Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Ең ардақты адам -ана"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Ең ардақты адам-ана»
Мақсаты: Ана құдіретін, оның өмірдегі алатын орнын айта отырып аналарға алғыс айтуымыз керектігін оқушылардың бойына сіңіру, бүгінгі таңда еліміздегі ана еңбегі туралы мәлімет беру арқылы аналардың қоғамдағы алатын орнын ашып көрсету.
«Ана, оқушы, ұстаз» ұжымын ынтымақтастыру, мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: гүлдер, шарлар, слайдтар,нақыл сөздер т.б.
Барысы:
-
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген –бәйтерегі өмірдің,
Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген-асыл жандар болаттай,
Ана десең- мөлдір жандар бұлақтай.
О адамдар қадірлей біл Ананы.
Жат қылыққа ақыл-ойдыда тоңатпай.
-
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Ана десем-шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Тәрбиеші: Ана, Ана, Ана, ... Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді. Дүниеде ананың мейірімінен, аялы алақанына не жетеді ?
Жақсылық атаулының барлығы да ана сүтінен жаралған. Халық арасында «Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да қарызың өтелмейді», «Жұмақтың кілті-ананың табанының астында» деген сөздер ананың соншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек.Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті «Ана» есімі болмақ.
-
Бәріде, ана, бір өзіңнен басталды,
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды.
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды,
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқансам да, бір өзіңнен жасқандым.
-
Мақтасақ, ананы мақтайық, құрметтесек ананы құрметтейік.
Ана-барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш.
5. Дүниеде ананы құрметтеп, ән-жырға бөлейікте.Ана алдында Азияның айбарлы арыстаны-Темірде, Темірді жеңген өлім де бас иген.
6. Ананың сүюі таусылған ба, ол шексіз
Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзінен, ананың ақ сүтінен жаралған.
Бейнекөрініс: «Соқыр ана»
7. Анасыз сүю жоқ сүюсіз бақыт жоқ.
Анасыз ақын, батыр да жоқ.
Ұлы Гомерді, Ескендірді де, Аристотельді де, Фирдаусиді де, Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевты да, Ж.Үшкемпіровті де, Ы.Жақаевты да, М.Шахановты да, А.Жұмаділдаевты да, И.Ильинді де, Ы.Алтынсаринді де т.б. дүниеге әкелген адам ол-ана.
Барлық аналарға бас иейік.
Ән: Ш. Қалдыаяқовтың «Ана туралы жыр» орындалады (хор)
8. Мен қазақ әйеліне қайран қалам,
Жайнаған, жалындаған, жайраңдаған.
Сол менің жүрегімнің ханшасы,
Жыр шоғын ұсынамын Айдын да оған.
Сарадай ақын болған, би де болған,
Динадай дана, дархан күй де болған.
Найза алып қол бастаған, жауға шапқан.
Сайраған бақша бұлбұл, түзде балуан.
Тәрбиеші: Неліктен, қай кезден бастап 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі болып күн тізбеге енгізілді. Соған тоқталып өтсек.
9. 1908 жыл 8-наурыз.Көктемнің жаңбырлы күнінде Нью-Йорк жұмысшы әйелдері жұмыс уақытын қысқартып, жалақыны көбейтуді талап етті.
10. Осы оқиғадан кейін 1910 жылы Копенгагенде жиналған социалист әйелдердің 2-ші халықаралық конференциясы 8-наурызды Халықаралық әйелдер күні ретінде мерекелеуге шешім қабылдады.
11. 1913 жылы 8-наурызда Петербургте тұңғыш рет халықаралықәйелдер күні аталып өтті.Полиция митингіге тыйым салды. Кеуделеріне қыса ұстаған қызыл қалампыр гүлдері бар әйелдер шоғыры полиция қысымын елеместен митингіні жалғастыра берді.
1917 жылы наурыз айындада әйелдер көтеріліске шығып өз талап-тілектерін айтты.
