15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ең білгір
Сабақтан
тыс іс – шара.
Тақырыбы:
«Ең білгір» атты интеллектуалдық
ойын.
Мақсаты:
Өткен тақырыптарды қайталай отырып,
түсініктерін толықтыру, құқық пәніне
деген қызығушылығын арттыру.
Оқушыларды
еңбексүйгіштікке, адалдыққа, отаншылдыққа,
тәрбиелеу.
Оқушылардың
ізденушілік, зерттеушілік әрекетін
дамыту, дағдыландыру.
Көрнекілігі:
нақыл сөз, сұрақтар
Мұғалімнің
кіріспен сөзі:
Армысыздар,
қадірменді оқушылар, ұстаздар!
Дана
халқымыз «білегі мықты бірді жығады,
білімі иықты мыңды жығады» деп айтқандай,
мектеп қабырғасындағы білімді ұрпақ –
ел – тірегі сіздерсіздер. Елбасымыздың
«Қазақстанның болашағы, балалар,
сіздердің қолдарыңызда» деген аталық
сезімін ақтай біліңіздер.
Үлгі
бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты,
өнегелі еңбегі.
Тәуелсіздік
туын ұстап жоғары
Бүгінгі
ұрпақ – болар елдің ертеңі! – деп,
бүгінгі «Ең білгір» атты интеллектуалдық
ойын сайысымызды бастайық.
«Ең
білгір» ойынына қатысатын топтар
«Болашақ»
тобы
«Талапкер»
тобы
Сайыстың
кезеңдері
І.
Топты таныстыру
ІІ.
Өткел
ІІІ.
Белес
ІV.
Бекет
V.
Жерұйық
І.
Таныстыру. (әр топтың топ басшылары
қысқаша таныстырады 5 ұпайдан беріледі).
ІІ.
Өткел. (Әр топқа 10 сұрақтан қойылады.
Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).
«Болашақ»
тобына
1.
ҚР әнұранының авторлары? (Н. Ә. Назарбаев,
Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов).
2.
25 қазан қандай күн? (Республика күні).
3.
Адам құқығы қай уақытта пайда болады?
(туғанынан беріледі).
4.
Мемлекет билігінің қайнар көзі?
(халық).
5.
Мәжіліс неше депутатты құрайды? (77)
6.
ҚР – ның жоғарғы өкілетті органы?
(Парламент)
7.
Референдум дегеніміз не? (жалпыхалықтық
дауыс беру).
8.
Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім?
(Премьер - Министр)
9.
Республика заңдары қай кезде күшіне
енді? (Президент қол қойғаннан кейін).
10.
Сайлаушылардың сайлауға келмеуі қалай
аталады? (абсентеизм).
«Талапкер»
тобына.
1.
ҚР Конституциясы неше баптан тұрады?
(98 баптан, 9 бөлімнен).
2.
Тұрғындарының саны жағынан дүниежүзіндегі
ең ірі мемлекет - (Қытай).
3.
Президент ауырған не қайтыс болған
кезде, оның орнына кім келеді? (Сенат
басшысы)
4.
Мемлекет кандидаттарға телеарналар
арқылы сөз сөйлеуге неше минут беріледі?
(15 мин.)
5.
Конституцияның 20 – бабында неге тыйым
салынды? (цензураға)
6.
Бір тұлғалар екінші тұлғаға сенім
білдіріп, өзінің атынан жазбаша өкілеттік
беру қалай аталады? (сенімхат)
7.
Рәміздер қай жылы қабылданды? (1992 ж.)
8.
ҚР рәміздерін ата? ( Ту, Елтаңба, Әнұран)
9.
Парламенттің төменгі палатасы?
(Мәжіліс)
10.
Парламенттің жоғарғы палатасы?
(Сенат)
ІІІ.
Белес. (Жұмбақ санды тапқан топқа 15 ұпай
беріледі).
«Болашақ»
тобына
1.
Бақытты болу дегеніміз? (әр адамның өз
қолында)
2.
Ата – анасы және балалары бар отбасы
қалай аталады? (толық отбасы)
3.
Конституция лат. тілінен аударғанда
қандай мағынаны білдіреді? («құрылым»,
«өкілім»)
4.
Бала туралы мақал – мәтел айтып және
оның мағынасын айту.
«Талапкер»
тобына.
5.
Еліміздің негізгі заңы:(Конституция)
6.
Адамның өмірінің мәні: (мақсат пен
мұрат)
7.
Заң құдайы - (Фемида)
8.
Ата – ана туралы мақал – мәтел айтып
және оның мағынасын айту.
ІV.
Бекет. (1 сұраққа 20 ұпай беріледі)
Мына
жылдары қандай декларация, заңдар,
конвенция қабылданды?
1948
ж. 10 желтоқсан БҰҰ – ның «Адам құқықтарының
жалпыға ортақ декларациясы қабылданды
2002
ж. 8 тамызда «ҚР – ғы баланың құқықтары
туралы» заңы қабылданды
1995
ж. 30 тамызда референдум арқылы бекіткен
екінші Конституция қабылданды
1989
жылы «Бала құқығы туралы» конвенция
қабылданды
1993
ж. 28 қаңтарда Егеменді еліміздің алғашқы
Конституциясы қабылданды
1959
ж. 20 қарашада БҰҰ – ның Бас Ассамблеясына
«Балалар құқығы» декларациясы
қабылданды
V.
Жерұйық. ( 1 дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі).
Ситуациялық сұрақтар.
«Болашақ»
тобына
1.
16 жастағы Светлана күйеуге шықты, бірақ
жарты жылдан кейін онымен ажырасты. Ол
көп кешікпей пәтерін сатқысы келді.
Алайда нотариус оның кәмелетке
толмағандығын, демек, іс - әрекетке
толықтай қабілетті еместігін сылтауратып
оның сату – сатып алу шартын толтырудан
бас тартты. (Нотариустың бас тартуы
заңды ма?)
2.
Азамат Л. Көлік құралын мас күйінде
жүргізгені үшін Мемлекеттік автомобиль
инспекциясының қызметкерлері тоқтатты.
Аталған әкімшілік құқық бұзушылық үшін
сот шешімі бойынша ол барлық көлік
құралдарын жүргізу құқығынан айырылады.
Азамат Л. Мұндай жазамен келіспеді және
соттың бұл шешіміне шағымданды. Негізі
– оның мүгедек болуы және балдақпен
ғана жүретін болғандықтан, көліксіз
жүре алмайтындығы.(Кімнің шешімі
дұрыс)
«Талапкер»
тобына.
1.
14 және 16 жастағы екі жасөспірім кешке
өз аудандарында серуендеп жүріп, бірнеше
телефон – автоматтардың трубкаларын
жұлып алды. Ол тірліктері полиция
нарядымен тоқтатылды. (Кім және қандай
тәртіппен оларды жауапкершілікке
тартады?)
2.
4 – сыныптың оқушысы Асқар автобуста
жол ақысын төлеген жоқ. Билет тексеруші
билет немесе жол билетін көрсетуді
талап етті. Асқардың қолында біріншісі
де, екіншісі де болған жоқ. Билет тексеруші
Асқардан айыппұл төлеуін өтінді.
(Тексеруші
дұрыс істеді ме? Әкімшілік жауапкершілік
қай жастан басталады? Осы жағдайда
әкімшілік жауапкершілікті кім
өтейді?).
Мұғалімнің
қортынды сөзі:
Бүгінгі
«Ең білгір» атты интеллектуалдық ойын
аяқталды. Оқушылар сайысқа жақсы
қатыстыңдар. Бірақта сайыс болғандықтан
бір жеңімпаз болады. Сөз кезегін
әділқазылар алқасына беріледі. Жеңімпаз
топты марапаттау.
Бүгінгі
сайысымыз аяқталды, сау болыңдар.
ХХІ ғасыр көшбасшысы (Интеллектуалдық ойын)
20 Мамыр 2015 Cыныптан тыс, Қазақ тілі мен әдебиеті Пікір қосу 105 рет қаралды
Жаңақала ауданы
Жаңақала ауылы
№3 ЖОББҚМ
Тасқалиева Гүлбар Кенжеғалиқызы
Ұзартылған күн тобының тәрбиешісі
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Интеллектуалдық ойын.
Тақырыбы: «Ана тілі – сөздің пірі»
Мақсаты: қазақ тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, ақыл-ойын, сөздік қорын байыту, дүниетанымын кеңейту.
Көрнекілігі: ақын-жазушылардың тіл туралы айтқан қанатты сөздері, интерактивті тақта, слайдпен жұмыс.
Барысы:
Ұйымдастыру.
І жүргізуші: Сүйемін туған тілім-анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
ІІ жүргізуші:Туған тілім-тірлігімнің айғағы.
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім менде бірге өсемін.
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
І жүргізуші: Республикамыздың мемлекеттік тілі – қазақ тілі құрметіне арналған
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» бағдарламасы негізінде «Ана тілі – сөздің пірі» атты сайысымызды бастаймыз.(Сайысқа 6 оқушы қатысады.Сайыс алты кезеңнен тұрады)
ІІ жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
( Қазылар алқасымен таныстыру)
І жүргізуші: Әрқашан да білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем бердік ұландарға талапкер.
Дос көңілден, адал, аппақ ниеттен.
(Сайысқа қатысушылар ортаға шақырылады)
І кезең: «Бәйге»
Жауап нақты, тез болуы керек. Бағалануы 10 ұпай.
Сұрақтар
Сәкен Сейфуллин қай жылы дүниеге келді? (1894ж)
«Абай жолы» романын кім жазды? (М.Әуезов)
2011 жыл қай ақынның туғанына 100 жыл? (Қ.Аманжолов)
Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1989ж. 22 қыркүйек)
Батыр сөзінің антонимі? (Қорқақ)
Абайдың немере ақын інісі кім? (Шәкәрім Құдайбердіұлы)
Әз Жәнібек ханның «Дүниеде не өлмейді»? деген сұрағына «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді» деп жауап берген шешен кім? (Жиренше шешен)
Ең алғаш қазақ мектебін кім ашты? (Ыбырай Алтынсарин)
Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде,
Еңіреп жүрген ер едім, – деп айтқан қай ақын? (Махамбет Өтемісұлы)
«Қамбар батыр» жырындағы Қамбардың сүйген жарының аты кім? (Назым)
Дауысты дыбыс нешеу? (12)
Зат есімнің сұрақтары? (Кім? Не?)
Абайдың ақын ұлы кім? (Мағауия)
Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
1904 жылы Абаймен бірге отбасынан кімдер қайтыс болды? (Мағауия, Ақылбай)
«Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесін кім жазды? (Ыбырай Алтынсарин)
«Қазақ солдаты» романын кім жазды? (Ғабит Мүсірепов)
«Менің атым Қожа» хикаятын кім жазды? (Бердібек Соқпақбаев)
ІІ жүргізуші: Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, Ғабит Мүсірепов айтқандай «Батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын бізге жеткізуде»
І жүргізуші:
Тілім менің!
Осы тілде шежірем, жырым менің!
Асан қайғы арманы,
Қорқыт күйі –
Тағдырыммен тамырлас мұңым менің!
Тілім менің!
Жауға айбарым, ұраным, туым менің!
Найзасымен тең ұстап осы тілді,
Намысымды қорғады Сырым менің!
Жарқылдап асыл сөздің алдаспаны,
Қызыл тіл жол бастады, қол бастады.
Даланың өз дауысы деп түсінем.
Шалкиіз, Асан қайғы, Марқасқаны.
Қолыңды отты толқын тулататын,
Ғасырлар қатпарынан үн қататын,
Қазақтың ар намысы, жан дауысы-
Қазтуған, Махамбет пен Дулат ақын.
ІІ жүргізуші: Қазақ тілі – шексіз бай, өте көркем тіл. Халықтың сақталуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Ендеше, сайысымыздың екінші кезеңін бастаймыз.
ІІ кезең: «Жалғастыру»
Бұл кезеңде мақал-мәтелдер берілген.Сол мақал-мәтелдердің екінші жалғасын табу керек. Жауапқа 10 ұпай беріледі.
1) Адамдықтың белгісі – …………………………………………… (Иіліп сәлем бергені)
Шын достықтың белгісі – …………………………………….. (Көп кешікпей келгені)
2) Талап – ………………………………………………………………….. (талмас қанат)
3) Жау төнгенде ………………………………………………………… (Батыл бол)
Дау төнгенде …………………………………………………………. (Ақыл бол)
4) Ер дәулеті – ……………………………………………………………. (Еңбек)
5) Өнерлі жігіт …………………………………………………………… (Өрде озар)
Өнерсіз жігіт ………………………………………………………….. (Жер соғар)
6) Ұста пышаққа ………………………………………………………… (жарымас)
Етікші етікке …………………………………………………………. (жарымас)
Жүректің жолы – …………………………………………………….. (ыстық)
Білектің жолы – ……………………………………………………… (суық)
Адамдықтан үлкен – ……………………………………………….. (ат жоқ)
Наннан үлкен – ……………………………………………………….. (ас жоқ)
8) Ақылың болса ………………………………………………………… (арыңды сақта)
Ар – ұят керек …………………………………………………………. (әр уақытта)
9) Әдептілік ………………………………………………………………… (ар – ұят)
Адамдықтың ……………………………………………………………. (белгісі)
Тұрпайы мінез, тағы, жат-
Надандықтың …………………………………………………………… (белгісі)
Қызыл тіл ……………………………………………………………….. (Жанның мияты)
Абырой ………………………………………………………………….. (Ердің қуаты)
Бал тамған тілден ……………………………………………………. (У тамар)
Тау мен тасты …………………………………………………………. (Су бұзар)
Адамзатты ………………………………………………………………. (сөз бұзар)
Орынсыз сөз …………………………………………………………… (өзіңе тиер)
І жүргізуші: Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойында ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы – әр елдің мақтанышы. Сондықтан да әр адам ана тілін қадірлеуге міндетті.
ІІІ кезең: «Тіл өнері»
Бұл кезеңде жұмбақты шешіп, оның орысша аудармасын айту керек.Толық жауапқа
20 ұпай беріледі.
Көк жиекті шай табақта,
Алтын алма тербеледі.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа мақта перделер. (Күн – Солнце)
Бір жансыз мойнында бар екі құлақ,
Ойнайды дәл үстінде оншақты лақ.
Белінде сегіз белбеу, қолда екі арқан.
Қояды әркім оны бұрап – бұрап.
Бар екен маңдайында жалғыз көзі,
Болады тоқсан түрлі айтқан сөзі. (Домбыра)
Бір кісі бар дүниеде,
Шемішке шағып тұрады.
Бұл кісіден әр уақыт,
Әркім мезгіл сұрады. (Сағат – Часы)
Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді. (Кітап – Книга)
Ұзын ұзын ұзын жіп,
Ұшы қайдан табылар. (Жол – Дорога)
Қара атым қалтырауық,
Қабырғасы жалтырауық. (Су – Вода)
Қуып едім мойын бұрмады,
Ұстайын деп едім қолға тұрмады. (Боран)
8) Отқа жанбас, суға батпас. (Мұз – Лед)
9) Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ. (Мысық – Кот)
10) Зер – зер кілем, зер кілем.
Көтерейін десем зор кілем. (Жер – Земля)
11) Апан – апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз. (Түйе – Верблюдь)
12) Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың. (Жаңбыр – дождь)
Осы кезеңнен кейін екі ойыншы шығады, төртеуі қалады.
ІҮ кезең: « Жеті жұмбақ»
20 |
20 |
20 |
30 |
30 |
30 |
40 |
40 |
40 |
20 оң жағындағы – Қазақ тілі пәнінен.
Ауызекі стиль түрлерін көрсетіңдер.
А) Публицистикалық, ресми.
Ә) Көркем әдебиет, ғылыми.
Б) Ешқайсысы емес.
20 сол жағындағы – Әдебиет пәнінен.
Төмендегі өлең жолдары тұрмыс – салт жырларының қай түріне жатады?
Қаз баса ғой, қарағым.
Құтты болсын қадамың.
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер.
А) Тойбастар.
Ә) бесік жыры.
Б) Тұсаукесер жыры.
В) Бесік жыры.
20 ортасындағы – Әдебиет пәнінен.
С.Торайғыровтың білім іздеп барған алғашқы каласы?
А) Семей.
Ә) Троицк.
Б) Томск.
30 оң жағындағы – Қазақ тілі пәнінен.
Қазақ көркем әдебиетін қалыптастыруда үлес қосқан ақын – жазушылар.
А) Абай, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, т.б.
Ә) Асан қайғы, Ғ.Мұратбаев, Абай.
Б) А.Ишанов, Б.Әшекеев, Жамбыл.
30 сол жағындағы – Әдебиет пәнінен.
ХҮІІІ ғасырда Абылай ханның өмірін жырлаған қай жырау?
А) Ақтамберді жырау
Ә)Үмбетей жырау
Б)Бұқар жырау
В)Шалкиіз жырау
30 ортасындағы – Қазақ тілі пәнінен.
Біріккен сөзді табыңыз?
А) ЖШС.
Ә) Арқа сүйеу.
Б) Білімпаздық.
В) Жанталасу.
Г) Ағайын – туыс.
40 оң жағындағы – Әдебиет пәнінен.
XVIII ғасырда өмір сүрген би – шешендерді табыңыз?
А) Абай, Ыбырай.
Ә) Асан Қайғы, Жиренше шешен.
Б) Төле, Әйтеке, Қазыбек билер.
В) Аяз би, Майқы би.
Г) Сырым, Есет.
40 сол жағындағы – Қазақ тілі пәнінен.
Тұрақты тіркесі бар сөйлемді табыңыз?
А) Кешкі бағдарлама сағат жетіде басталады.
Ә) Іздеген заты таяқ тастам жерде жатты.
Б) Сабақ оқу – үлкен жауапты іс.
В) Ас – адамның арқауы.
Г) Ауылды сағынған ағайынның айтары көп.
40 ортасындағы – Әдебиет пәнінен
С.Торайғыров еңбек жолын бастаған қазақ баспасөзі?
А) «Таң» журналы.
Ә) «Қазақ» газеті.
Б) «Айқап» журналы.
Ү кезең: «Егер де мен»
Тақырыбы: «Жаңақаланың 40 жылдығына» қосар үлесің?…………………(жоғары ұпай 30)
«Қазақстанның болашағын қалай елестетер едің»?
ҮІ кезең: «Жорға»
Екі оқушы 1минуттың ішінде сұрақтарға жауап беруі тиіс. (Әр жауапқа 10 ұпайдан беріледі)
І нұсқа.1) Сөздердің дұрыс жазылуын қарастыратын ереже. (орфография)
2)Күн сайын бес рет не оқылады? (намаз)
3) Үш арыс (Сәкен,Ілияс,Бейімбет)
4)Бақтығұл мен Тектіғұл есімдерін қай шығармадан кездестірдің. ( «Қараш – қараш оқиғасы»)
5) Қазақ тілінде қанша жалғау бар? (4)
6) «Сарыарқа» күйінің авторы кім? (Құрманғазы)
7) 100 жыл (ғасыр)
8) Оңтүстік Астана (Алматы)
9) Ұлттық аспап. (домбыра)
10) Мұсылман діні. (ислам)
11) Жылқы пірі. (Қамбар ата)
12) Жаңа әдебиеттің негізін қалаушы (Абай)
13) Синус, компьютер қандай сөздер? (термин)
14) Дауыссыз дыбыстар нешеу? (26)
15) Киіз үйдің қабырғасын не деп атайды? (кереге)
16) Басы бар, аяғы жоқ түзу. (сәуле)
ІІ нұсқа.1) Сөздердің дұрыс айтылуын қарастыратын ереже (орфоэпия)
2)Мұсылманның қанша парызы бар? (5)
3) Үш биді ата. (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
4)Костя, Бораш, Шеген қай шығарманың кейіпкерлері? («Жаңа достар»)
5) Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
6) «Күйдің атасы» атанған қобызшы? (Қорқыт)
7) Бір ғасырда қанша жыл бар? (100)
8) Астананың бұрынғы атауллары? (Қараөткел, Целинград, Ақмола)
9) Адам үндес музыкалық аспап. (қобыз)
10) Түйенің пірі. (Ойсыл қара)
11) Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
12) Кереует, самаурын қандай сөздер? (кірме)
13) Қасиетті кітап. (Құран)
14) Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (шаңырақ)
15) Қыс мезгілінің екінші айы. (қаңтар)
16) Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
(Ойын соңында қазылар алқасы ұпай саны жоғары жеңімпаз оқушыны анықтап, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атағын береді, марапаттайды.)
«Эрудит»
атты интеллектуалдық ойын
Мақсаты:
Балалардың әр пәннен білімдерін тексеру
және толықтыру;
Оқушылардың өзін көрсетуге, өз
мүмкіншіліктерін жүзеге асырып, табысқа
жетуге көмектесу;
Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,өз
ойларын тиянақты жеткізе білегу
дағдыландыру,сөздік қорын молайту,
танымдық белсенділігін арттыру;
Өз заманымыздың озық ойлы, кең өрісті,
мәдениетті азаматын тәрбиелеу.
Құралдар:
интерактивтік тақта, компьютер, әр
сайыскерде қолдарында кішкентай
ту
Ойынның кезеңдері:
1.
Ұйымдастыру кезеңі: қонақтарды қарсы
алу,ойынға керекті құралдарды
тексеру,сайысқа қатысушыларды орындарына
отырғызу.
2. Ойынға қатысушыларды
қарсы алу.
3. Қазылар алқасымен
таныстыру.
4. «Танысайық, білейік!»
атты кезеңі
5. «Бәйге» атты
кезеңі
6. «Тірі сұрақтар» атты
кезеңі
7. «Ғажайып тоғыздық» атты
кезеңі
8. Полиглот кезені
9.
«Қара жәшік» атты кезеңі
10. Шешен
кезеңі
Ойынның барысы:
Жүргізуші:
- Армысыздар, құрметті қонақтар,
әріптестер, сайысқа қатысушылар! Біздің
мектепте өтіп жатқан «Эрудит» атты
интеллектуалдық ойынға қатысқандарыңызға
шын жүректен қуаныштымын. Қонақтарға
«Қош келдіңіздер!» деп, зор
денсаулық,табыстарыңыз жемісті болсын,
оқушыларыңыз сіздердің еңбектеріңізді
ақтап, бәрінің алды болсын деп тілеймін,
ал оқушыларымызға тек сәттілік болсын
деп айтамын.
Бүгінгі ойынның
қатысушыларын көшеметпен қарсы
алайық:
1-6 оқушылардың аты-жөнін,сыныбын
айтып, қарсы алу.
(оқушылар
орындарына отырады)
Жүргізуші:
Әділқазы
алқасы
Сәлем бердік сіздерге
Білім,
өнер ортаға
Салынар бүгін
сіздерге
Әділ болсын бағаңыз
Алғыс
бізден алыңыз
- Бүгінгі сайыстың
қазылар алқасы мүшелері:
(қазылар
алқасы мүшелерімен таныстыру)
Құрметті
қазылар алқасы мүшелері, сіздер әр
оқушыға дұрыс жауап берген үшін 5 ұпай
қоясыздар, бір кезеңнен кейін аз ұпай
алған оқушы ойыннан шығады. Осы ойынның
кезеңдері тақтада белгіленген.
Ал,
енді бірінші кезенге тоқтаймыз:
«Танысайық, білейік!»
Бүгін келген
сайысқа
Қатысқандар шетінен
Өнерлі
де білімді
Таныстырып әрқайсы
Өтсін
бүгін өздерін
Танысайық,
білейік
Құлақ соған түрейік.
(
алдын ала дайындалған қатысушылар өз
өнерімен таныстырып кетеді, кейбіреуі
өлеңмен, басқалары әнмен ...., қатысушылар
көбінесе басқа ұлт өкілдері) Мысалы:
1.
Ұзын бойлы сұлумын 3. Есімім менің -
Мария
Қазақтарға жақынмын Көңілім
көл дария
Өзім сондай ақжарқын
Отбасым жақсы жанұя
Қазақ тілге
құштармын. Мектебім алтын ұя.
Сәлем
берем халқыма 4. Атым – Ирина, Иванова
менің тегім
Сәлем берем жалпыма
Бір қалыпта болса дағы мінезім
Сәлемдесу
кіреді Бас жүлдені алсам да, алмасам
да
Ата-дәстүр салтыма Сайыста
білімімді көрсетемін
Жүргізуші:
Сонымен, ойынға қатысушылар өздерімен
таныстырып кетті, ду қол шапалақпен
тағы да қарсы алайық та, ойынды
жалғастырайық
«Бәйге» атты
кезеңіне көңіл аударайық.
Құрметті
сайыскерлер, сіздердің мақсаттарыңыз
– кім бірінші жауап береді, сол 5 ұпай
алады, дайындықты ту көтерумен
көрсетесіздер. Бастайық.
• Биенің
сүтінен жасалған сусын? ( қымыз)
•
Дон Кихоттың аты қалай аталған? (
Росинант)
• Христофор Колумб таба
алмаған ел қалай аталады? (Үндістан)
•
Үндістанның астанасы? (Делли)
•
Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды?
(Бос)
• Әкенің баласы, бірақ маған
іні де, аға да емес (мен)
• Қазақстан
Республикасының қазіргі Премьер-министрі
(Кәрім Масимов)
• Ғарыштан да анық
көрінетін Қытай елінің ең үлкен мақтанышы?
(Ұлы Қытай қабырғасы)
• Екінші
Аристотель деп атанған ғалым? (Әл-Фараби)
•
Қазақстан Республикасының жалауының
авторы? ( Шәкен Ниязбеков)
• Испания
елінің астанасы? (Мадрид)
•
Ұлыбританияның ұлттық валютасы?( фунт
стерлинг)
• «Джоконда» суретінің
екінші аты? ( Мона Лиза)
• Үндістан
әйелдерінің киетін дәстүрлі киімі? (
сари)
• Тіл білімінің атасы деп
кімді атайды? ( Ахмет Байтұрсыновты)
•
«Баскирвилей иті» атты романның ағылшын
жазушының есімі кім? ( Артур Конан
Дойыл)
• Тәуке ханның тұсында
жазылған заң жобасы қалай аталған?
(«Жеті жарғы»)
• Ауаның формуласын
ата ( формуласы жоқ)
• Ең жеңіл
газ? (водород)
• Ахмет Иассауидің
кесенесі қай қалада орналасқан?
(Түркістан)
• Ежелде гректер қай
теңізді Понт Эвксинский деп атаған:
А)
Балтийский теңізін Ә) Ақ теңізді Б) Қара
теңізді? ( Қара теңізді)
• 11 ғасырда
жазған дана ғалым Махмұд Қашғридің
сөздігін ата ( «Диуани лұғат ат-түрк»)
•
Тәтімбет Қазанғапұлының неше күйлері
бар?
А) 50-ден астам Ә) 40-тан астам
Б) 25-тен астам
• Сөздің бірінші
буыны – теңіз жануары, екіншісі –
одағай, ал толық сөз – форфордың Отаны.
