Материалдар / Энергия түрлері мен көздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Энергия түрлері мен көздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Энергия түрлерін температура мен жылу энергиясын ажыратады, градусникті,термометрді пайдалана отырып температураны өлшейді, энергияның өзара айналымына мысалдар келтіреді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
8533
36 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:6.5.1.1


Мектеп:Еңбекшіқазақ орта мектебі

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:Утегулова Анар Женисхановна

Сынып: 6

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

6.5.Энергия түрлері мен көздері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.5.1.1 энергия көздерін атау

Сабақтың мақсаты




Барлық оқушылар:Энергия түрлерін ,энергия көздерін ажырату

Оқушылардың басым бөлігі: Градусникті,термометрді пайдалана отырып температураны өлшеу

Кейбір оқушылар: Энергияның өзара айналымына мысалдар келтіру


Бағалау критерийі

Энергия түрлерін температура мен жылу энергиясын ажыратады, градусникті,термометрді пайдалана отырып температураны өлшейді,

энергияның өзара айналымына мысалдар келтіреді


Тілдік мақсаттар

Оқылым:Оқулықтағы энергия көздері мәтінін оқиды

Айтылым:Сұрақтарға жауап береді,топтық жұмыста энергия көздерін айтады

Тыңдалым:Сұрақтарға жауап беру барысында ,топтық жұмыста бір-бірінің пікірін тыңдайды

Жазылым: . «Менің энергия көздерім» деп аталатын дәстүрлі,баламалы энергияларды тізбектеп жазады.


Пәндік лексика және терминология

Энергия (гр. energeіa – әсер, әрекет) – материя қозғалысының әртүрлі формасының жалпы өлшеуіші.

Энергия көзі-адамзат баласына тіршілік үшін қажетті энергия алуға мүмкіндік беретін заттар немесе табиғи үдеріс

Диалогқа /жазуға қажетті сөз тіркестері

Жер бетінен қызған ауа массалары қозғалысқа келіп ....... пайда

болады. Осы орайда ішкі энергия .................. энергияға айналады

Құндылықтарға баулу

Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу

Еңбек өнімділігін арттыру – өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада энергия түрлерін дамыту

Пәнаралық байланыс

физика

Алдыңғы білім

5.5.1.1

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы





Психологиялық ахуал:

«Достық жылуы» әдісі бойынша оқушылар алақанымызды бір- біріне ысқылайықшы,ал енді қасыңда отырған достарыңның алақанымен өз алақаныңды түйістіріңдер. Бір-бірімізден достық жылуымызды аямайық

Миға шабуыл:

Күн бізге не беріп тұр?

Газ пеші мен үй жылытқыш бізге не үшін керек?

Адамдар үшін ең қажетті энергия түрі /электр қуаты/

Сөйлемді толықтыр:

Жер бетінен қызған ауа массалары қозғалысқа келіп ....... пайда болады. Осы орайда ішкі энергия .................. энергияға айналады

ҚБ: Бас бармақпен» бағалау

Сабақтың тақырыбымен мақсатын хабарлау

М.Оқушыларға мұғалім Энергия (гр. energeіa – әсер, әрекет) – материя қозғалысының әртүрлі формасының жалпы өлшеуіші.

Энергия көзі-адамзат баласына тіршілік үшін қажетті энергия алуға мүмкіндік беретін заттар немесе табиғи үдеріс туралы түсінік беріп талқылап жазу






Сабақтың ортасы


1-тапсырма Ж.

«Тізбектеу» әдісі бойынша «Менің энергия көздерім» деп аталатын энергияларды тізбектеп жаз. Жел су

ҚБ. «Мадақтау» (керемет, орташа, жақсы)

2-тапсырма Т.

Оқулықтан мәтінді оқып берілген тапсырманың мазмұндық сызбасын «Аялдама» әдісі арқылы қорғайды

1.топ.Жел энергиясы

2. топ.Күн энергиясы

3. топ.Су энергисы

4. топ.Электор энергия

ҚБ: Екі жұлдыз бір тілек

3.тапсырма.ЖЖ.

«Зерттеу» әдісі бойынша оқушылар температураны өлшеу.

Оқушылар 5 минутта термометр,градусник құралын пайдаланып өз температурасын,бөлменің , ғимараттың ішкі, сыртқы температурасын өлшейді

ҚБ:«Қол шапалақ» әдісімен бағалау

4-тапсырма Д.(саралау)

Төмендегі берілген суреттерді «Ойлан-ізден-бөліс» әдісі бойынша энергияның өзара айналымына мысалдар келтіру



1.------------------------

2.------------------------

3.------------------------

Дескриптор:

1.Сурет бойынша энергия түрлерін ажыратады

2.Энергия алу жолдарын анықтайды

3. Энергияның өзара айналымына мысалдар келтіреді

ҚБ:өзра бағалау




оқулық

мәтін 69-74 бет









Термометр,градусник





Сурет

6 сынып ҚБ












Сабақтың соңы

Рефлексия



«3-2-1»

  • Мен үшін 3- жаңалық

  • Мені ойландырған 2- мәселе

  • Маған қиындық туғызған 1 мәселе

Үйге тапсырма:Болашақта энергия көздерін алу жолдарына өз ойларын қосу


Саралау тапсырмасын оқушылардың деңгейіне қарай құрастырамын.

Сабақ барысында тапсырмаларды орындауда ерекше қабілетті оқушыларға деңгейіне қарай тапсырмалар беремін

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін

Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралаудың сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Барлық оқушылар энергия ұғымын біледі және түрлерін ажырата алады. Оқушылар температураны өлшейді. Кейбір қабілеті жоғары оқушылар берілген суреттер бойынша энергияның өзара айналымына мысалдар келтіреді..Жалпы оқушыларға қарапайым тапсырмаларды бере отырып,олардың қызығушылығын арттыратын сұрақтармен күрделендіріп, мұғалім тарапынан оқушылардың ішкі уәжін көтеріп мадақтап отырамын.Қабілеті жоғары оқушылар өздерінің білімдерімен бөліседі.


Сабақ кезінде не уйренгендеріне байланысты мадақтау арқылы, екі жұлдыз бір тілек, шапалақ,бас бармақ,өзара бағалау әдістері арқылы бағалаймын




Физика энергия түрлерін,алу жолдарын,электр энергиясы

Қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескерту


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!