12. 1945 жылы 26 қарашада Парижде тұңғыш рет халықаралық әйелдер конгресі болды.
Конгресте әйелдердің халықаралық ұйымы құрылды.Әйелдер әлемдегі бейбітшілік үшін айбынды үн көтерді.
Тәрбиеші: Ана бейбітшілік екеуі-егіз ұғым.
Көрініс:
Атақты, даңқты аналарға тоқталу слайд.
К.Дөненбаева, Р.Бағланова, Р.Рымбаева әр мамандық саласы бойынша
Тәрбиеші: Оқушылар аналарымыз бақытты болғанын қалайсыздар ма ? Иә
Ал олай болса, ананың бақытты болуы үшін сіздер не істер едіңіздер.
Жауап: Анаңды сүйгендігіңнің бірінші белгісі-өзіңді сақтап, аман-есен сау жүргенің.
Ананың жарты жаны әрқашан баласымен бірге, жолға шықсаң жолыңа қарап, сен келгенше мазасызданып, дегбірсізденетіні тағы бар.
«Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада».-деп бекер айтпаса керек.Анаңды ойласаң, сыйласаң, мыналарды қаперлеріңе сақтаңдар.Айтқанын тыңдап, ақыл кеңестерге көңіл бөл. Ауырмауға тырыс, яғни жолын ізде.Ауру туғызатын барлық нәрселерден қашық бол ! Суықтан, тамақтан, ақылсыз санасыз достардан, сатып кетер достардан, дүниеқоңыздықтан жаман әдеттерден, ішімдік, темекі сияқты.
Әркез жақсылыққа жақын жүрсеңіз ата-анаға одан артық ешнәрсе керек емес.
Абайдың 5 нәрсе туралы өлеңін жазу.
13. «Ана» -ол біздің елде ардақты адам
Кішіні, үлкенді де ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отанын да!
«Ана» деп біздің халық тек айтпаған.
14. Анам менің жасыл бағым жайнаған,
Біз бағында асыр салып ойнаған.
Пәк жүрекпен жыр жазады перзентің,
Бар бақытты бір өзіңе сыйлаған.
15. Ол-ана, азаматқа қанық үні,
Әр жүрек, әр көңілдің жарық күні.
Ол деген алыбы ғой алыптардың,
Ананың тілі емес пе халық деген.
16. Ана деген-адамзаттың данасы,
Ана деген-сәбилердің панасы.
Ана деген-жарық жұлдыз шырағың,
Ана деген-қайнар ыстық бұлағың,
Ана деген-өмірдегі қамқорың.
Ана деген-сүйенерің, жан құрбың.
17. Ананың әрбір сөзі, ой-талабы
Жүректің теріңде сақталады.
Өсеміз елін сүйген ұландар боп,
Ардақты Ана еңбегің ақталады.
18. Өзіңсің, сүйікті ана құдіретім,
Жанымды жадыратып күлдіретін.
Сендегі маған деген махабатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін.
19. Бар ана тұрған елдің гүлі дер ем,
Анажан, қайғың болса күңіренем.
Таусылмас тау суындай ақылың бар,
Сен бар да менің әрбір күнім өлең.
20. Өзіңсің өмірдегі бар ардағым,
Жыр жаздым тұңғыш саған.
Анашым, айтарым көп, тіл жетпейді,
Бір сендей асыл жанды таба алмадым.
Ана туралы мақал-мәтелдерге тоқталу, мағынасын түсіндіру.
-
Анаға қарап қыз өсер
Әкеге қарап ұл өсер
-
Ұлдың ұяты-әкеге
Қыздың ұяты-шешеге.
3. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
4. Әке-асқар тау, Ана-етегіндегі бұлақ, Бала жағасындағы құрақ.
5. Ананың алдында асқар тауда аласа.
6. Ана алдында құрмет, ата алдында қызмет.
7. Атасыз үй-батасыз, Анасыз үй-панасыз.
8. Анаң-асыл қазынаң, әкең-асқар тауың.
9. Ананың сүті-бал, Баланың –тілі бал.
10. Ағайын алтау, анаң-біреу.
Тәрбиеші: Ана отбасының ұйытқысы, ұрпақ жалғастырушы,тәрбиеші, асыраушы, ынтымақтастырушы.
Сөз жетпейді.Осы ретте ана тақырыбын қозғамаған ақын,жазушы жоқ,жырламаған әнші жоқ.
Мысалы:өте көп қалам тартқан.Ғабит Мүсеріпов: «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ер ана», «Адамның анасы», «Ақлима», «Ұлпан» т.б.
Бейімбет Майлин: «Күлпаш», «Әже», «Зейнештің серті», «Раушан коммунист».
Міржақып Дулатов: «Ақбілек», «Бақытсыз Жамал»
Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Қамар сұлу»
Мұхтар Әуезов: «Абай жолы» мұнда айтайын дегеніміз Зере, Ұлжан секілді ана-әжелеріміздің қазақ әйелінің, анасының әр дәуірдегі ұлттық салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптармен қатар тек бір ғана ердің емес, елдің анасы ретіндегі даналығын, Тоғжан,
А йгерім, Салтанаттар бейнесі арқылы қазаққа тән ибалық, ізеттілік, адамгершілік, шешендік, әншілік, адал қасиеттерді суреттеп, келер ұрпаққа үлгі ету. Яғни біздер мен сіздерге композиторларымыз ән шығарған
.
1. Ана туралы ән Ш.Қалдыаяқов, Ғафу Қайырбеков
2. Ана
3. Ақ мамам –әні-Әсет Бейсеуов; сөзі-Ә.Дүйсекбиевтікі
4. Анаға сәлем
5. Менің апам Алтын
6. Анашым
7. Анам менің осындай
8. Айналайын, ақ мама.Әні: Н.Жүсіпбековтікі
Өте көп
Аналарымен таныстыру
. Сергіту сәті. Ойын ойнату «Жылы сөздер» деп аталады.
Әріптер көрсетіледі.Сол әріптен басталатын жылы сөздер айту керек.
Мысалы: А-алтыным, ақылдым, айым
Б-ботам, бақытым, бұлағым
Қ-құлыным, қуанышым
Ж-жаным, жұлдызым
К-күнім, көкем
Ә-әкем, әңгелегім
Ш-шуағым, шырағым
«Ананың алақаны» ойын
Ана үш баланың ішінен өз баласын сипап тауып алу.
Бір тілек, бата бергізу.
Ерекшелігіміз-спортта дарынды мектеп-интернат болғандықтан. Уақыттың көп бөлігін қазіргі уақытта тәрбиеші апайлармен, асханадағы аспаз апайлармен, кірлерін жуып беруші тәтелермен, бөлмесін жуып тазалайтын апайлармен, сабақ беретін ұстаздары бәрі-бәрі аналары болып есептеледі.
Бәрілеріңізге оқушылар өз алғыстарын білдіреді.
1-оқушы: Құрметті де ардақты аналар. Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық. Отбасыларыңызға амандық, ана бақытын тілейміз. Аман болыңыздар, еңбектеріңіз жемісті болсын. Біз сіздерді өте қатты жақсы көреміз.Еңбектеріңіз еш кетпесін, армандарыңыз орындалсын. Аналарымыз тек қуаныштан көзіне жас алсын.
Тәрбиеші: Қорытындылау.Ана-бұл өте кең ауқымды, таусылмайтын тақырып, қалай айтсақ та жарасады.
Өмірге ана-бұлақ, ана-пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.
Ана ! Ол-біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отанына
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.
Жүздеріңізден күлкі кетпесін, еңбектеріңіз табысты, болсын, шаңырақтарыңызға құт-береке дарысын. Аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Рахмет.