Бұл қандай сөз? ( Китай)
• Нені
қолда ұстай алмаймыз? (суды)
Жүргізуші:
Сонымен, құрметті ойынға қатысушылар,
құрметті қазылар алқасы келесі ойынның
кезеңінен кейін ең аз ұпай алған оқушымен
қоштасамыз, соны естеріңізге салып
отырмын.
Ойынның келесі кезеңі:
«Тірі сұрақтар» атты кезең
( Алдын
ала видиоға түсіріп алған сюжеттерді
қосу: әр пәннің мұғалімі, немесе мектеп
директоры, немесе мектеп кітапханашы,т.б
өз сұрақтарын қояды) Мысалы:
Теледидар
арқылы, немесе интерактивтік тақтаға
қосқан сюжетте тарих пәннің мұғалімі
сұрақ қояды, қатысушылар мұқият тыңдайды
да жауап береді)
1 сұрақ – тарих,
2 сұрақ – әдебиет, 3 сұрақ – орыс тілі,
4 сұрақ- қазақ тілі, 5 сұрақ – биологи, 6
сұрақ – математика )
Жүргізуші:
Осы кезеңнен кейін кім ойыннан кетеді?
Құрметті қазылар алқасы мүшелері сіздер
шешесіздер- сіздерге сөз.
Сонымен,
5 оқушы қалды. Келесі ойынның
кезеңі:
«Ғажайып тоғыздық» атта
кезеңі
Құрметті сайыскерлер,
кестеде әр сұрақ ұпаймен белгіленген.
Сендер өздерің таңдап аласыңдар қандай
сұраққа жауап беруді, бастайық:
20
20 20
30 30 30
40 40 40
Сол
жақ
20 ұпай: қазақ тілі
«Құлагер»
атты аттың иесі кім? ( Ақан Сері)
30
ұпай: география
Ыссы –көл көлді
ашқан саяхатшыны атаңыздар (
Н.М.Пржевальский)
40 ұпай:
тарих
Париждің ең басты көшесі?
( Елисей алаңы)
Орта
20 ұпай:
химия
«Сделал он для химии
немало
Бойля опроверг как дважды
два.
Доказал – при окислении
металлов,
Сохранялась масса
вещества»
Бұл сөздер қандай ғалым
туралы және оның ашқан заңы? ( М. Ломоносов,
«закон сохранения массы веществ»)
30
ұпай: география
Бірінші компас
қашан және қай елде пайда болды? ( 3 мың
жыл бұрын, Қытайда)
40 ұпай: қазақ
тілі
Әнші-сазгер,жығылуды білмеген
атақты палуан, Жетісуда туғанымен,
Көкшетауда өмір сүрген, атағы сонда
шыққан. Ол кім? ( Балуан Шолақ)
Оң
жақ
20 ұпай: музыка
Тамаша
дауысы үшін кімді «қазақ бұлбұлы» деп
атайды? ( Б. Төлегенованы)
30 ұпай:
әдебиет
Бес арысқа кім кіреді? (
Шәкәрім, Ахмет,Міржақып,Жүсіпбек,Мағжан)
40
ұпай: тарих
4 мемлекеттік тіл бар
елді атаңыздар, олар қандай тілдер? (
Швецария: неміс,француз,итальян және
ретороманский)
Біздің
сайыскерлерімізге көп-көп рақмет дейміз,
құлағымыз қазылар алқасында, кіммен
қоштасамыз?
Қатарымыз азайып бара
жатыр. 4 оқушы қалды.
Сіздерге
келесі кезең – Полиглот кезеңі.
Сіздердің
мақсаттарыңыз – мақалды жалғастырып,
жауапты 3 тілде айту: орыс, қазақ, ағылшын
немесе неміс тілінде. Бастайық:
1.
Не имей сто рублей, а имей сто ... ( друзей,
достар, friends)
2. Без муки, нет ... (
науки, ғалым, scince)
3. Волка кормят
...( ноги,аяғы, ltgs)
4. Птицу узнают в
полете, а человека в ...( работе, жұмыс,
work, job)
5. Не плюй в колодец –
пригодиться .... напиться ( воды, су,
water)
6. Не спеши языком, торопись
... ( делом, жұмыс, business)
7. Сидит за
решеткой в темнице сырой,вскормленный
в неволе ... молодой ( орел, бүркіт,
eagle)
Сөзді қазылар алқасы мүшелеріне
беру: бір оқушы кетеді
«Қара жәшік»
атты кезеңі
Қара жәшікті сыныпқа
кіргізуге ұсынамын! ( Музыка, бір оқушы
жәшікті кіргізеді)
Сіздердің
мақсаттарың, мына қара жәшікте не
жатқанын ойлап, тауып алу.
Тыңдаңыздар:
Саяхатқа бармай осы
заттан бүкіл әлем туралы білуге болады.
Бірақ бұл зат әр түрлі тақырыптарға
арналған болады: біреулері әр елдің
тарихын ашады, біреулері махаббат туралы
болады, ал үшіншісі бір оқиғалар туралы
болу мүмкін. Сонымен, әр түрлі білім не
арқылы алуға болады? ( Кітап)
Міне,
соңғы кезеңге де қол жетті, қазір кіммен
қоштасамыз? Сөз қазылар алқасына
беріледі.
Ойынның ең күрделі
кезеңі «Шешен» кезеңі ( Тақырып алдын
ала оқушыларға белгілі, бірақ кім осы
пікірді қолдайды, кім қолдамайды екенін
жребий арқылы ажырату болады.
Тақырып
та әртүрлі болу мүмкін. Мысалы: Латын
алфавитіне көшу керек пе, керек емес
пе?
Оқушыларға бір-екі минут
дайындыққа беріледі, ол кезде бір дарынды
оқушылардың біреуі өз өнерін көрсетеді:
мүмкін ән шырқайды немесе би
билейді.
Жүргізуші: Сөзді
оқушыларға береміз, кім өз пікірін жақсы
қорғайды, дәлелдей алады?
«Шешен»
кезеңі
Ойынның аяқталуы: қазылар
алқасының шешуі, жеңімпаздарды құттықтау,
марапаттау
Интеллектуалдық ойын 7-8 сыныптар
"XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ"
Ковыленка негізгі мектебі
Өткізген: тарих пәні мұғалімі: Жантасова А.Б 2014-2015 оқу жылы
1 жүргізуші:
Армысыңдар, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар.
Бүгінгі біздің сайысқа қош келіпсіздер!
Сіздермен бірлесе отырып «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» атты ойынымызды бастауға рұқсат
етіңіздер.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе біздің ойынымыздың шартын түсіндіре кетсек.
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
2 жүргізуші:
1 кезең "Бәйге"
Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып қолын көтерген оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса келесі оқушы жауап бере алады,одан кейінгі жауаптар қабылданбайды .Әр жауап 10 ұпайдан есептеледі. Ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығарылады.
1 жүргізуші:
2 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 бал беріледі. Толық жауапқа 5 бал. 2 кезеңде ұпайы аз оқушы келесі 2 кезеңге өте алмайды.
2 жүргізуші:
3 кезең «Ғажайып жетілікте» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол ұпайлық жүйе беріледі.
1 жүргізуші:
4 кезең «ҚИЯЛ ӘЛЕМІ»
А)
«Тәуелсіз Қазақстанның ертеңі мен
бүгіні», «Қазақстан»
5
кезең «Жорғада» ұпайы
жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі.
«Жорға» ережесі
бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.
Ойын толық, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
2- жүргізуші:
Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.
1-жүргізуші:
«Батылдық- балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі- ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды ортаға шығарайық. Ойынға 5 оқушы қатысады.
2 жүргізуші:
Ендігі кезек әділқазылар алқасы.
1. __________________
2. __________________
1- жүргізуші:
Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шындарға биік қоңғайсың демекпіз.
Ал жас қырандар 1- тур. «Бәйге» турын бастаймыз.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
1 кезең "БӘЙГЕ"
1.Нөл
температурада су неге айналады? (мұзға)
2.Галстук қай жерден шықты? (Англия)
3.Ең
кіші планета ? (Меркурий)
4.“Оянған өлке” романының авторы.
(Ғ. Мүсірепов)
5.Мүсылманша жыл басы /22 наурыз/
6.Бурабай көлі қай облыста? /Солтүстік Қазақстан/
7.Қыста ауа райы қандай болады? /суық/
8.Жылқы, түйе, сиыр, қой-ешкі бір сөзбен қалай аталады? /төрт түлік/
9.Түйе сүтінен не әзірлейді? /шұбат/
10.«Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында? /Ш.Айманов/
11.«Көксерек» әңгімесіндегі басты кейіпкер кім? /Құрмаш/
12.Бір жылда неше жыл мезгілі бар? /4/
13.Бір жылда неше күн бар? /365/
14.Қазақстан тәуелсіздігіне неше жыл толды?
15.«Мүғалім» сөзінің синонимі /¥стаз/
16.Қазақ
тіліне қай жылы мемлекеттік мәртебе
берілді? (1989)
17.¥лы Отан
соғысында даңқты қолбасшы болған жазушы,
Кеңес Одағының батыры (Бауыржан Момышұлы)
18.Қазақтың тұңғыш академигі, геолог-ғалым. (Қ.Сәтбаев)
19.Қазақ халқы Жаңа жылды қашан тойлайды? (22 наурыз)
20.16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
21.Ата Заң күні (30 тамыз)
22.Б.Майлиннің әңгімесінде қандай діни мейрам туралы жазылған? (Құрбан айт)
23.¥ста деп кімді атайды? (Темірмен айналысатын адамды)
24.Киім тігетін адамдарды қалай атайды? (тігінші)
25.Шаңырақ, кереге, уықты неден жасаған? (ағаштан)
26.Қазақтың тұңғыш саяхатшысы./Ш.Уалиханов/
27.Сүйінбайдың
ізін жалғастырушы, шәкірті болған
ақын./Жамбыл/
28.Балалар
әдебиетінің атасы. /Ы.Алтынсарин./
29.Қазақстанның тұңғыш президенті.
/Н.Назарбаев/
30.Абайды
әлемге танытқан жазушы. /М.Әуезов/
31.Бала алғаш қадам басуға талпынғанда
жасалатын салт-дәстүр. Тұсаукесер/
32.Қандай ұлттық ойындарды білесің?
/көкпар, бәйге, күрес, аударыспақ, теңге
алу т.б/
33.Ұлыстың ұлы күні
жасалатын тағам. 40 ұпай. /наурызкөже/
34.Сәукелені желегімен кім, қай
уақытта киген. 50 ұпай. /Жаңа түскен
келін./
35.Киіз
үй неден тұратынын белгіле. шаңырақ,
уық, кереге
36.Әбілхан
Қастеев- кім? Суретші
37.Бауыржан Момышұлы-кім? Батыр, жазушы
38.Тұңғыш қазақ ғалымы? Шоқан
39.Қазақстандағы ең тұщы көл? Марқакөл
40.Әнұранның авторы? Ж.Нәжімеденов,
Ш.Қалдаяқов. Н.Назарбаев
2-жүргізуші:
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құрқарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.
1- жүргізуші:
«Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілдің құрметте»- деп Қ.Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.
2 кезең "Полиглот"
«Жеті
тілді білсең, бар әлемді билейсің» деп
бекер айтылмаған болар.
Осы кезеңде,
сіздердің назарларыңызға мақал-мәтелдер
беріледі. Керекті сөздің орнын тауып,
үш тілде аудармасын табу керек. Кім
жылдам, әрі тез болса сол оқушы табысты
болады.
Келді
кезек жұмбақты шешуге
Жауаптарын
беруге үш тілдерде
Қазақ,
Орыс, Ағылшынды білсеңіз
Жақсы
баға шәкірт саған несібе
Жасырылған
жұмбақтардың жауабын қазақ, орыс, ағылшын
тілдеріне аудару
керек.
1. Атпаз көрген ат таныр,
Ұстаз көрген .......... таныр. (хат-письмо-letter)
2.
Сөз ..... өтеді. (сүйек-кость-bone)
3.
Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің .... тәтті. (нан-хлеб-bread)
4.
Жаман сиыр .....
бұзаулайды. (жаз-лето-summer) 5.
........ алланың
сыйлығы. (ақыл-ум-clever) 6.
Өнерлі өрде озар,
Өнерсіз
............ соғар. (жер-земля-land)
7.Гүл
өссе – жердің көркі, . . . өссе –
елдің көркі (қыз-девушка-
)
8.
Ел іші – алтын ... (бесік
– колыбель -
)
9. .... - үлкен мектеп (Өмір
– жизнь-)
10....
– алтын қазына (
тіл – язык-)
11....
– отбасынан басталады (отан
– родина-)
12...
– ақылдың көркі (Білім
– знание -)
13
... - білім бұлағы (оқу
- учеба)
14.
... – ғылым – тілсіз мұғалім ( кітап
– книга-)
15....
алды – қызық тіл (өнер
–
искусство-)
16. Білімді өлсе, Қағазда ... қалар (есімі-
имя -)
-
Қорытынды
жасаймыз.
2- жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын. Білімдірек шәкірт озар, Қиынырақ сұрақ болсын
3 кезең "Ғажайып жетілік"
Бірінші турда жиналған ұпай екінші турда сақталады. Екінші турда мектеп бағдарламасына сай
6
пәннен сұрақтар қойылады.
тарих
10 20 30 40 50 60
информация 10 20 30 40 50 60
биология 10 20 30 40 50 60
қазақ тілі 10 20 30 40 50 60
қазақ әдебиеті 10 20 30 40 50 60
география 10 20 30 40 50 60
ТАРИХ
10. Қазақстанның бас қаласы. /Астана/
20. Қазақстанның мемлекеттік тілі. /қазақ тілі/
30.Қазақстан неше мемлекетпен шекаралас? /51
40.Астана қай өзеннің бойында орналасқан? /Есіл/
ИНФОРМАТИКА
10. Аты бар байттар тізбегі? (файл)
Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
20. Дүниежүзілік желі? (интернет)
Windows дегеніміз не? (операциялық жүйе)
30. Зиянкес программа? (вирус)
Келесі жолға өту пернесі? (enter)
40. Өшірілген файлдар қайда сақталады? (себет-корзина-basket)
Адам ақпаратпен не істейді? (1. сақтайды, 2. жеткізеді, 3. өңдейді).
Биология
10. Адамның
дене жасушаларындағы хромосома
саны (46)
20. Лейкоциттер
түзілетін жер
(Көк
бауырда, жілік кемігінде, лимфа
түйінінде)
30. Мидың
қан тамырлары тарылса (Бас
айналады)
40. Ең алғаш жасушаны ашқан ғалым ( Р.Гук)
ҚАЗАҚ ТІЛІ
10. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? /10/
20. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар? /3/
30. Қазақ тілінде неше септік бар? /7/
40. «Мен, сен, ол» есімдіктің қай түріне жатады? /жіктеу/
Қазақ әдебиеті:
10- Қазақ балаларына тұңғыш мектеп ашқан ағартушы кім? (Ы.Алтынсарин)
20- Абай Құнанбайұлының неше қарасөзі бар? (45)
30- «Көксерек», «Абай жолы» шығармаларының авторы кім?(М.Әуезов)
40- Атақты ақын, ағартушы-педагог, аудармашы, қазақ әліпбиінің негізін қалаған
тілші ғалым. (А.Байтұрсынов)
География пәні
10 ұпай - Қазақстандағы ең тұщы көл? Алакөл
20 ұпай – «Екінші Швецария» атанған жер? Бурабай
30 ұпай – Қазақстанда неше қорық бар? 10 қорық
40 ұпай – Арал теңізінің қасындағы қорық? Барсакелмес
4
кезең «ҚИЯЛ ӘЛЕМІ»
Ойыншыларға
тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес
қызықты әңгіме құрастыру керек. 3 минут
уақыт беріледі.
А)
«Тәуелсіз Қазақстанның ертеңі мен
бүгіні», «Қазақстан»
1-жүргізуші:
Білімнің ұшқырлығын
танып сен,
Асыл тасып, асықпа,қалыспа
сен.
Уақыт деген зымырап, зулап
жатыр,
Шапшаңдық
бұл сайыста керек
екен.
Жанкүйерлерге
сұрақтар:
1.Қазақтың
ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)
2.
«Дружба» сөзінің қазақшасы қалай?
(достық)
3.Халқаралық тіл
(ағылшын)
4.Экология апатқа ұшыраған
теңіз (Арал)
5.Бала дәрігері
(педиатор)
6.Астана қаласының символы
(Бәйтерек)
7.Мұсылмандар діні (Ислам)
8.
Жаздан кейін не келеді? (күз)
9. Бір
жылда 12 не бар? (ай)
10. Наурызда
пісірілетін тағам? (наурызкөже)
11.
Солтүстік Қазақстанның бас қаласы
(Петропавл, Қызылжар)
12. Қазақтың
ішекті аспабы (домбыра)
13. Христиандардың
ең басты мерекесі қалай аталады?
(пасха)
14.Қазақ алфавитінде неше әріп
бар? (42)
15. Қазақ қыздарының ұзатылғанда
киетін бас киім (сәукеле)
Бұл кезеңде
өз мәресіне жетті. Ендігі, сөз әділқазылар
алқасынының назарына
беріледі.
Бұл сайыта ең үздік деген екі оқушы
алдыға шығады.
V
кезең - «Жорға»
1- жүргізуші:
Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.
Жоғары, жоғары, жорғала
Шапшаңдыққа таң қал ма.
Ойын деге нарталас,
Жеңілемін деп ойлама!
Ең үздік деп аталған екі оқушымызға қол шапалақтап, демеу берейік!
Алдымен, ұпай аз оқушыдан бастап, сұрақтар қойылады.
1.«Қазақ» газетін шығарған кім? Байтұрсынов
2.Тұңғыш қазақ оқулығын ата? «Қазақ хрестоматиясы»
3.Тұңғыш қазақ әліппесін жазған кім? Байтұрсынов
4.Қай ханның тұсында «Жеті жарғы» заңы жасалды? Тәуке хан
5.Алакөл шайқасына қатысқан батыр? Қабанбай
6.Тұңғыш қазақ көркем фильмі қай жылы түсірілді? 1938
7.«Алтын Адамды» тапқан кім? Кемел.Ақышев
8.Ж.Жабаевтың өмір сүрген жылдары? 1946-1945
9. Шоқанның өмір сүрген жылдары? 1835-1865
10 Тұңғыш қорық? «Ақсу-Жабағылы»
11.Шешендік өнер нешеге бөлінеді? 3-ке
12. Әйтеке бидің шын аты? Айтық
13. Орта жүздің биін ата? Қазыбек би
14. Алғашқы деректі фильмдер қай жылдан бастап түсірілді? 1938 жыл
15. Еділ есімі тарихта қалай аталып кеткен? Атилла
16. Тәуке ханның тұсындағы үш жүздің биін ата? Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би
17.Шоқанның шын аты? Мұхамедханафия
18.Абайдың шын аты? Ибраһим
19.Қазақстанның астаналары? ОрынборҚызылорда Алматы,Астана
20. Қазақстан Республикасының мемлектеттік рәміздері қабылданған жыл? 1992 жыл 4 маусым
Екінші оқушының сұрақтары:
1.«Кел, балалар, оқулық!» өлеңінің авторы . Алтынсарин
2.Астанаға дейінгі Қазақстанның астанасы . Алматы
3.Жәңгір ханның хан болып, тарихта қалған баласы. Тәуке
4.Қазақстандағы ең терең көл. Алакөл
5.Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр. Қошқарбаев
6.Қазақстанның оңтүстік шығысында және шығыста шектесетін ел. Қытай
7. «Қазакфильм» киностудиясы кімнің атында екенін белгіле. Айманов
8. Ұлы жүздің төле биі. Төле би
9
.Қазақтың батыр қыздары. Маметова,
Молдағұлова
10. Қожа Ахмет Йассауи
кесенесін салдырған адам. Ақсақ Темір
11. Алматы және Талдықорған өңірлерінің
атауы. Жетісу
12. Көмір өндірілетін жер. Қарағанды
13.
.«Қазақстан бұлбұлы» атанған әнші.
Б.Төлегенова / К.Байсеитова
14.
Құрманғазы Сағырбайұлының шығармалары.
«Сарыарқа»
15. « Невада-Семей»
қозғалысының басшысы. О.Сүлейменов
16.«
Е.Г. Брусиловскийдің жазған операсы.
«Қыз Жібек»
17. Қазақстанның ең
алғашқы астанасы. Орынбор
18. Соңғы
Конституцияның шыққан жылы. 1995
19 Қазақстан тәуелсіз республика болып
жарияланған жыл.
1991
20. Қазақстан облыстарының саны. 14
1- жүргізуші:
Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Әділ жауабын беріңіздер!
Жеңімпазды анықтап, марапаттау.
2-жүргізуші:
Бүгінгі көріп тамашалаған интеллекуалды шоу «ХХІ- ғасыр көшбасшысы» ойыны мәресіне
жетті.
Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.
Ғылымның
сырын ұғына,
Шығыңдар
білім шыңына.
Ұқыптылық пен
зеректік,
Жеткізер
сіздей өренді.
Жеңістің , биік шыңына,
- дей келе сайыскерлерімізге сәт- сапар
тілейік.
Мәдениет
саласы бойынша
10 ұпай – Парижде «Ағаш аяқ», «Жалғыз арша» әндерін орындаған әнші? Әміре Қашаубаев
20 ұпай – Тұңғыш көркем фильм? Амангелді
30 ұпай - Тұңғыш спектакль? Еңлік –Кебек
40 ұпай – Алғашқы қазақ балеті? Қалқаман- Мамыр
50 ұпай - Тұңғыш қазақ балеті қай жылы қойылды? 1938 жыл
Спорт
саласы бойынша
10 ұпай – Қазақ халқының ұлттық ойыны? Тоғызқұмалақ
20 ұпай - Спорт алғашқы қай елде пайда болды? Грекия
30 ұпай – Күрестен олимпиада чемпионы? Жақсылық Үшкемпіров
40 ұпай – Сидней олимпиадасының чемпионы? Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибрахимов
50 ұпай – Күрестен әлемнің екі дүркін чемпионы? Дәулет Тұрлыханов
Музыка
саласы бойынша
Құрманғазыдан бата алған күйші? Дина Нұрпейісова
Ішекті аспаптарды ата? Домбыра, қобыз, сазген, жетіген, адырна.
Қазақ музыкалық аспаптары нешеге бөлінеді? 4 – ке бөлінеді.
«Музыканың ұлы кітабы» атты еңбек кімдікі? Әл –Фараби
Е. Г. Брусиловскийдің жазған операсы? Қыз-ЖібекЖанкүйерлерге сұрақтар:
1.Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)
2. «Дружба» сөзінің қазақшасы қалай? (достық)
3.Халқаралық тіл (ағылшын)
4.Экология апатқа ұшыраған теңіз (Арал)
5.Бала дәрігері (педиатор)
6.Астана қаласының символы (Бәйтерек)
7.Мұсылмандар діні (Ислам)
8. Жаздан кейін не келеді? (күз)
9. Бір жылда 12 не бар? (ай)
10. Наурызда пісірілетін тағам? (наурызкөже)
11. Солтүстік Қазақстанның бас қаласы (Петропавл, Қызылжар)
12. Қазақтың ішекті аспабы (домбыра)
13. Христиандардың ең басты мерекесі қалай аталады? (пасха)
14.Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)
15. Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киім (сәукеле)
«Қазақ» газетін шығарған кім? Байтұрсынов
Тұңғыш қазақ оқулығын ата? «Қазақ хрестоматиясы»
Тұңғыш қазақ әліппесін жазған кім? Байтұрсынов
Қай ханның тұсында «Жеті жарғы» заңы жасалды? Тәуке хан
Алакөл шайқасына қатысқан батыр? Қабанбай
Тұңғыш қазақ көркем фильмі қай жылы түсірілді? 1938
«Отырар сазы» оркестірін ұйымдастырушы? Н.Тілендиев
Бейнелеу өнерінің негізін салушы? Ә.Қастеев
Әбділда Ақшораев кім? тоғызқұмалақ ойынынан республика чемпионы
«Алтын Адамды» тапқан кім? Кемел.Ақышев
Ж.Жабаевтың өмір сүрген жылдары? 1946-1945
Шоқанның өмір сүрген жылдары? 1835-1865
Тұңғыш қорық? «Ақсу-Жабағылы»
Шешендік өнер нешеге бөлінеді? 3-ке
Әйтеке бидің шын аты? Айтық
Тұңғыш ұлттық театрдың режиссері кім? Жұмат Шанин
Орта жүздің биін ата? Қазыбек би
Алғашқы деректі фильмдер қай жылдан бастап түсірілді? 1938 жыл
Еділ есімі тарихта қалай аталып кеткен? Атилла
Тәуке ханның тұсындағы үш жүздің биін ата? Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би
Екінші оқушының сұрақтары:
Шоқанның шын аты? Мұхамедханафия
Абайдың шын аты? Ибраһим
Қазақстанның астаналары? ОрынборҚызылорда Алматы,Астана
Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясын зерттеген ғалым? Сауранбаев
Көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеген ғалым? Айдаров
«Диуани луғат-ат-түрік» кімнің еңбегі? М.Қашғари
Зергерлік бұйымдарды ата? Сақина, білезік, алқа, жүзік, шолпы, белдік,сырға, қапсырма
Тұңғыш қазақ академигі? Сәтбаев
Қазақстан Республикасының мемлектеттік рәміздері қабылданған жыл? 1992 жыл 4 маусым
Сақталмаған қалалар? Отырар
Йасы деп ІХ-Х ғасырларда қай қала аталды? Түркістан
Түркістанның бұрынғы атаулары? ІV-Х Шабғар, ІХ-Х Йасы,ХV Түркістан
Конституция неше баптан тұрады? 98
Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алған жыл? 1989
«Тіл құрал» оқулығының авторы? Байтұрсынов
Астана қаласының жанындағы қорық? Барсакелмес
Тұңғыш қазақ журналын ата? «Айқап»
«Шахмат алғаш рет қай елде пайда болды? Үндістанда
Әміре Қашаубаевтың туған жері? Абыралы
Алматы қай жылдары Қазақстанның астанасы болды? 1927-1997
1- жүргізуші:
Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Әділ жауабын беріңіздер!
Жеңімпазды анықтап, марапаттау.
2-жүргізуші:
Бүгінгі көріп тамашалаған интеллекуалды шоу «ХХІ- ғасыр көшбасшысы» ойыны мәресіне жетті.
Зейін
қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз
шексіз.
Әділ-қазылардың
назарына!
1
кезең Бәйгеде сұрақтар
берілген, оған бірінші болып таяқшаны
көтерген оқушы жауап береді. Егер де ал
жауап бере алмаса, келесі таяқшаны
көтерген оқушы жауап бере алады. Әр
жауап 3 ұпайдан есептеледі. Кезеңнің
соңында Ұпайы аз екі оқушы ойыннан
шығарылады.
2 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір ұпай беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 ұпай беріледі. Толық жауапқа 5 ұпай.
1жүргізуші:
3 кезең «Ғажайып жетілікте» оқушылар әр тор көзден өзі білемін деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол ұпайдық жүйе беріледі.
1 жүргізуші:
4 кезең «Қиял әлемінде» Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек.
1
жүргізуші:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген