Материалдар / Энергетикалық сусындардың пайдасы мен зияны
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Энергетикалық сусындардың пайдасы мен зияны

Материал туралы қысқаша түсінік
«Атамекен жалпы білім беретін мектеп» КММ – нің 11 «Б» сынып оқушылары Узакова Акбота мен Диханбаева Айслудың «Энергетикалық сусындардың пайдасы мен зияны» атты ғылыми жобасы энергетикалық сусындардың химиялық құрамын анықтай отырып, оның адам ағзасына пайдасы мен қоса зиянды жақтарын танып білуге, оның адам ағзасына әсерін ашуға арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қазан 2021
1424
10 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Маңғыстау облысы білім басқармасы

«Атамекен жалпы білім беретін мектеп» КММ









Жоба атауы: «Энергетикалық сусындардың пайдасы мен зияны»

Секция: Химия

Жоба авторы: Диханбаева Айслу,

Узакова Акбота 11 – сынып


Жетекшісі: Ізбасханова Бикен Құрметқызы

Химия пәні мұғалімі


Ғылыми жетекшісі: Дузбаева Нұрбану Аманқосовна


Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік

университетінің магистр, аға оқытушысы
















Бейнеу 2021

«Энергетикалық сусындардың пайдасы мен зияны» тақырыбына арналған мақала


Энергетикалық сусындар нарықта XX-ғасырдың соңында австриялық кәсіпкердің күшімен пайда болды. Нарыққа көп көлемде шыққан алғашқы энергетикалық сусын «Red Bull» болды. «Қанаттандыратын» - «Red Bull» сусыны тез арада кең сұранысқа ие болып, «Кока-кола» және «Пепси» сияқты сусын шығартын ірі компаниялар да энергетикалық сусынның өз нұсқаларын «Burn» және «Adrenaline Rush» шығара бастады.

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, әлемнің 70 елінде энергетикалық сусындардың жылына 1 миллиард қалбыры сатылады екен. Бұның қаншасы Қазақстан нарығының үлесінде екенін тап басып айту қиын.

«Қуаттандырғыштың» қуаты қандай?

Энергетикалық сусынның құрамынде не бар?

Әлемде ондаған атаумен шығарылатын энергетикалық сусынның құрамының бәрі бірдей. Әрине, әр «энергетикте» кофеин бар. Кофеин – психостимулятор болып табылады. Ол кофе, шай, кола жаңғағында бар. Кофеин шаршағанды басып, ұйқыны ашады. Алайда бұл тек уақытша ғана әсер етеді. Кофеиннің әсері кеткеннен кейін адам одан қатты шаршайды. Осыдан кейін дұрыстап демалмай, тағы да кофе мен қара шай ішсе, кофеиннің бір ішерлік мөлшері шамадан асып кетуі мүмкін. Кофеинді шамадан артық пайдалану – ұйқының қашуы, ашуланшақтық пайда болып, жүрек соғысы нашарлайды. Егер кофеинді көп мөлшерде пайдалануды тоқтатпаса, іштің бүріп ауруы, діріл, бұлшық еттердің зақымдануы және жүйке жүйесінің бұзылуына әкеп соғады. Ақырында арты өліммен аяқталуы мүмкін. Бір күнде 100-150 шыны аяқ кофе пайдалану «у» ішкенмен тең. Сонымен қатар энергетикалық сусындардың құрамында теобромин сияқты кофеиннен де күшті стимулятор, жүйке жүйесінің жұмысын күшейтетін таурин бар. Бұдан басқа «энергетик» құрамында L-карнитин және глюкуронолактон деген заттар бар. Бұл заттар ағзаға күнделікті ас арқылы жеткілікті мөлшерде түседі. Ал «энергетиктер» құрамындағы бұл заттар ағзаға керекті бір күндік мөлшерден 100 есе артық.

Еліміздің нарығында сергітетін түрлі энергетикалық сусындардың сатылып жатқанына біраз уақыт болды. Көбіне ештеңеден бейхабар жасөспірімдер, жастар, тіпті ата-аналардың өздері баласының денсаулығына қауіпті сусын алып беріп жатқандарынан хабарсыз. Қазіргі таңда энергетикалық сусындар жастардың сүйікті сусынына айналды. Бұл сусындардың зияндылығы, әсіресе жас ағзаға қаншалықты зардап әкелетіні кейінгі уақыттарда ғана айтыла бастады. Адамның орталық жүйке жүйесін белсендендіріп,жұмыс істеу қабілетін арттыруға бағытталған бұл сусындардың құрамында кофеин, таурин сияқты қоспалар бар. Оларды белгілі мөлшерден көп қолданса,адамның энергиясы немесе бұрын байқалмаған қандай да бір ауруы қозады. Аты «энергетик» болғанымен, заты оған сай емес. Керісінше бойдағы бар энергияны артығымен жұмсап,түгелімен шығарады. Былайша айтқанда, адамның энергиясын өзінен «қарызға алады».

Осы орайда бұл сусындардың пайдасы мен зиянына тоқталатын болсақ.

