400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ең асыл сөз -Ана

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді--------------

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

Технологиялық картасы

Тобы: «Жұлдыз-ай»

Күні: 31.03.2016

Білім саласы: Қатынас.

Кіші саласы:Сөйлеуді дам

Тақырыбы: Ең асыл сөз ана

Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгімелеуге, өз ойларын ашық айтуға үйрету. Ертегі, өлең, мақал-мәтел, арқылы сөздік қорларын молайтып, балалардың тілдік коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытып, аналарды сыйлап, үлкенді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбер.

Аспанда күн ыстық,

Ал жерде кім ыстық?

Әкем мен анамыз.

Бәрінен тым ыстық,

Жасасын туыстық,

Достықпен тыныштық .

Балалар, бүгін біздер жұлдызшаға қонаққа барамыз. Оның әңгімесін естиміз.

Ерте, ерте, ертеде жарық түнде тек қана бір жұлдызша көрінетін еді. Ол бірде жарық болып, бірде қараңғы болып тұрады екен. Оны байқап қалған Ай, жұлдызшадан сұрайды .

Ай: Жүлдызша сен неге біресе жарық, біресе қараңғы болып тұрасың.

Жүлдызша: мен жалғызбын қасымда өзім сияқты жұлдызшалардың болғанын қалаймын, сол кезде қараңғы болып тұрамын.

Ай: ал, қай кезде жарық болып тұрасың?

Мен балалардың үйіне асығып баражатырғанын көргенде жарық боламын. Неге олар үйіне қуанышты түрде барады?

Ай: ал, сен сол сұрақтың жауабын таптың ба?

Тәрбиеші: балалар, жұлдызшаға бұл сұрақтың жауабын табуға көмектесейік.

Балалардың жауаптары.

Нұрислам: Мені үйде жылылық пен отбасының жылулығы күтеді,

Нұржан:анамның қуанышты махабаты күтеді,

Айкерім менің отбасымда анамның қамқорлығына бөленемін.

Жандос: Мен отбасыма қуаныш әкелемін,

Расул: мен отбасыммен бақыттымын.

- Жүлдызша балалардан жауабыңды алдың ба?

- Иә, алдым. Бірақ мен де анамның болғанын, олар мен бақытты болғанымды қалаймын.

Ай: Мен саған көмектесемін.

Жұлдызша: Қалайша, менің де анам болама. (Ай қолын көтерген кезде аспанда жарқыраған жұлдыздар көбейіп) Біз сенімен біргеміз! Біз осындамыз! (Деген сөздер айтылады.)

Жұлдызша: Ай. Алақай! Енді менің де анам бар. Рахмет саған Ай.

Тәрбиеші: балалар, жүлдызша анасын тауып қуанып жатыр. Біз «Ана» деген сөздің нені білдіретінін білеміз бе?

Балалардың жауаптары.

Мейірім:Ана- бұл ең жақын адам, Аружан: ең сүйікті жан, Жандос: Ана- ең мейрімді, Дияр: Ана-ақылшы, Назерке: Ана- бәрінен де қымбат жан,

Ал, аналарымыз туралы өлең білеміз бе?

Нұрлыбек.

Өмірде ана-бақыт, ана пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.

Аружан.М

Ана деген өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе анадай-ақ тілесін.

Ана деген ардақты ат, сен оны

Ана жайлы ән тыңдасаң білесін.

Бекнұр.

Ана! Ол біздің елде ардақты адам,

Кіші де үлкені де ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отаны да,

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.

Балалар, анамызды өте жақсы көреді екенбіз, онда ойын ойнайық.

Д. ойын. «Өз анаңды тап»

Шарты: суреттер арасынан әр кім өз анасын тауып жүрекшеге жапсыру.

Балалар, қандай әдемі жүрекше жасадыңдар. Енді суретке қарап өз аналарың туралы әңгіме айтып берейік.

Суретпен жұмыс. Әсем, Аружан А, Дияр, Мейірбек.

Ал, балалар біздің жұлдызшамыз көңілсіз отыр ғой көңілін көтеріп сергіп алайық.

Сергіту сәті. (Видиомен)

Аналарымыз туралы қандай мақалдарды білеміз?

Мақал-мәтел.

Инабат.

1.Баланың тілі тәтті, ананың сүті тәтті.

Назерке

2.Күннің шуағы жылы,

Ананың құшағы жылы.

Жандос.

3.Баланың тілі бал, ананың сүті бал.

Әмина.

4.Ақ шашты ана, «Жастығым –балам» дейді,

Ақылды бала-«Ай күнім-анам» дейді.

Аналар туралы өте жақсы мақалдар айттыңдар.

Ал, балалар біз аналарымызға арнап айтқан тілектерімізді тыңдайық.

Видиоролик.

Жұлдызша: балалар аналарына арнап жақсы тілектер айтып сыйлық жасап атыр, мен де анама сыйлық жасағым келеді.

Тәрбиеші: балалар жүлдызша анасына сыйлық жасағысы келеді екен, оны қайдан аламыз?

Дұрыс дүкеннен аламыз. Онда жұлдызшаның анасына сыйлық алып келейік.

«Дүкенші» сюжетті ойыны.

Бекнұр: мен сыйлықты қалай жіберетінін білемін. Оны почта арқылы жіберу керек.

Бекнұр онда сен почтаға барып жұлдызшаның анасына жіберіп кел.

«Почта» сюжетті ойыны. Почтальон- Бекнұр, Аружан М

Бекнұр: апай мен сыйлықты апарып келдім. Мына түбіртекті берді.

Ай. Балалар сендердің ана туралы айтқан сөздеріңе менің де жүрегім елжіреп кетті. Сендердей балалары бар аналар қандай бақытты.

Балалар,іс-әрекетке өте жақсы қатыстыңдар.

-Балалар сыйлықтық қасында хат бар,бұл хат кімнен келді екен?

Хат: Балалар сендердің беріп жіберген сыйлықтарың ұнады. Рахметімді осы тәттілер арқылы білдіріп сендерге жібердім. Балалар,іс-әрекетке өте жақсы қатысып жұлдызшаның анасынан да сыйлық алдыңдар.

Қорытынды. «ТРИЗ» бойынша қорытындылаймыз

Ән:«Ай дидарлы анашым».

Осы жақсы көңіл-күймен іс-әрекетімізді аяқтаймыз.





































Shape1









Білім саласы: Коммуникация.

Кіші саласы: Тіл дамыту.



Тәрбиеші: Сатаева А.Д




















Бестамақ «Болашақ» балабақшасы.

Наурыз.2017ж


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі