қажетті қасиеттері.
7. Адам
обьектінің әртүрлі белгілерін көре білетін болса, онда оның ойы
икемді және жетілгенін білдіреді. Бұл икемділікті тапқырлыққа
арналған ойындарда,логикалық тапсырмалар мен басқатырғыштар арқылы
жаттықтыруға болады.
8. Ойлау
мен сөйлеу ажыратылмайды. Ойды дамытудың басты шарты-оқыған
материалды еркін жеткізу,пікірталастарға қатысу, жазба тілді жиі
қолдану,өзің толық түсінбейтін затты басқаға жеткізе
білу.
Еске сақтаудың кейбір
заңдылықтары
1. Еске сақтау қиыншылығы
көлемге байланысты емес. Шығармадан үзінді оқыған, нақыл сөздерден
әлдеқайда жеңіл.
2. Бір затты бірнеше рет
қайталағанда есте көп қалады, әрі түсініктілік
жоғарылайды.
3. Бір материалдан басыңды
алмай оқығаннан гөрі, бөліп-бөліп оқыған жөн.
4. Үздіксіз оқи бергеннен
гөрі, қайталауға, яғни есте қалдыруға уақытты жіберген
тиімді.
5.Егерде екі материалмен
жұмыстануда, оның біреуі көлемді, екіншісі шағын болса,
көлемдісінен бастаған жөн.
6. Ұйқыда адам еске
сақтамайды, бірақ ұмытпайды да.
Жұмыс қабілеттілігін
сақтау ережесі
1.Ақыл ой
мен дене еңбегін алмастырып отыру.
2.Айналу, баспен тұру,
майшам сияқты гимнастикалық жаттығуларды жасау керек, себебі ми
жасушаларына қан жақсы барып, айналыс күшейеді
3.Көзді сақтау керек, әр
20-30 минут сайын үзіліс жасау керек (кітаптан көзді ажыратып,
алысқа көз тігу)
4. Теледидар бағдарламаларын
барынша азайт!
Кинезиологиялық жаттығулар
Мақсаты:Танымдық қабілетті
белсендендіру
Нұсқау:
Бас
бармақ және сұқ саусақ көмегімен екінші қолдың саусағын тырнақтан
бастап, бар күшпен әр саусақты жаншимыз, бірінші алақан бетін,
содан кейін саусақ аралығын. Сосын қолды
алмастырамыз.
Оң қолдың бас бармағымен сол
қол алақанының қақ ортасын басып жаншимыз. Қысымды сезіне отырып,
алақан шеттерін айналу әрекеті арқылы, спирал секілді бас бармаққа
дейін қозғалыс жасаймыз. Содан соң келесі қолға
көшеміз.