Пайдасы: Энергетикалық сусындар көңіл-күйді көтеріп, ой әрекетін жақсартады. Әркім өз қажеттіліктеріне орай энергетикалық сусын таба алады. Энергетикалық сусындардың кейбірі кофеинге негізделсе, екіншісі – дәрумендер мен көмірсулардан құралған. Кофеинге негізделген сусындар түнде жұмыс істеп, сабақ оқитын студенттер мен қызметкерлерге арналған, ал дәруменді-көмірсулы сусындарды бос уақытын спортзалда өткізгісі келетін белсенді адамдарға пайдалануға болады. Бір шыны кофенің әсері 1-2 сағат сақталады, ал энергетикалық сусынның әсері 3-4 сағатқа дейін. Оған қоса, көптеген энергетикалық сусындар газдалған болып келеді, бұл олардың әсерін кофеге қарағанда жеделдетеді. Құтысы да ыңғайлы болғандықтан, энергетикалық сусындарды өзіңмен алып жүруге және кез келген жерде ішуге болады. Бұл да оның кофеден бір артықшылығы.

Зияны: Энергетикалық сусындарды белгіленген мөлшерлемеге сай тұтыну қатаң талап етіледі. Максималды мөлшер – күніне 2 құты сусын. Мөлшерден асыру – қан қысымының немесе қан құрамындағы қант деңгейінің көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін. Энергетикалық сусындар Франция, Дания және Норвегияда ресми түрде рұқсат етілмеген және дәрі ретінде тек дәріханаларда сатылады. Энергетикалық сусындардың құрамындағы дәрумендер мультидәруменді кешенді алмастыра алмайды. Жүрек аурулары бар, гипо немесе гипертониямен ауыратын адамдарға энергетикалық сусындарды тұтыну құпталмайды.

Бұл тәжірибеде сусынның адам ағзасына яғни жүрек соғысымен қысымға қалай әсер ететіні анықталды. Тәжірибе мектеп дәрігерінің бақылауымен өтті.

Ағзаға әсері

Қалыпты жағдай

Энергетикалық сусынның бір қалбырын ішкеннен кейін

Жүрек қағысы

1 минутта 80 рет

1 минутта 85 рет

Қысым

120/80

130/90

Сонымен қатар энергетикалық сусындардың адам ағзасына әсерін бақылау үшін аптасына 2-3 рет тұтынатын ересек адамның сахарын (қант) Бейнеу орталық аудандық ауруханасына қарасты Атамекен амбулаториясында тексерттік. Қалыпты жағдайда сахар (қант) 5.5-6.0 болса, ал біз өлшеткен ересек адамның сахар (қант) нәтижесі 7.3 көрсетті. Дәрігерлер бұл кісіге энергетикалық сусындарды көп тұтынбауға кеңес берді.

Әр адамның өмірінде энергетикалық сусынға жүгінуге тура келетін кездер болады. Мұндай жағдайда ағзаңызды қорғау үшін сусынды тұтыну ережесін мұқият оқыңыз.

  1. Энергетикалық сусындарды тұтыну ережелері

  2. Кофеиннің бір күндік мөлшерін асырмауға тырысыңыз, яғни екі құтыдан көп ішпеңіз.

  3. Сусынның әсері тарқаған соң ағзаға күш жинау үшін демалыс қажет.

  4. Спорттық жаттығулардан кейін энергетикалық сусындар ішпеңіз – спорттық сусындар да қан қысымын көтереді.

Біз осы ғылыми жұмысымызды зерттеу барысында көпшілік тұрақты түрде қолданып жүрген энергетикалық сусынды үй жағдайында табиғи өнімдерден жасай отырып, ұсынғымыз келеді.

Үй жағдайында жасалған энергетикалық сусын. Бұл дүкендердегі немесе дайын қалбырдағы өнімдерден әлдеқайда пайдалы және табиғи әрі дәмдірек. Бұл үшін бізге тоңазытқышта сақталған, қатырылған жемістердің қоспасы, зімбір тамыры, бал, лимон және су қажет болады. Бірінші 2 л су аламыз және оған қатырылған жеміс - жидектерімізді қосамыз. Бұл қоспаны баяу отқа қайнағанша қоямыз, осы уақытта зімбір тамырының қабығын аршып тазалап, үлкендеу көлемде турап салып жібереміз. Содан кейін лимон қабығын үккіш арқылы үгітіп, ал қалған бөлігін турап бірге саламыз. 20 минут өткен соң тұнбамызды 40 С температураға дейін кішкене суыған кезінде балды қосамыз. Сусын суығаннан кейін балды қосып, толық сусығаннан кейін тазаланған су құямыз, осымен сусын толық дайын.

Энергетикалық сусындар жайлы осы ақпараттан кейін қандай қорытынды жасауға болады? Энергетикалық сусындардан ағзаға тиіп кетер пайдасы өте аз. Олардың орнына, адамзатқа ежелден белгілі шай, кофе, какао сияқты табиғи сусындарды ішкен әлде қайда артық. Оның үстіне табиғи сусындар имундық жүйені күшейтеді.

Ұсынысымыз:

-Мектеп жасындағы балалармен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге тұтынуға тыйым салынса, дүкендердегі сатылымына шектеу шараларын енгізсе.

-Энергетикалық сусындардың орнына жастар арасында қымыз, шұбат, айран, қатық сияқты пайдасы мол, әрі құнарлы ұлттық өнімдеріміз насихатталса.

-Сусын құрамындағы зиянды қоспалардың мөлшері азайтылса.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!