жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Энергия көздері
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Энергия және қозғалыс. Күні: 15.02.2019 Сынып: 6 |
Мектеп: Сұлукөл ЖОББМ Мұғалімнің аты-жөні: Кәдірбек Айым Абылайқызы |
||||
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары |
6.5.1.1-Энергия көздерін атау; |
||||
Сабақтың мақсаты |
-Энергия көздерін жіктейді; -Заманауи энергия көздерін атайды; -Энергия көздерінің өндірістегі үлесін сипаттайды; |
||||
Бағалау критерийі |
Энергия көздерін атау; |
||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар мәтінді оқи отырып, фотодеректер мен бейнежазба арқылы зерттеу нысандарын атайды, сипаттайды. |
||||
Пәнге қатысты лексика мен терминология |
Ауызша және жазбаша сөзге арналған қажетті сөйлемдер: А) дәстүрлі энергетика, балалмалы энергетика, қалпына келмейтін ресурс,қалпына келмейтін ресурс, қалпына келетін ресурс. Ә)...- табиғатта кездесетін заттардан және құбылыстардан алынатын энергия. Қазіргі таңда бұл мәселелерді азайту мақсатында басқа да энергия көздерін пайдалану қолға алынуды-... . |
||||
Құндылықтарға баулу |
Өзі өмір сүретін ортаға қамқор болу. Коммуникативті қатынастарды қадірлеу. |
||||
Дағдылар |
Ғылыми-зерттеу дағдылары; тәжірибелік ойлау дағдылары; жан-жағындағы адамдармен бірлескен жұмыс жасай білу дағдысы. |
||||
Алдыңғы білім |
Энергия түрлерін ажырату; |
||||
Ресурстар |
Оқулық, интербелсенді тақта, кері байланыс парақтары,бөлімді аяқтаудың жиынтық бағалау құралдары. |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңі |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||
2 мин
6 мин |
І. Ұйымдастыру бөлімі. -Сәлемдесу, оқушылардың назарын шоғырландыру;Жағымды ахуал қалыптастыру. -оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын анықтау; Сабақты оқушыларға оқу мақсаттарын айтудан бастаймыз. Осы мақсаттарының әр оқушыға түсінікті болуын қамтамамыз етіңіз. Миға шабуыл: Оқушыларға «От не үшін қажет деп ойлайсыңдар?» және т.б. деген сұрақтарды талдатуға болады. Тапсырмалар: Жұмыс топқа бөлу арқылы ұйымдастырылады. Алғашқы от алудың тәсілдері бейнеленген суреттерде қандай іс-әрекет бейнелеген? Неліктен олай жасағандарын түсіндіріңдер. Оқушылар өз ойларын ортаға салған соң «От не үшін қажет болды?» атты кішігірім шығарма жазады. Орындаған жұмыстарын талқылап және бағалау жасайды.
ҚБ: «Жетелеу сөздері» тәсілі. Жарайсыңдар, тамаша т.б. |
|
|||
Сабақтың ортасы
18 мин
4 мин
5 мин |
Тапсырмалар : Оқушылар 3 топқа бөлініп,өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың тітіркендіргіштерге жауабын, себебі мен салдарын зерттеуді тапсыра аласыз. А) Күн энергиясын пайдаланудың қажеттілігін және артықшылығын бағалаңдар. -Оны қолдану кезінде қандай қиыншылықтар мен кемшіліктер болуы мүмкін? -Қазақстанның қандай аймақтарында Күн энергиясын пайдалану тиімді?Жауаптарыңды дәлелдеңдер. Ә) Анықтамалардан қалпына келетін, қалпына келмейтін ресурстар және баламалы энергия көздері ұғымдарының анықтамасын табыңдар. Мұғалімге оқушылардың барлығына: Энергия көздері дегеніміз не ? Қандай энергия көздерін білесіңдер, атап шығыңдар? Оларды қалай қолданады, мысал келтіріңдер? Бағалау: «Көршіңе бір сөз арна» тәсілі арқылы оқушылар бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсете алады. Оның сөздері былай болуы мүмкін: -Сен жарайсың, себебі... . -Сабақтағы сенің жұмысыңа мен қанағаттанамын, себебі меніңше сен... -... Сенің мүмкіндігің одан да зор. ҚБ: «Бағдаршам» тәсілі. Жасыл түс –жақсы игердім; Сары түс –мен жартылай игердім, әлі де жетілдіруім керек; Қызыл түс-маған көиек керек; Жасыл түс таңдағандар оқушылар сары көтергендерге көмектеме алады, ал мұғалім қызыл түс көтергендерді жинап, қолдау көрсете алады. |
Тірек сызба толтыру
Bilimland сайты Twig
|
|||
Сабақтың соңы 3 мин Рефлексия
2 мин Үйтапсырмасы |
«Шабадан, еттартқыш,себет»тәсілі Оқушылар сабақ бойынша алған ақпараттарын ойша жинақтап, қағаз бетіне түсіреді де шабадан, еттартқыш, себеттің бірінің тұсына іледі. Оның мағынасы: Шабадан- келешекте керек; Еттартқыш –өңдейтін ақпарат; Себет- лақтырып тастаймын;
§41 оқу. Бүгінгі сабақтың негізгі атаулары мен ұғымдарын еске сақтауға тырыс. |
Рефлексия парағы Үлкен форматтағы плакаттар |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген