Энергияны үнемдеу.Ғылыми жоба.Бастауыш сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Энергияны үнемдеу.Ғылыми жоба.Бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеудің мақсаты: кіші жастағы бастауыш сынып оқушыларына энергия ұғымы және оны үнемдеудің қоршаған ортаға әсері туралы айту, көрсету және түсіндіру. Тақырыптың өзектілігі: көптеген бастауыш сынып оқушылары энергия туралы және оны үнемдеу керек екендігін біле бермейді. Сондықтан, болашақта энергия тапшылығын болдырмау үшін, оларға ақпарат беру керек. Зерттеудің міндеті: болашақта энергия тапшылығын болдырмау үшін бастауыш сынып оқушыларына энергия туралы ақпарат беру және оны үнемдеп пайдаланудың маңыздылығын көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МАЗМҰНЫ

1. АННОТАЦИЯ
2. КІРІСПЕ
3. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1. ЭНЕРГИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
3.2. ЭНЕРГИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ
3.3. ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ

4. ҚОРЫТЫНДЫ
5. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

























АННОТАЦИЯ

Зерттеудің мақсаты: кіші жастағы бастауыш сынып оқушыларына энергия ұғымы және оны үнемдеудің қоршаған ортаға әсері туралы айту, көрсету және түсіндіру.


Тақырыптың өзектілігі: көптеген бастауыш сынып оқушылары энергия туралы және оны үнемдеу керек екендігін біле бермейді. Сондықтан, болашақта энергия тапшылығын болдырмау үшін, оларға ақпарат беру керек.


Зерттеудің міндеті: болашақта энергия тапшылығын болдырмау үшін бастауыш сынып оқушыларына энергия туралы ақпарат беру және оны үнемдеп пайдаланудың маңыздылығын көрсету.


Зерттеу жұмысының дерек көздері: зерттеудің материалы ретінде деректер, түсіндірме, оқулықтар мен ғылыми еңбектер алынды.


Зерттеу әдіс-тәсілдері: зерттеу барысында жетекшімен бірге іздеу, мағұлмат алу, жинақтау, салыстыру, талдау әдістері қолданылды.


Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: зерттеу барысында жинақтаған материалдарды және алынған нәтижелерді алдағы уақытта осы тақырып бойынша бастауыш сынып оқушыларына ақпарат беру үшін пайдалануға болады.


Зерттеу жұмысының құрлымы: ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.




КІРІСПЕ

Көптеген бастауыш сынып оқушылары энергия туралы және оны үнемдеу керек екендігін біле бермейді. Сондықтан, болашақта энергия тапшылығын болдырмау үшін, оларға ақпарат беру керек. Егер балалар энергия туралы тың ақпараттар алып отырса, міндетті түрде оны сақтау және үнемдеу жайлы ойланады. Жалпы энергия деген сөз күнделікті тұрмыста жиі қолданылады. Мысалы, көп жүгіріп, көп ойнайтын балаларды үлкен адамдар «энергиясы мол бала» деп айтып жатады. Ал үйде немесе мектепте жарықты керек болмаса да жағып қойсақ, теледидарды және компьютерді өшірмесек, үлкендерден «энергияны үнемдеу керек» дегенді естіп жүреміз. Сонда энергия дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап беру үшін жай ғана алақанымызды ашамыз. Әрине, біз еш қандай өзгерісті сезбейміз. Ендеше, алақандарымызды бірін біріне қойып, жоғарыдан төменге қарай бір неше рет қозғалтамыз. Қозғалыстың нәтижесінде алақандарымыз жылынады. Демек, энергия дегеніміз қозғалыстың нәтижесінде, бір түрден екінші түрге ауысып туратын қуат көзі деуге болады. Алдағы жұмысымызда өзім жастағы бастауыш сынып оқушыларына энергия ұғымы және электр энергиясын үнемдеудің қоршаған ортаға әсері туралы айтуды, көрсетуді және түсіндіруді мақсат еттік.












ЭНЕРГИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Энергия күрделі ұғымдардың бірі болып саналады. Энергия термінін 1807-жылы ағылшын ғалымы Юнг еңғізген, грек тілінен қазақ тіліне аударғанда «қозғалыс» дегенді білдіреді.


Э нергия ұғымы «жұмыс» және «қозғалыс» ұғымдарымен тікелей байланысты. Тек қозғалыстағы денелер ғана жұмыс істеуге қабілетті.

Энергия бұл дененің жұмыс істеу қабілеті. Ол өзінен өзі жоғалып кетпейді немесе пайда болмайды. Ол бір түрден екінші түрге ауысып турады.


ЭНЕРГИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ. Жалпы энергияның көптеген түрлері бар. Солардың ішінде адам баласының күнделікті тұрмысындағы жиі қолданатын түрлеріне тоқталамыз.

Әралуан энергия түрлерінің кең тараған атаулары: механикалық энергия, жылу энергиясы, химиялық энергия, электрлік энергия, жарық энергиясы, дыбыс энергиясы мен ядролық энергия.


М еханикалық энергия бұл дененің жұмыс істеуі. Механикалық энергия жылу энергиясына немесе электр энергиясына айналады. Генератор механикалық энергияны электр энергиясына айналдырады.

Казіргі кезде біздің өмірімізді электр энергиясысыз елестету өте киын. Себебі, кеш батқанда бәріміз электр шамдарын қосамыз. Қаланы кешке жарықсыз елестету мүмкін емес. Одан басқа үй тірішілігі немесе өндірісте болсын электр жабдықтары маңызды орынға ие.


К29066_picture_751157c2d451fa510b1fda869702a10176c0c0d4.jpg өмір, мұнай және газ секілді қазбалы отындар жылыту жүйелері арқылы қыс мезгілінде бөлмелердегі ауа мен қоршаған қабырғалардың ішкі беттерінің температуралары керекті деңгейге келтіріледі. Отын энергиясы арқасында үйлерімізде тамақ пісіп, шомылатын ыстық су дайын тұрады.


Біз энергияны өзіміздің тамақтан аламыз. Яғни, тірі ағзалар үшін энергия көзі тағам болады. Сонымен бірге біз тынымсыз тыныс аламыз. Осының барлығы химиялық энергияға жатады екен.

Ғалымдар энергияны жанды күш деп атаған. Себебі,оның арқасында механизмдер мен құралдар жұмыс істейді.


ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ. Энергия шегі жоқ дүние емес, оны үнемдеу қажеттігі және оны үнемдеу әлемнің экологиялық жағдайын жақсарту жолдарының бірі. Жылу энергиясын сақтау үшін терезелерді жауып, қысқа дайындаламыз.

Электр энергиясын үнемдеудің ең оңай жолы үйден шығарда жарықты өшіру. Тұрмыстық техникаларды сатып алған кезде электр энергиясын аз жұмсайтынын тандау керек. Теледидар, компьютер немесе ар түрлі қуаттағыш құрылғылар күніне бірнеше сағат қосылып тұрады. Яғни, қосылып тұру деген кезде барлығымыз оны пайдаланған сәтімізді ғана айтамыз. Батырманы басып, өшірген соң ол жұмысын тоқтатады деп ойлаймыз. Ал, негізінде тоқтан өшірілмеген құрылғы бұрынғысынша қосылып, энергияны жей береді. Сол себепті тыңғылықты өшіріп қойған жақсы. Электр энергиясын ұтымды пайдаланудың басқа да жолдары бар және тек қана өндірісте емес, тұрмыста да. Энергияны үнемдеу эффектісі жарық қажет кезде автоматты түрде қосылуына негізделген. Күндіз, жарық деңгейі жоғары болатын кезде, жарық сөніп тұрады.

Энергияны үнемдеу  табиғи ресурстардың сақтау бойынша маңызды міндет. Қайта жаңаратын энергия көздерін – күн, су, жел, жер энергиясын пайдалану негізінде энергия үнемдеу технологияларын енгізу – энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралардың бірі болып табылады. 

Тамақты өз мөлшері мен ішіп, жылы киініп журі, салауатты өмір салтын ұстау да энергияны үнемдеуге жатады.

Біздің елімізде электр энергиясы жылу электр және су электр станциялары арқылы өндіріледі. Жылу электр станциясы жұмыс істеу үшін отын жағылады. Ол ауаны ластайды. Біз ол ауамен тыныс аламыз.

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ҮНЕМДЕУ – ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫН АЗАЙТАДЫ.

АЛ КЕЗ КЕЛГЕН ОТЫН ҚОРШАҒАН ОРТАҒА УЛЫ ГАЗДАРДЫ ТАРАТАДЫ!!!

Біз электр қуатын қаншалықты көп жұмсаған сайын, электр станциясы соншалықты көп жұмыс істейді. Сондықтан барынша үнемдеу әдеті сараңдық емес. Керісінше, ақылды адамның ісі. Себебі ештеңе мәңгілік емес, табиғаттың тазалығын сақтау – әр адамның борышы.


Рисунок 10 ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ҮНЕМДЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ:

  • Энергия үнемдеудің ең қарапайым жолы

күнделікті қолданып жүрген қыздыру

шамдарын энергия үнемдегіш түріне

Рисунок 10 ауыстыру;


  • Электр құрылғыларын өшіріп жүру;



Рисунок 5


  • «А» классындағы құрылғыларды қолдану;






  • Рисунок 3 Ұялы телефонның, планшет, ноутбуктың

зарядтаушы құрылғысын розеткаға қосылған

күйінде бос қалдырмау;













  • Күннің жарығы мен жылуын пайдалана білу;



  • Күн батареясы бар құрылғыларды қолдану.

Біз энергияны үнемдесек, жер қыртысын, өзен суын ластанудан қорғаймыз. Ал орман соның әсерінен сау және еш зақымсыз өсіп, адамдар үшін ауаны тазартады.

Болашақта адамзат ұрпағы жер анамызға құрмет пен қарап, оның байлығын босқа жаратпайтынына кәміл сенеміз!

Қосымша энергия қоры ретінде Күнді пайдаланудың мәні және пайдасы зор. Өйткені, оның экологияға зияны жоқ және Жер бетіндегі тіршілікке үйреншікті энергия көзі. Адамзат, күн энергиясының ағынын өз бақылауына алып, қолдану арқылы жердің климатын сақтап қана қоймай, сонымен бірге энергияны да көп мөлшерде үнемдейді. Күн сәулесінен энергия алу дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Қазіргі таңда күн энергиясын тікелей электр энергиясына айналдыратын құрылғы - күн батареясын ойлап тапты. Күн батареялары – күн энергиясын тікелей электр энергиясына айналдыратын жартылай өткізгіш құрылғы. Күн батареясын түрғын үйлердің шатырларына да орналастырады. Күн батареясының тұрғындарға зияны жоқ, тұрмыс-тіршілікке кедергі келтірмейді.


Осы жұмыс барысында, алған білімдерімізді қолданып, табиғатқа зиян келтірмейтін энергия көзін пайдаланған «Жасыл мектеп» макетін жасадық.

Рисунок 42


Рисунок 43

Бұл «Жасыл мектеп» макетінде біз электр қуатын күн батареясынан және жел генераторынан алатын мектепті көрсеттік.

Рисунок 45

Біріншіден мектептің сызбасын сызып, күн батареясын орналасатын жерін белгілеп алдық. Күн батареясын ғимараттың шатырына орнатуды шештік. Себебі, онда күн сәулесі жақсы түседі және оқушыларға кауіпсіз болады.


Рисунок 49 irr03.jpeg

Макеттің жобасы дайын болған соң, оны қағаздан және қажетсіз заттардан жасадық.

Рисунок 51

Бұл жерде үлкен ғимарат мектептің басты ғимараты, спорттық алаң, жылыжай және кіші электро станциясы бар. Мектептің, жылыжайлардың шатырында күн батареялары орналасқан. Аулаға жарық беретін шамдар де күн сәулесінен қуат алады.

Біздің тұжырым бойынша, біз қаншалықты электр тоғын үнемдеп,оны жасыл қуат көздеріе ауыстырсақ, соншалық табиғатты қорғап қаламыз.



ҚОРЫТЫНДЫ

Энергетикалық тапшылық – өзекті мәселелердің бірі. Жер қойнауында, әсіре Қазақстанның ұлан-ғайыр, әрі бай жер қойнауында қазба байлығының мол болғанына қарамастан, адамзат оны жылдан жылға игеріп жатыр. Алайда, шикізат көзі өлшеусіз емес, бір күні ол да шегіне жетеді. Сондықтан, біз бала күнімізден бастап энергияны үнемдеуге үйренуіміз керек. Егер балалар энергия туралы тың ақпараттар алып отырса, міндетті түрде оны сақтау және үнемдеу жайлы ойланады.

Біз энергияны үнемдесек, тас көмір мен жер қыртысын, өзен суын, онда турған электр станцияларын қорғаймыз, ал орман соның әсерінен сау және еш зақымсыз өсіп, адамдар үшін ауаны тазартады.

Болашақта адамзат ұрпағы Жер анамызға құрмет пен қарап, оның байлығын босқа жаратпайтынына кәміл сенеміз. Және өзіміздің болашағымызды осы саламен байланыстырып, энергияны үнемдеуге және экологияны қорғауға өз үлесімізді қосамыз.


ҰСЫНЫС:

  • Кіші жастағы баларға энергия және оны үнемдеу жайлы көп ақпарат берілсе;

  • Арнайы энергетик мамандар мен кездесулер ұйымдастырылса;

  • Болашақта еліміздегі барлық мектептерде альтернативдік энергия көздері қолданылса деген ұсынысымыз бар.








ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Жаратылыстану. Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық. Андриянова Т.А., Беркало В.Н., Жакупова Н.Ш. ж.б.

  2. Я И ЭНЕРГИЯ. Учебное пособие для учащихся начальной школы Авторы: Зинаида Галбен-Панчук, Наталья Халаим, Светлана Драгалина, Татьяна Кирисенко, Марина Ракул (Молдова).

  3. Энергия көздері. В С Лаврус(1999ж).

  4. Мақала: Күн батареясы. – “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясы. 5-том, 127-бет. Алматы, 2003 жыл.

  5. https://twig-bilim.kz/uploads/material-group/38/kz/KKTwig_%D0%AD%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%B3%D0%B8%D1%8F.pdf

  6. https://www.opiq.kz/kit/62/chapter/2377

  7. https://lektsii.com/1-104023.html

  8. http://raioo-shetsk.kz/kz/aza-stan-respublikasyny-bilim-zh-ne-ylym-ministrligi-m-htar-negizgi-orta-mektebi-energiyany-nemdeu-synyp-sa-aty/




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2024
273
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі