400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Энергияның сақталу және айналу заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
Устаздарға арналған дайын қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: физика

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Энергия

Күні:

Сынып: 7

Мектеп: №73 « 1 мамыр» ЖОМ


Мұғалімнің аты-жөні: Уалиева Жумагул

Қатысушылар Қатысқандар:

саны:

Сабақтың тақырыбы:

Энергияның сақталу және айналу заңы


Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)

7.2.3.5.Механикалық энергияның түрленуіне мысал келтіреді.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады:

Механикалық энергияның түрленуін біледі, ажырата алады.

Көптеген оқушылар істей алады:

Энергияның сақталу және айналу заңын түсінеді, формула бойынша есептер шығарады

Кейбір оқушылар істей алады:

Деңгейлік тапсырмаларды өз бетінше орындайды және талдайды.Формулаларды түрлендіре отырып , есептер шығарады.

Бағалау критерийі:

Тақырыптың мазмұнын ашады

Энергияның сақталу және айналу заңдарын өмірмен ұштастырады,байланыстырады.Өмірден мысалдар келтіреді.

Деңгейлік тапсырманы орындау барысында формуланы тиімді қолдана алады

«Жазылымға» басымдық беремін. Қажетті тіркестермен толықтыру.

Кинетикалық энергия........................энергиясы

Потенциалдық энергия......................энергиясы

Ауырлық күші әрекет ететін дененің.................энергиясы

Энергияның өлшем бірлігі..................................

Жұмыстың өлшем бірлігі....................................

Сөздік

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Энергия

энергия

Energy( енергу)

Масса

масса

Mass (масс)

Жылдамдық

скорость

Speed (спеед)

Биіктік

высота

Height (хейгшт)

Потенциалдық энергия

Потениальная энергия

Potential energy (потенциал енергу)

Кинетикалық энергия

Кинетическая энергия

Kinetic energy (кинетик енергу)


Құндылықтарды дарыту:

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығы бойынша еңбек өнімдерін арттыру мақсатында өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына энергияны үнемдеуге бағыттаймын.

Пән аралық байланыс:

Үлкен кіші сандарды ықшамдап стандарт түрінде жазу, дәрежелеу арқылы математика пәнімен, ресурстарды анықтау бойынша география пәнімен байланыстырамын

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Электронды оқулық, интерактивті тақта.

Қосымша білім:

ЖЭС жылу электр станция, ГЭС гидроэлектр станция , АЭС атом электр станция, жел энергиясын пайдалану,Күн батареялары туралы түсінік беру


Сабақ барысы


Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)

Ресурстар

Сабақтың басы:


  1. Ұйымдастыру (3 минут)

Сәлемдесу

Сынып оқушыларына жағымды психологиялық ахуал туғызу

Түгелдеу

Топқа бөлу (боялған асықтардың түсіне қарап 3 топқа бөлінеді)

  1. Үй тапсырмасын сұрау. «Сұрақ қағып алу» әдісі арқылы 7 оқушыдан тұратын топқа бөлініп, бір-біріне сұрақ-жауап жасайды.(10 минут)

Энергия дегенді қалай түсінесіңдер?

Адам энергияны қайдан алады деп ойлайсыңдар?

Энергияның қандай түрлерін білесіңдер?

Критерийлер

Дескрипторлар

Ұпайы


«Сұрақ қағып алу» әдісі арқылы үй тапсырмасына жауап береді

Энергия туралы түсінігін айта алады

1

Потенциалдық кинетикалық энергияға мысал келтіре алады.

1

Форулаларды және өлшем бірліктерді түрлендіре алады

1



Боялған асықтар, үлестірме қағаздар


Сабақтың ортасы:



5.Жаңа сабақ. 3-мин Бейне көрсетілім арқылы миға шабуыл жасаймын.

1-мин . «Оқушылар үнін» тыңдау арқылы жаңа тақырыпты ашу.

6.Топтық жұмыс. (10 минут) Әр топқа жеке-жеке тапсырма беріледі. «Ойлан. Жұптас. Бөліс » әдісі арқылы

Оқушылар тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетінше оқып шығады.

І топқа тапсырма.

Тербелмелі маятниктің қозғалысында механикалық энергияның түрленуін қарастырып, түсіндіру.

ІІ топқа тапсырма.Суретпен жүмыс.

Суретте көрсетілген болат шар мен болат тақтадан тұратын тұйық жүйедегі механикалық энергияның түрленуін қарастырып, түсіндіру.

ІІІ топқа тапсырма.

Жебе мен доптың қозғалысындағы механикалық энергияның түрленуін түсіндіру.

Топта талқылау .

Энергияның айналу және сақталу заңының формуласын біледі.

Критерийлер

Дескрипторлар

Ұпайы



«Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі арқылы топтар өз бетінше жұмыстар орындайды

Энергия туралы мысалдар келтіре алады.

1

Мехникалық энергияның түрленуін мысалдарда айқындайды

1

Өз ойын толық жеткізе алады. Энергияның сақталу және айналу заңының формуласын біледі.

1

















Ұ шақ пен садақтың суреттері, доп, тербелмелі маятник.



Сабақтың аяғы:
































Кері байланыс

(2-минут)



Үйге тапсырма беру. «Айрықша тапсырма» әдісі.

  1. Топтық жұмыс. Есептер шығару.

«Конверттегі есептер» әдісі арқылы әр топ деңгейлік есептер шығарады (12-минут)

А-есебі

5 м биіктіктен, массасы 3 кг дененің Жер бетінен 1 м қашықтықтағы потенциялық энергиясы (g =10 м/с2)

В-есебі

Массасы 100т ұшақ Жерден 1км биіктікке көтерілгенде жылдамдығы 200 м/с болады. Оның Жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?

С-есебі

Массасы 9г қалындығы 5см тақтайға 600 м/с жылдамдықпен соғылып, 200 м/с жылдамдықпен тесіп өтеді. Оның кинетикалық энергиясын, істеген жұмысын және тақтайдың кедергі күшін анықтаңдар. Кедергі күші өзгермейді деп алыңдар.

Критерийлер

Дескрипторлар

Ұпайы

Есептің берілгенін толық көрсетеді.

Шамалардың белгіленуін дұрыс жаза біледі.

1

Өлшем бірліктерді бір жүйеге келтіреді.

Өлшем бірліктерді СИ жүйесіне келтіре алады.

1

Формуланы түрлендіреді. Есептеуін дұрыс жүргізіп дұрыс нәтиже алады.

Формулаларды бір-бірімен байланыс-тыра алады және дұрыс есептейді

1


Қорытындылау. «Байыпты баяндамашы» әдісі бойынша

қортындылайды. (3-минут)



«Бес бармақ» әдісі бойынша оқушылар алақан суретіне

жазады.


Энергияның сақталу және айналу заңы тақырыбын оқып келу.


Жекелеген тапсырмалар беріледі. Эссе жазу


Интерактивті тақта, кеспелер, оқулық, дәптер




























«Бес бармақ» суреті




Күнделік


Дифференциация-Сіз жоспарда қолдаулды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлаймыз?

Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?


Бағалау-Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз?


Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорғау


Жұмыс істеу дағдыларын дамыту үшін «сұрақты қағып алу» «Ойлан.Топтас. Бөліс» тәсілін қолдану арқылы проблемалық жағдайдан оқушыларды шығу жолын үйретеді. Қабілетті оқушыға «Айрықша тапсырма» әдісі бойынша тапсырма салтанатты түрде табыс етіледі және оны арнайы дәптерге орындайды. Бұл шығармашылық қабілетін арттыруға көзделген...

Бағалау кезінде бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмаға жасалған дискрипторлары арқылы бағалау. Қалыптастырушы бағалау сабақтың бойында жүргізі-леді. Қалыптастырушы бағалау және басбармақ, топтық бағалау жүреді.

Оқушылар қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды неге?



Жалпы бағалау

Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
19 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
4002
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі