"Ең ақылды оқушы" атты интеллектуалды
ойыны
Мақсаты:
1. Оқушылардың тарихи
білімдерін жинақтап,
тереңдету.
2. Оқушылардың
қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін
арттыру.
3. Тапқырлыққа, ұтқырлыққа
баулып тәрбиелеу. Жылдамдық пен алғырлыққа
үйрету.
Түрі: интеллектуалды
ойын-сайыс
Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Бәйгеге түсіп
жарыспай
Жүйріктің бағы жанар
ма?
Білім мен өнер
жарысып,
Тәрбие, тәлім табар
мән.
Бұл бәйге ойдың
бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі
интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін
алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға
салыңдар.
Ойынға 4 топ қатысады қатысады. Ойын 5айналымнан
тұрады.
1.Ұшқыр ой
2.Құпия сандық
3. Адасқан әріптер
4.Айшықты
сөздер
5.Ойлан
тап
Ойын ережесімен
таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын, әр
оқушы өзін таныстырып кетсін.Өзінің арманын, өзіне ұнайтын, сүйіп
оқитын пәндерін айтып
кетсін.
Енді ойынымыздың І- айналымын
бастаймыз.
І -айналым «Ұшқыр
ой»
Әр топқа тарих пәні бойынша сұрақтар қойылады.
Тез, жылдам, нақты жауап беру керек және әр жауапқа
1
ұпайдан алады.
1.Тарихтың атасы кім?
(Геродот)
2. Ежелгі Қазақстан тарихы
қандай дәуірлерге бөлінеді? (Тас дәуірі, мыс-тас дәуірі, қола
дәуірі, темір дәуірі)
3. Адамдардың ең алқашқы
қолданған металы? (мыс)
4. Темір дәуірінің
мерзімі?(б.з.д ҮІІІ-б.зҮІ
ғасырлар)
5. Тебінді деп қандай
жайылымды айтамыз?
6. Баспананың қандай түрлері
болды? (күрке, қос, жолым үй, киіз
үй)
7. Сақтар туралы дерек
қалдырған тарихшылар? (Геродот, Полиэн, Диодор, Арриан,
Ктесий)
8. «Сақ әйелдері ержүрек
келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп, ұрысқа
араласады» деп жазған кім?
(Ктесий)
9. «Олар әлемдегі ең әділ, ең
шыншыл халық деп баға берген? (грек
тарихшылары)
10. Тайпалық одақтар қай
дәуірде құрылды? (темір
дәуірінде)
ІІ айналым «Құпия
сандық»
Бұл айналымда жұмбақ
жасырылады, әр жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтылады.
Әр топқа кезекпен кезек жасырылады.Әр жауапқа 2 ұпайдан
қойылады.Егер қазақшасын немесе орысшасын ғана айтатын болса 1 ұпай
беріледі.
1. Қолы менен қаламы
жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз –
мороз)
2. Қоймасын қыс
ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар –
снег)
3. Бірін-бірі
қоштаған,
Бір үйден
көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп –
буква)
4. Жұқа тақтай
бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш –
линейка)
5. Қалқиып екі
құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян
- заяц)
6. Жолбарыстан
аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық –
кошка)
7. Жеп көріп ем өзім
мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз –
лук)
8. Бұлаңдаған
құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі –
лиса)
9. Әттең, даусым, тілім
жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап –
книга)
10. Суға батпайды, отқа
жанбайды,
Айнымайды шыныдан, қорғады тек жылыдан.
(мұз-лед)
11.Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын
шашады. (күн-солнце)
12.
Тігіп
алып көк шатыр,
Қызыл күрең доп жатыр.
(қызылша-свекла)
13.Бір
санға
өсірді.
Өзі қалып
орнында,
Бізді алға көшірді.
(сынып-класс)
14.Сақталады алты ай
жаз,
Сандығымда сары аяз.
(тоңазытқыш-холодилник)
15.
Екі
аяқпен кезек-кезек тебеді,
Зыр жүгіре береді
Ол тынымсыз домалап
.(доп-мяч)
ІІІ айналым «Адасқан әріптер»
Бұл кезеңде шашыраңқы әріптерден сөздерді тауып, мағынасын ашады. Әр
дұрыс жауапқа 2 ұпайдан .Егер тек сөзді ғана тауып, мағынасын аша
алмаса тек 1 ұпай ғана
беріледі.
1. М Е Р І Т (адамдар темірді
алғаш өндіріп, шаруашылықта қолданылған
кезең)
2. У А Ж Й А Л (жайлау,
көшпелілердің маусымдық
жайылымы)
3. Ү К Р Е К (баспананың
қабырғасы ағаштан, сырты аң терісінен немесе киізбен жабылған
түрі)
4. Р Ы А Н У З (жыл басы,
ежелгі мерекелердің бірі)
Мұғалім:
Білген сайын келеді біле
бергім,
Біле беру емес пе тілегі
елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел
көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре
бергің.
Сондықтан да келеді біле
бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей
отырып,
IV айналымды бастаймыз «Айшықты
сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері
беріледі. Әр топтың
мүшелеріне
12 сөз тіркесі беріледі. Ойланып,
мағынасын жазады.
Әр
дұрыс жауапқа 1
ұпайдан қойылады.
1.Төбесі көкке жетті
(қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер
жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас
(жуас)
4. Қабағынан қар жауды
(ашуланды)
5. Бетінен оты шықты
(ұялу)
6. Ит өлген жер
(алыс)
7. Төбе шашы тік тұрды
(қорықты)
8. Көзді ашып-жұмғанша (тез,
лезде)
Ойынымыздың соңғы айналымы
«Ойлан
тап» деп
аталады
Бұл айналымда математика пәні бойынша есептер
беріледі (1 ұпайдан).
1. Мен бір сан ойладым, оған
30-ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай сан
ойладым?(50)
2. 1дм - де неше см
бар?(10)
3. Туристер 3 адамнан 3 қайыққа отырып, жорыққа
аттанды. Барлығы неше адам жорыққа
аттанды?(9)
4. Ұзындығы 2см және 4см тік төртбұрыштың
периметрін тап?(12)
5. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады.
Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?(2)
6. 2 жылда неше ай
бар?(24)
7. Екі шеті тұйықталған түзу сызық не деп
аталады? (кесінді)
8. Үстелдің 4 бұрышы бар, бір бұрышын кесіп
тастағанда оның неше бұрышы
болады?(5)
9. 25+15 қосындысы нешеге тең?
40
10.
Поштада 5 әртүрлі конверт және 4 әртүрлі марка
сатылады. Неше
тәсілмен 1 конверт пен 1 марка сатып алуға
болады? Шешімі: 5*4=20
Қорытынды: Құрметті оқушылар осымен біздің «Ең ақылды оқушы»
интеллектуалды сайысымыз аяқталды.Әділқазылар ұпай санын
есептегенше барлығымыз тұрып «фиксики» билейік.Қатысып, өз
бақтарыңызды сынағандарыңызға көп рахмет.Алдағы уақытты осындай
сайыстардан қалыс қалмай қатысып жүріңіздер.Еліміздің болашағы
білімді ұрпағында демекші білімді азамат болып өсіңіздер. Ұтқан
топтар мен «Ең ақылды оқушыны" анықталып, бас жүлде, І,ІІ, ІІІ
орын.
Анықтама
Еліміз тәуелсіздіктің
бесігінде тербелгелі -33 жыл.Осы уақыт ішінде Қазақстан шекарасын
бекітіп ,өз алдына дербес ,зайырлы ел болды.Бұл атадан келе жатқан
ұлы жеңістің жемісі.Жас ұрпақ егемендіктің оңай келмегенін сезініп
,ұғынуы тиіс.
Осы мақсатта «Тәуелсіздік
–бабалар аңсаған арман» атты апталығымыздың кезекті жоспарына
сәйкес тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5-сыныптар
арасында «Ең ақылды оқушы» атты интеллектуалдық сайыс
өткізілді. Сайысқа 5 сыныптар бойынша 3
оқушыдан құралып, 4 команда
қатысты.
Сайыстың
мақсаты:
1.Оқушылардың білімдерін
жинақтап,тереңдету.
2.Оқушылардың қызығушылықтарын
арттыру,шапшаңдыққа баулу,белсенділіктерін
арттыру.
3.Тапқырлыққа ,ұтқырлыққа
баулып тәрбиелеу.Жылдамдық пен алғырлыққа
үйрету.
Сайыс 5 кезеңнен
тұрды.
I. «Ұшқыр
ой»
II. «Құпия
сандық»
III. «Адасқан
әріптер»
IV. «Айшықты
сөздер»
V. «Ойлан
тап»
Интеллектуалдық сайысқа
5 «А»,5 «Ә»,5 «Б» және 5 «В» сынып оқушылары қатысып, нәтижесінде,
осы аталған 5 кезеңнен оза шауып, жүйрік атанған 5 «Б» сынып
оқушылары және «Ең ақылды оқушы» номинациясы бойынша 5 «В» сынып
оқушысы ....................... жеңіске жетті.Жүлделі орын алған
оқушылар мектеп директорының алғыс хаттарымен марапатталып,сый
сияпатқа ие болды.