400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ең ақылды сынып (интеллектуалды ойын).

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Бекітемін»

Тәрбие жұмысының

орынбасарының м.а

_______М.Уақасова

« __» ____ 2018 жыл














Интеллектуалдық ойын

Өткізген: Г.Ажибаева











2017-2018 оқу жылы



Ең ақылды сынып (интеллектуалды ойын).


Мақсаты: Оқушылардың зергектік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту. Білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау, оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту, өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақтаға жаылған сайдтар, карточкалар.


Сайыстың жүру барысы:

  1. Ұйымдастыру.

Амандасу.

Бәйге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Біліммен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда, осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

  1. Сайысқа қатысушылардлы анықтап, қалақшалар беру.

1,2,3,4,5,6,7,8 деген нөмірлер ілу.

  1. Оқушылар өздерін таныстыру.

  2. Әділ қазылар алқасын сайлау.


Ойын 4 турдан тұрады.

Кім жүйрік

Жорға

Құпия сандық

Бәйге.


1 тур. КІМ ЖҮЙРІК?

Сұрақтар интерактивті тақтада көрсетіледі. Балалар сұрақтың жауаптарын парақшаға жазып көрсетеді. Дұрыс жауапқа 5 балл.

Сұрақтар:

  1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. – түбір

  2. Орман емшісі. – тоқылдақ

  3. Астана қай өзеннің бойында? - Есіл

  4. Қай айда 28 күн бар? – барлық айда 28 күн бар

  5. Аптаның соңғы күні – жексенбі

  6. Қабырғалары бірдей фигура – шаршы

  7. Қатып қалған су - мұз

  8. Сандарды немен белгілейміз? – цифрмен

  9. Қасқыр қоянды қуып жете алмай жүрген жер – мультфильм Ну, погади

10.Алты 7-ден 100 санын шығар – 77777=100


1 турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.


2 тур. ЖОРҒА

Қазақ тілі – 10

  1. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс /у/

Қазақ тілі – 20

  1. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата /ер, қаһарман/

Қазақ тілі – 30

  1. Төрт дыбыстан тұратын а-дан басталып, а-дан аяқталатын сөз /алма, айна/

Әдебиеттік оқу – 10

  1. 1 ғасырға жуық өмір сүрген ақын кім? /Ж.Жабаев/

Әдебиеттік оқу -20

  1. Төрт мезгілге арнап өлең жазған ақын /А.Құнанбаев/

Әдебиеттік оқу – 30

  1. Ақ тарының рекорды кім? /Ш.Берсеев/

Дүниетану – 10

  1. Жартысы ащы, жарты бөлігі тұщы көл /Балхаш/

Дүниетану – 20

  1. 14 облыстан құралып тұрған ел /Қазақстан/

Дүниетану – 30

  1. Адам денесінде бұлшықет саны нешеу? /650/

Математика – 10

  1. Математикада неше амал бар? /4 амал бар/

Математика – 20

  1. Уақытты жылдамдыққа көбейткенде нені табуға болады? /қашықтық/

Математика – 30

  1. 45/2 нешеге тең? /2050/

2 турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.


3 тур. ҚҰПИЯ САНДЫҚ

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде /қазақша, орысша, ағылшынша/ айтуларың керек.

  • Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. /аяз-мороз-frost/

  • Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық. /қар-снег-snow/

  • Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім

Қырық екі дос- жаран. /әріп-буква-letter/

  • Жұқа тақтай бөлшегі

Ұзындықтың өлшемі. /сызғыш-линейка-ruler/

  • Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады. /қоян-заяц-hare/rabbit/

  • Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды. /мысық-кошка-cat/

  • Жеп көріп ем өзім мен,

Жас шығарды көзімнен. /пияз-лук-bow/

  • Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. /түлкі-лиса-fox/

  • Әттең, дауысым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп. /кітап-книга-book/

  • Суда қалқиды,

Жылыда балқиды. /мұз-лед-ice/

3 турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.


4 тур. БӘЙГЕ

  • Ең үлкен 2 таңбалы сан /99/

  • Үш орындықтың аяғы нешеу? /12/

  • 12 ай бір сөзбен /жыл/

  • 1-ші мүшел жас /13/

  • 1 сағаттың 3/1 бөлігі /20 мин/

  • Жарты жылда неше ай бар? /6 ай/

  • Абайдың әжесі кім?/Зере/

  • Аюдың баласы /Қонжық/

  • Суда өседі тамыры жоқ /балдыр/

  • Жылқының сүті /қымыз/


Жанкүйермен білім сынау.

Математикалық шынжыр.

2,10,50,250....?/1250/

4,9,14,19....?/24/

3,9,27,81...?./243/


Қорытындылау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
803
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі